Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат


“Отбасы татулығы бағдарламасының” негізгі бағыттары



бет3/5
Дата11.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#7146
түріЛекция
1   2   3   4   5

2. Отбасы татулығы бағдарламасының” негізгі бағыттары;


3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттілігі;
Мақсаты: Студенттерді отбасы татулығы бағдарламасының мақсатымен міндеттерімен, негізгі бағыттарымен таныстыру.
Лекция мәтіні:

1. Бала және отбасының үйлесімділігі дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көрету арқылы, өмір сүру деңгйін бал мен отбасында жақсарту;

2. Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу;

3. Жеке отбасы және оеың әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және дифференциялды ықпалды қаматамсыз ету;

2. “Отбасы татулығы бағдарламасы” бала және ата-ана, жалпы отбасымен тұтас жұмыс жасауға арналған.

Ата-ана қамтамасыз ететін тәрбие жағдайы және әр балаға жекелік және дифференцияланған ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып табылады.

Ұсынылған бағдарлама отбасының және оның жеке мүшелерінің психологиялық диагностикасы; отбасылық кеңес беру; жас ерекшелік және отбасылық психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коорекция; отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коорекция; ата-ананың тұлғалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті дамыту және қалыптастыру; отбасы мүшелерінің психологиялық сауаттылығы; психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-психологялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.

Жалпы сағат саны – 240, олардың ішінде ата-анамыен жүргізілетін психологиялық жұмыс үшін – 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат. Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.

Бағдарлама екі бағыттан тұрады:

1) Тұрақты қызмет ететін жоба “Баланың жеке басын дамыту мектебі”



2) Тұрақты қызмет ететін жоба “Ата-аналар мектебі”


“БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ДАМЫТУ МЕКТЕБІ”



“АТА-АНАЛАР МЕКТЕБІ”

“Отбасы татулығы бағдарламасы” бағыттары 5 бөлімнен тұрады



1. Психологиялық диагностика.

Топты психологиялық зерттеу, жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлері (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуына белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коорекциялық жұмысын “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебі” тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес шараларының тиімділігін нақтылауда қажет.

2. Психологиялық коорекция.

Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.

Психологиялық коорекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.

3. Психологиялық ағарту.

Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстар жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коорекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.

Ата-анада психологиялық сауаттылықты дамыу, баланың жас және жекелік-психологиялық ерекшлеіктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды.

4. Психологоиялық кеңес беру – психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады.

5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:

- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;

- баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;

- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында “қиындықты” түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;

- баланың жеке абс дамуында зияндық сипат: психлогиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді;

Алдын алу жұмыстарының түрлері:



  • Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгреуі психикалық бұзылыстың алдын алуға негіз болады.

  • Стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді;

“Отбасы татулығы қызметінің” мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында тлық көрсетілген.

3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі

Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-ананың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпартты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасының қалыптасуын алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.

Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:

1. Баланы психологиялық қолдау;

2. Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары;

3. Отбасы татулығын сақтау жұмыстары;

Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мекебі” және Шымкент қаласындағы отбасына қолдау көрсету психологиялық орталықтарының негізгі қызметі болып

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы татулығы бағдарламасының негізгі қызметімен мақсат, міндеттері?

2. Отбасы татулығы бағдарламасының бағыттары?

3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттілігі?

4. Алдын-алу жұмыстарының түрлері?

5. Отбасы татулығы қызметінің мазмұны?


19 лекция

Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама

(1 сағат)

Жоспары:

1. Мақсаттары және міндеттері;

2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары;

3. Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі

4. Отбасының әлеуметтік мәні.
Мақсаты: Отбасы татулығы қызметінің негізгі ұстанымдары мен этикалық қалыптарымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Мақсаты және міндеттері;

  • Бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;

  • Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;

  • Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;

  • Баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады;

2. Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты “Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы” еңбегінде қарастырылған.

Отбасы жұмысында қажетті жаңалықтар:



  • Отбасы-бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкіндік орын;

  • Бала үшін туған отбасы, діңгек болып табылады, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсіздікті жоюға, алдын алуға бағытталады;

  • Әрбір жағдайдың бірегейлігі кез-келген ойдан хабар береді, соындықтан көмек беруге икемділік қажет;

  • Серіктестік - өзара әрекеттестіктің барлық жағының негізгәі ұстанымы;

  • Қызметтің мобильділігі – отбасымен жұмы жасаудың бірінші нәтижесі;

“Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебінде” психологтың негізгі этиклық қалыптарына келесілер кіреді:

  • құзырлылық – психолог маман иесі отбасында, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандарта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған сналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;

  • нақтылық және кәсіби жауапкершілік. өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік ролдерін нақты ажыратып, соған сәйкес қызмет атқарады.

  • адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коорекциялық шараларды жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және ролдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушліктерді жедел анықтап отырады.

  • айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.

  • әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.

Аталған ұстанымдары ескерілуі “Баланың жеке басын дамыту” және “Ата-аналар мектептерінде” жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.

Психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Ғалымдардың барлық категориялары үшін маңызды болып табылатын (экспериментальды мәліметтерді жинақтаудағы ғылыми шындық пен әдептілікті сақтау, тексерілмеген мәліметтер негізінде шыққан шұғыл шешімдерді, бөгде адамдардың зерттеу нәтижелері мен көзқарастарын меншіктенуден бас тарту т.б.) әртүрлі этикалық талаптар мен қағида, ережелермен қатар, психолог зерттеу жүргізу барысында зерттелінушінің жекелік қадір-қасиетін, олардың қызығушылықтарын кемсітуші немесе нұқсан келтіруші әдістерді, техникаларды, рәсімдерді қолданбауы қажет.

ХХ ғасырдың аяғында педагогтар мен психологтар үшін маңызды болып табылатын жаңа құбылыс келді. Педология кетіп оның орнына практикалық психология келді. Біраз жылдар өтеннен соң өздерін практик психолог деп атап спецификалық қызметтерін ұсынды. Ол қызметтер баланың оқуға даярлығын анықтау; бизнес жоспарларды психологиялық қамтамасыз ету; кәсіп иелерінің психологиялық сипаттамасымен олардың үйлесімділігін болжау т.б. Бұлар кімдер? Олардың әлеуметтік статустары мен қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны қандай? Индивидуалды және әлеуметтік өмірге әсер ету үшін қандай құқықтарға негізделіп жауапкершілікті мойнына алады?

Адамның “Мен-концепциясы” деңгейінде өз кәсіби әрекеттеріне шектеулер де қойылады. Мысалы:өзіне немесе басқа адамдарға “Мен мұны істей аламаймын, қолымнан келмейді, нашар істеймін немесе біреудің көмегімен ғана емес кәсіби жауапкершілік аумағы да, сондай-ақ “істей алмаймын „ дегенді болдырмауды жоюды кәсіби жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер де жатыр.

Ғасырдың басындағы психолог мамандығының ипайда болуы оқу және еңбек әрекетінде адамдардың индивидуалдылық ресурстарды қолданудыңяғни адам жақсы оқуы және жақсы жұмыс істеуі қажеттілігіндегі, әлеуметтік міндеттермен байланысты болды. Ал бұл еңбек психологиясы тарихымен оқыту психологиясы тарихында жалғастырылып көрсетілді. Соңында психологиялық білімдердің жаңа саласы индивидуалды айырмашылықтар психологиясының пайда болуына жағдай жасады.

Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамаларының бьірінен жұмыс істей бастады.

Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Еңбек адамдарының еңбек сферасындағы адамгершілік қатынастарының кәсіби этика реттеп отырады. Қоғам материалды және құндылық өндірісінің үздіксіз процесі нәтижесінде ғана дұрыс қызмет етіп, дами алады.

Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері болып табылыды.

Кәсіби этика мыналарды зерттейді׃

- ұжымның еңбек қатынасын және әрбір маманның жеке қатынасы׃

- кәсіби міндетін жақсы орындауды қамтамасыз ететін маманның адамгершілік қасиеттері;

- кәсіптік ұжымның ішкі өзара қатынасы және дәл сол кәсіпке тән спецификалық адамгершілік нормалар

- кәсіби тәрбиелеу ерекшеліктері.

Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:

1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;

2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);

3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;

4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;

5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ ) т.б;

Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.

Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.

Инновациялық портал жұмысының мақсаты:

Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.

3. Қазіргі таңда отбасымен жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы мәселе қатаң қарастырылуда. Отбасылық психологтың білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына қойылатын жеке талаптары бар.

Өз іс - әрекетінде маман иесі психотерапияның стратегиясын құруға және өзіне бағыт – бағдар болатын нақты теориялық түсініктер жүйесінің мазмұнына сүйенуі қажет. Бірақ бұл психологтың интуициялық, шығармашылық мүмкіндіктерінің ролін шектемейді, керісінше, оның іс - әрекетіне нақты болжам жасауға және бақылампаздығының мазмұндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген мамандар отбасының толық құрамымен жұмыс істеуден қашқақтайды, өйткені келеңсіздіктер мен қобалжуды сезінеді.Нақты теориялық бағыттар маманға өз - өзін сенімді ұстауға көмек береді.

Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез – құлықтары мен қарым – қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі . Отбасылық психотерапевт отбасы ішіндегі қарым – қатынасты талдай білуі үшін жан – жақты әрі терең теориялық базамен қарулануы қажет. Жүйелі түсініктер сонымен қатар сипаттау мүмкіндіктеріне ие болады. Басқа түсініктер маманның диагностикалық мүмкіндіктерінің шегін қысқартады. Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым – қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез – құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет.

Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.

Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым – қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым – қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін тарлатады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.

Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез – құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез – құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.

Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады.Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.




Отбасы мен қоғамның өзара қатынасы



Отбасы жүйесінің ерекшеліктері


Жеке психикалық ерекшеліктер

(тұлға теориясы)


(Отбасылық жүйелік түсініктер)



(Әлеуметтік құрылымдық теориялар)


4. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.

Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.

Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.

Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.

Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.

Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер –отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б.

2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.

3) отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.

Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.

Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу.

Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.

Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары – мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.

Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.

Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.

Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.

Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.

Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.

Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.

Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.

Ерлі – зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда – некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.

Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.

Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.

әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.

Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.

Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.

Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.

Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:

жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;

некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.

Неке өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік, субъектитік сезімге қанағаттану; ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына тоңуы, балаларды қатылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру, т.б.

Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.

Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.

Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.

Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.

Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.

Бақылау жұмыстары:

1. Отбасындағы психологиялық сауаттылық мақсаты?

2. Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар?

3. Қызметтің мобильділігі дегеніміз не?

4. Құзырлылық ұғымының мәні мен мағынасы?

5. Адам құқығы және абыройын құрметтеу?


20 лекция

Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны

(1 сағат)

Жоспары:

1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі”

2. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” мақсаттары мен міндеттері

3. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” іс-әрекет мазмұны мен бағыттары
Мақсаты: Баланың жеке басын дамыту мектебінің мақсаты мен міндеттері, іс-әрекет мазмұны мен бағыттарымен таныстыру.
Лекция мәтіні:

1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” 2003 жылы ОҚФ РҚБ “Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясының ” қызметкрлері (2007ж-ОҚФ ҚБ “Қазақстан психологар ассоциациясына” ауыстырылғаннан кейін) “Баланың жеке басын дамыту мектебі” ұйымдастырылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты-тәрбиелеу жағдайында баланың жеке бас даму ерекшеліктерін, қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсету.

Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық Институты психологтары 2007 жылы Қазақ психологтары ассогциациясы мамандарымен бірлесе отырып “Баланың жеке басын дамыту мектебі” жұмысының тәржірибелерін жүйелеп жалпылады, сонымен қатар баламен психологиялық және психотерапевтік жұмыстар нәтижесінде отбасылық қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді.

Сабақтар келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс психотерапиясы, денелік-жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт-терапия және т.б.

2. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресурстарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.

Негізгі міндеттер:



  • бала мен ата-анасына қатынасына психодиагностика және психокоррекция;

  • тұлға жекелік ерекшелік мәселесіне психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);

  • тиімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;

  • жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;

  • жас ерекшелік дағдарыстың алдын алу;

  • соққыдан кейінгі стресстік бұзылыс психотерапиясы;

  • денелік зорлық психотерапиясы;

  • шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру;

  • әдептілік іс-әрекетінің қалыптасуы;

  • қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту;

  • көсемдік қабілетімен сенімділікті дамыту;

  • мектепте оқуға психологиялық даярлық;

  • оқу іс-әрекет мотивациясы және танымдық белсенділікті дамыту;

  • таным процестерді дамыту (есте сақтау, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);

  • арнайы және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • қызығушылық пен қабілеттің негізінде, кәсіби деңгейде өзін-өзі анықтау;

  • баланың қабілеті мен жекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету үлгісін қалыптастыру;

3. “Баланың жеке басын дамыту мектебінде” түрлі тренингтік бағдарламалар жүргізіледі:

1. “Жоғары деңгей” – бағдарлама 10-13 жастағы жеткіншектерге арналған. Оның бағыттары төмендегідей:



  • Баланың жеке бас ерекшелігіне психологиялық диагностика және коорекция;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;

  • Жас кезеңдік дағдарыстың алдын-алу;

  • Қажетті тұлғалық және іскерлік сапаларды дамыту;

  • Қақтығыстық жағдайдағы рационалды мінез-құлықты, іс-әрекет үлгісі ме тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • Танымдық қабілеті дамыту (ес, зейін, ойлау, қиял);

  • Психо-эмоционалдық қысымды түсіру және алдын-алу;

2. “Менің” “Мен” әлемінде – бағдарлама 14-16 жастағы жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған. Оның бағыты төмендегідей:

  • Жеке бас даму ерекшелігіне психологиялық диагностика мен корррекция;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;

  • Жас ерекшелік дағдарыстың алдын-алу;

  • Көшбасшылық қасиеттерін дамыту;

  • Құрдастары, ата-ана, қарама-қарсы жыныс өкілімен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға көмек көрсету;

3. “Менің болашағым” – бағдарлама 17-20 жас – ұлдар және қыз балаларға арналған. Оның бағыты төмендегідей:

  • Өзінің өмірлік жағдайын, адамгершілік қатынастарын анықтау, өзін-өзі тану;

  • Қақтығыстарды болдырмау дағдылары мен коммуникативті іскерлікті жетілдіру;

  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;

  • Өмірде өз орнын табу, тұлғалық жетілу;

  • Тұлға ерекшеліктеріне психологиялық диагностика және коррекция;

  • Бала ата-ана қатынасына пихологиялық диагностика және коррекция;

  • Болашаққа мақсат қою және оған жету жолдары;

4. “Дамудағы үйлесімділік” – 7-9 жастағы балаларға арналған. Бағжарламаның негізгі мазмұны:

  • Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;

  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;

  • Бейімделу қабілетін дамыту (ашықтық, ұжымда, құрбы-құрдастарымен жұмыс істей алу іскерлігі);

  • Жекелік ерекшеліктерге коррекция жүргізу (қорқыныш, мазасыздық, агрессивтілік, өз-өзіне деген сенімсіздік);

  • Табысты оқу үшін қажетті қасиеттерді дамыту;

  • Таным процестерін қалыптастыру және дамыту (ес, зейін, ойлау)

5. 7-9 жастағы балалардың қабілеттерін дамытуға арналған бағдарлама.

  • Мектепке бейімделу;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция;

  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;

  • Тұлғалық аймаққа психологиялық диагностика мен коррекция;

  • Танымдық қабілеттерді дамыту;

6. “Өмір атты мемлекетке саяхат” – 3,5 – 4,5 жастағы балаларға арналған. Бағдарлама негізі:

  • Қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуы және дамуы;

  • Тұлға ерекшлеіктерін психологиялық диагностика және коррекция;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;

  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;

  • Еркін іс-әрекеттің қалыптасуы, шығармашылық қиялды дамыту;

  • Адамгершілік түсінігінің қалыптасуы;

  • Баланың қоршаған орта туралы білімін кеңейту;

  • Мінез-құлықтың жағымсыз жақтарына коррекция;

  • Психо-эмоцйионалдық қысым мен агрессивтілікті түсіру;

7. “Балалар әлеміне үңілу” – 5- 11 жастағы балалардың ата-аналарына арналған тренинг.

  • Психологиялық тренингтегі ата-ана ме баланың өзара іс-әрекеті, әдеттегі тиімсіз механизмдерді өзгертуге көмектеседі;

  • Отбасы және жас ерекшелік дағдарысына психологиялық профилактика мен психотерапия жүргізу;

  • Түсініспеушілік, өкпелегіштік, агрессивтілік, еркелік.

  • Балалардың бірбеткейлігі, шапшаңдылығы;

  • Біріккен сабақтар бала мен ата-анаға бірін-бірі жақсырақ түсінуді қамтамасыз етеді;


Бақылау сұрақтары:

1. Баланың жеке басын дамыту мектебінің мақсаты мен міндеттері?

2. Бапланың жеке басын дамыту мектебінде жүргізілетін тренингтік бағдарламалар?

3. Қақтығыстарды болдырмау дағдылары мен коммуникативті іскерліктерді жетілдіру кезеңі?

4. Танымдық қабілеттерді дамыту кезеңі?

5. Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу?



21 лекция

Ата-аналар мектебі”



(1 сағат)

Жоспары:

1. “Ата-аналар мектебінің мақсаттары мен міндеттері”

2. “Ата-аналар мектебі” іс-әрекетінің мазмұны мен бағыттары

3. Дені сау отбасы

4. Балалармен қарым-қатынас. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың мінез-құлық үлгісі
Мақсаты: Ата-аналар мектебінің мақсаттары мен міндеттері, іс-әрекетінің мазмұны мен бағыттарымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. 2005 жылы Қазақстан психологтарының Ұлттық Ассоциясы қызметкерлері, ОҚО білім беру департаменті мен әкімшілігінің, Балалар фондының БҰҰ ЮНИСЕФ қолдауымен “ОҚО балаларын” күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау” жобасы жүзеге асырылады және “ОҚ облысында отбасыларын қолдау орталығы құрылды”.

2006 жылы аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде О.Қ облсында отбасын қолдау орталығының негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары құрастырылды. Осы қызметтің көлемінде асырап алушы ата-аналармен жұмыс жасау бағдарламасы өңделді.

2007 жылы Тәжірибелік Психология және психотерапия Еуразиялық Институтінің және Қазақ Психологтар қауымдастығының мамандарымен біріге отырып, жұмыс тәжірибесін қортындылады. Бұл тәжірибе ата-аналармен жұмыс жасау барысында асырап алушы отбасы туған отбасында кеңейтіліп, қолданысқа енді.

“Ата-аналар мектебі” құрылды, оның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір-бірімен өзара тиімді әрекеттесуін қаматамсыз ететін ата-аналық және ерлі-зайыптылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар ұйымдастыру, ол отбасында бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас тиімділігін арттырады.

Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрамма, қимыл-қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терапияның тәсілдерін қолдануға негізделген.

“Ата-аналар мектебі” өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады.

Бағдарлама қатысушыларға (ата-ана баласын, жұбайын) өзін жұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласын ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.



Негізгі міндеттер:

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;

  • Тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агрессивті, мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);

  • Ата-аналар қабіллеттерін дамыту;

  • Ерлі-зайыптылардың қабілеттерін дамыту;

  • Тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру;

  • Отбасылық дағдарыс психотерапиясы;

  • Отбасылық дағдарыстың алдын-алу;

  • Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;

  • Жас ерекшелік дағдарыстың алдын-алу;

  • Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • Қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту;

  • Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сеніміділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

  • Үлгідегі іс-әрекет мазмұны;

  • Қақтығыс жағдайының алдын-алу дағдыларын дамыту;

2. Бағдарламада төмендегідей мәтіндік бөлімдер болуы қажет.

1. Ата-аналармен тиімділік тренингі

  • Мен қандай ата-анамын?

  • Ата-ана қабілетін өзіндік тану;

  • Үлгілі ата-ана бейнесін түзу;

  • Ата-ана мәнділігін арттыру;

2 . Әртүрлі балалар

  • Балалармен өзара тиімді қарым-қатынас;

  • Мазасыз балалармен өзара әрекеттесу дағдылары;

  • Аса белсенді және агрессивті балалармен өзара әрекеттесу дағдылары;

  • Ауытқуы бар бала мен өзара әрекеттесу;

3. Отбасылық қарым-қатынас тренингі. Ата-аналық

  • “Менің ата-аналық стилім”

  • “жартушы” болу қиын;

  • “Бірге ойнаймыз”

  • “Менің отбасымның отбасы”

4. Ерлі – зайыптыларға арналған тренинг

  • Ерлі-зайыптылар қатынасының тиімділік дағдысын дамыту;

  • “Отбасы тарихы”

  • Отбасы дағдарысына түсінік

  • Отбасы дағдарысына психотерапия;

5. Бала мен ата-ана қарым-қатынасы тренингі

  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция,

  • Баланың базалық қажеттіліктері;

  • Бала мен ата-ана қатынасына психотерапия;

6. Отбасы тарихымен жұмыс

  • Отбасы тарихына диагностика;

  • Отбасы тарихына психокоррекция,

  • “Кіршіксіз отбасы” үлгісін құру;

Сабақ тұрақты сипатқа ие. Кездесу топтары аптасына 2 рет кешкі уақытта жүргізіледі.

3. . Өз мақсатында әр адам  өзінің түсінігі мен түйсігінде жердің бай және құнарлы аралшығы ретінде біртума және жеке, сүйікті отбасын құруға талпынады. Мұндай берекелі жерде ұрпақ өсіп, балалар дүниеге келеді.  Адамдарды қалай бақытты қылуға болады,  және сол адамдар сенімен бірге өмір сүретін  өз отбасын, аралшығын қалай табуға болады? Бұл сұраққа жауап әр адамға жеке болып табылады.  Психологтармен сарапталған және жылдар бойы жиналған дені сау отбасын құруының жалпы беталыстары бұл қиын мәселені түсінуде көмек көрсетеді.  

Дені сау отбасы – бұл жақындықтың, махаббаттың, сонымен қатар таластардың және өшпенділіктің ашық көрініс мекені.  Дені сау отбасының мүшелері  осы отбасына қатысты барлық үдерістерге еркін қатыса алады.  Ұрпақтар арасындағы айқын аралық – бұл жақсы берік отбасы құрылымының негізгі құрауыштардың бірі (мұны отбасы ішіндегі қатал иерархиялық қатынастарымен алмастыруға болмайды). Ата-аналар мен балалардың «билік» және «жауапкершілік» сияқты түсінік көзқарасы жағынан бірдей емес екені анық байқалады. Өзара ынтымақтас ата-аналар балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы ретінде  көрінеді.  Бірақ дені сау отбасы, ата-аналардың балаларға деген басымдылығына негізделмейді керісінше, біріншілердің  екінші тұлғаларға қамқорлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Себебі бұл күш айқын зерделеді де, ешбір күмән келтірмейді сондықтан ата-аналарға әрдайым мұны балаларға не өздеріне  ашық көрсетіп, дәлелдеудің қажеті жоқ.   Олар ойынға деген жайдарылық қатынасын, ролдік сараптау қарым-қатынас шығармашылығын мадақтайды.



Азаматтық хал-ахуалды таңдау. Қазіргі қоғам өз азаматтарына өмірдің кез-келген саласынан еркін таңдау жасауды ұсынады.   Ер адамдар мен әйелдер өз отбасылық  жағдайын таңдауда АХАЖ органдарында ресми тіркелмеген неке қазіргі қоғамда кең таралып келеді. Ер адам мен әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынастардың түрі ашық болып, ешқандай материалдық және моральдық міндеттемелер жүктелмейтіні туралы көзқарас қалыптасты.

Ресми неке  – адамдардың өз азаматтық жағдайының еркін таңдауының нәтижесі, толыққанды отбасын құрудың классикалық үлгісі болып қалатын  ер адам мен әйел арасындағы заңды жолмен тіркелген қарым-қатынастар.  Қатынастардың бұл түрін таңдаған кезде ерлі-зайыптылар өздеріне өзара моральдық және материалдық міндеттемелерін артады. Толыққанды отбасында туған балалардың әлеуметтік жағынан толық қорғанысының  айқын кепілдіктеріне ие.  Некеге тұрғаннан кейін әдетте, әйел жұбайының тегін алады.

Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың міндеттемелері мен құқықтары сонымен қатар, қарым-қатынастардың материалдық жағы сөз етілетін  некелік  келісім-шартын жасау тәжірибесі кең таралып келеді.   Бұл құжат әділет органдарында тіркеледі және оның заңды күші бар. Ажырасу жағдайында ерлі-зайыптылардың қатынастары осы құжаттың негізінде реттеліп, осыған байланысты көптеген мәселелерден құтылуға көмектеседі.  (мүлік бөлінісі, балалармен қарым-қатынас, материалдық көмек) және т.б.

4. Отбасында балалардың дүниеге келуі бұл— ерлі-зайыптыларды оларға деген ортақ махаббат пен қамқорлық сезімдері байланыстыратын ең маңызды уақыт.   Бірақ мәселе тек қана баланы асырау мен киіндіруде емес.  Ф. М. Достоевскийдің мынадай бір мәнді айтқан пікірі бар: «Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден  басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізед». Тек қана тату отбасы баланың жеке басына игілікті ықпалын тигізе алады.

Ата-аналардың баланың жеке басын қалыптастырудағы ықпалы әсіресе, оның өмірінің бірінші жылдарына келеді. Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар нақышы  әдетте жас өспірімдік жасқа қарай қалыптасады мысалы: сенімділік немесе түпкілікті бақылау негізіндегі қамқорлық немесе достық қатынастары.

Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың мінез-құлық үлгісі:

Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді.   Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.

Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар мұны әдепсіз де жасауы мүмкін. Мұндай отбасыларда тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау  балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады.  Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз.   Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың  тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне  қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Ата-аналар мектебінің басты мақсат, міндеттері?

2. Арттерапия әдісіне сипаттама беріңіз?

3. Гештальт терапияның қандай тәсілдері бар?

4. “Ата-аналар мектебінің” бағдарламасында қандай тәсілдер қолданылады?

5. “Ата-аналар мектебінің” мүшелері кімдер бола алады?


22 лекция

Отбасы жүйесі – баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы құрылымы, қызметі;

2. Отбасы дамуы;

3. Отбасылық қарым-қатынас күші: дүниеге келу  тәртібі
Мақсаты: Студенттерді отбасы құрылымы, қызметімен отбасы дамуы жалпы теориялық жұмыстармен таныстырып, баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуының негізін үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Құрылымы. Отбасы жүйесін – бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жек адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада – ері-әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ – ата-ана диадасы – баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері топтармен; достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Отбасының түрлі жүйеде және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері:

Қызметтер. Отбасы қызметі – құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелеренің өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:

1. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері; сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоциналдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгереді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылады. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз ролін айтарлықтай көтерді. Қазіәргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыда күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өзджерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты ролге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.

2. Дамуы. Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі – отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болады деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілген нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдаын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.

3. Отбасылық қарым-қатынас күші: дүниеге келу  тәртібі

Туған отбасындағы өмір (біздің туып, өскен отбасымыз) – біздің бүкіл болашағымызды айқындайтын ең маңызды мәселеміз. Өміріміздің бүкіл болашағына дүниеге келу тәртібі мен өмірге деген көзқарастың рөлі басты әсер етері анық. Өзіндік көзқараспен өзімізді қалай тани білсек, барлық жағдайларға да дәл солай қараймыз және отбасынан тыс өзіміз қоршаған ортамен де дәл солай қарым-қатынас жасаймыз – мұның бәрі отбасы мүшелерінің бізге болашақ әке мен ана ретінде қарауынан басталады.  

Отбасылық психотерапия отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын облыстыңпсихотерапиясыболыптабылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады. Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғасырдың 70-80 жылдарында отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады, дегенмен отбасына қызмет көрсету мекемесінің ұйымдастыру және үйлестіру қызметі олардың әртүрлі ведомстваларға жататындығынан қиындап кетті. Осы уақытқа дейін отбасына көмек көрсету қызметінің бірыңғай жүйесі өңделінген жоқ, ал отбасылық психотерапияның көзқарасымен осындай жүйені құрудың нәтижесінде отбасына көмек көрсетудің көп түрлі басқа үлгілері қатарындағы берілген облыстың психотерапиясының орнын анықтау мүмкін болар еді.



Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы жүйесінің дұрыс теңдестірілуі дегеніміз не?

2. Отбасындағы құрылымдық қатынас дегеніміз не?

3. Отбасында көрініс табатын мінез-құлық феномені және процетері?

4. Отбасы қызметінің негізі?

5. Сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау дегеніміз не?


23 лекция

Отбасылық дағдарыстар

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасылық қалыпты дағдарыстар;

2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыстар;

3. Отбасы жеке тұлғаның психологиялық травматизмінің қайнар көзі ретінде

4. Қиын балалардың психологиясы
Мақсаты: Стиуденттерді отбасылық дағдарыс сипаттамасымен, дағдарыс түрлерімен таныстырып, олардың алдын-алу және күресу жолдарын үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы даму некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп-бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата-анамен бала арасындағы қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата-ана тарапынан тәуелсіздік алу процесінде, оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып-қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-жетілуіне орай ата-ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата-аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып-қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге өзінің қатысы жоқтай сезінеді. Отбасы дағдарысы алдағы екі деңгейде дамиды.

1. Кері құрылымдық, бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет.

2. Құрылымдық, отбасының жаңа деңгей қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

Отбасы қалыпты дағдарыстары

Отбасы психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі – дағдарыс болып табылады. Әсіресе, тойға дейін жастар бірін-бірі ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке - өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше “Ұқсастық дағдарысына” соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренеді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі – алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі – бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала кұтіміне қызғанышпен қарайды, балсы әйеленің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата-ананың мейіріміне, махаббатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезінде еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген иеттен туындйды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.

Қарым-қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбіне әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісіен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытқа байланысты екі дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал балалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызығушылығы ата-ана әр тұрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі кезеңі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі-зайыптылардың бір-бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте белсенділікте ұста, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айалыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым-қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасыда іштей бөлінуге, қарама-қайшылықты әкеліп соғады.

Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл өмір сүрген 10-15 жыл аралығы сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қаматамасыз етуге ұмтылдырады.

Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата-ана қамқорлығына бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі-зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым-қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жетеді.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелеренің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез-келген отбасы көтере білмейді, міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілтектер, аман қалғандар.



Жеңімпаздар ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.

Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.



2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасы өмірлік циклінің кез-келген кезеңінде кезедсетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырады:

1. Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақатығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

1. Дағдарыс жағдайы;

2. Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;

3. Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;

4. Отбасы мүшелерінің өзгеруі;

5. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі;



3. Отбасының маңызды сипаты- оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

Сексуалды-эротикалық қызмет – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.

Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.



Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады:

1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы;

2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу;

3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы.Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды;

4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ.

5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.

Жас отбасылардың көпшілігі ерлі-зайыптылық өмірлерінің басында-ақ ажырасып кетеді. Мұндай некенің ажырасуының негізгі себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтарының жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туысқандарының араласуы болып табылады. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуының негізгі себептері - балаларының дүниеге келу кезеңінде, біріншіден, ерлі-зайыптылардың қол тимеушілігі, олардың қатты күш салуы, екіншіден, рухани және эмоционалды қарым-қатынастарының қайта қалпына келтіру қажеттілігі болып табылады. Нақ осы кезеңде көбінде эмоционалды «сууының» түрлі көрінісі байқалады: ерлі-зайыптылық опасыздық, сексуалды дисгармония, «серіктестік сипатындағы көңілі қалу», «басқа адамға ғашық болу» деген сияқты себептерден болған ажырасу. Отбасының тіршілік қарекетінің негізгі бұзылуы тәрбиелеуде болған қиындықтармен байланысты болып келеді. Отбасы тіршілік қарекетінің соңғы кезеңі - олардың соңғы балаларының өз бетімен еңбек етіп, жеке отбасын құрған кезеңімен байланысты. Отбасы тәрбиелеу қызметін тоқтатады. Нақ осы кезде әрекет етуді жалғастыру көбінесе балалардың қарсылығын тудырады. Отбасының күнделікті тіршілігінің біршама айқын өзгеруі жас ерекшелікке байланысты. Жеке күштің біртіндеп азаюы тұрмысты бұрынғы қалпына келтіру рөлін шарасыздықтан арттырады, демалу аса маңызды болып табылады. Ерлі-зайыптылардың денсаулық жағдайының төмендеу салдарынан денсаулық мәселесі бірінші жоспарға шығарылады. «Әжелер» мен «аталардың» жаңа рөлі немерелерінің алғашқы жылдарында көп күшті талап етеді. Жоғары буын ұрпақтарына қарауды басқаға жүктеу мәселесі туады. Еңбек қызметінің соңы, зейнеткерлікке шығу, тарылу шеңберінің мүмкіндігі – осының бәрі, негізінен балалар жағынан сыйлау, мойындау қажеттіліктерін күшейтеді. Бұл қарым-қатынастың өзіңе қамтамасыз етуі, өзіңнің керектігіңді сезіну және маңыздылығы бұл кезеңде маңызды рөл атқара бастайды. Өмірлік кезеңнің маңызды уақытында отбасында өмір сүрумен байланысты туындаған қиыншылықтар, сонымен қатар біреу отбасы тіршілігін бұзған жағдайда туындаған мәселелер (ұзақ мерзімдегі бөліну, ажырасу, отбасының бір мүшесінің дүниеден өтуі, ауыр науқастану және т.б.) отбасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Отбасылық психотерапияның бірден-бір маңызды көзқарасы бойынша бұзылудың салдары – бұл дара тұлғаның психикалық денсаулығына қолайсыз кері әсер ету болып саналады (психологиялық жарақаттану әрекеті). Невроздар біршама таралған нервтік-психикалық бұзылушылықтың біріне жатады. Олардың тууы және жалғасуы биологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсерлердің кең шеңберінде ескертіледі. Невроздар этиологиясындағы отбасының рөлі кең көлемде расталған. Жоғары дәрежедегі неврозбен ауыратын адамдардың науқастанушылығы оның тәрбиенің түріне, ерекшелігіне байланысты тәрбиеленген жағдайына байланыстылығын көрсетеді. Осымен қатар, ата-аналық отбасының әсері ұзақ уақытта пайда болып және дәл сол уақытта жеке тұлға өзінің жеке отбасын құрған кезде ұмытылып кетеді. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуы кезіндегі ұзақ уақыттағы нервтік-психикалық (эмоционалды) қызбалық – бұл невроздың маңызды себептерінің бірі болып саналады. Отбасылық психотерапияның мақсаты – отбасындағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасты түзету және эмоционалдық бұзылушылықты жою болып табылады.

4. Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген:

1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.

Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.

Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.

Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.

Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.

Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.

Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.

Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақта бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагогтың оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс істеуде біршама қиындықтарға кезігеді.

Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті

Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.

Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.



Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы дамуы дегеніміз не, ол қай уақытта немен байланысты басталады?

2. Отбасылық дағдарыстардың даму деңгейлері?

3. Отбасындағы қалыпты және қалыптан-тыс дағдарыстар дегеніміз?

4. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі?
24 лекция

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негіздері

2. Отбасындағы бала дамуының кезеңдері

3. Мектепке дейінгі шақта баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы

4. “Отбасына бейімделу және топтасу шкала” сауалнамасы
Мақсаты: Студенттерді баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерімен таныстырып, соған сай отбасылық тәрбие барысында ескерілетін мәселелердің алдын-алуға үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат-міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық жән тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Э.Г.Эйдемиллер “отбасы диагнозы” деген терминді ұсынған. Отбасы диагнозы – отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталу отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы – отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест.

Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуы (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір-біріне икемділігі болады.

2. Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көзқарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас еркшелік кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту – адам дамуының басты белігісі болып табылады. Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрсетелік - оральды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралады. Бұл аналды кезең деп аталды. Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксонда өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. “Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады.

1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қаруға үйренеді, ал бұл болмасы бірқатар бұзылыспен аураға әкеп соғады.

2. Екінші кезең, бір жастан – үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, “ұятқа қарама –қарсы автономия” деген атқа ие болып, оның аяқталуы “Мен өзім” дағдарысын туындатады.

Бала дамуының қарқыныдылығы оны дербес етеді. Ата-ананың бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. “Шектен шығара ұялту” жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті – бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттілік қалыптасып, “кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік” деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.



3. Үшінші кезең “Бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі” 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зертеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.

4. Төртінші “Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі”. 6-11 жаста мектепке, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы “Мен” сезімін едәуір толықтырады. өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

5. Бесінші жеткіншектік кезең – 11-16 жас. Осы кезең үш жастағы “Мен өзім” дағдарысына еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс бе
лгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:

1. Баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді;

2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балаларды қыздарға қарағанда негітивизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.

Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы мүмкін емес.

Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді.

Бірінші нұсқа – негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20 % - де көрініс табады.

Екінші типте – бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересетердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60% - ті құрайды.

Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20%-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципиялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жанжалды (байланысқа түсе алмау,қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.

Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншектер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата-анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата-ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген дарынды балалар.

Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гармондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркендіргіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға – деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

Зерттеушілердің бір қатары 17-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл- ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыс жағдайлары тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл бұл-жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауына қатты мән бергендіктен, мағыналы нәрсені көре алмай тиімсіз шешім пайда болады.

Үшінші – дағдарыс жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.

Қыз баланың ерекшелігі ол дағдарыс жағдайын терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән-мағынаны көре алу іскерлігі болады. Дағдарысқа ұшыраған қыз бала оны түсіну мен басынан өткере терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Бозбала бұл шақтағы ерекшелік ол дағдарыс жағдайын эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

Отбасын әлеуметтік психологиялық зерттеудің әдістемелік негіздері.

Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жұйесі отбасы мен жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат-міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Э.Г. Эйдемиллер “отбасы диагнозы” деген терминді ұсынған (10) Отбасы диагнозы – отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жек қызметінің бұзылуына әкеледі.Отбасы диагнозы –отбасы жоспары мен мүшесінің бұзылысынанықтай отырып отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік- психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ- жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық- сапалық құжаттық әдіс, тест



3. Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүрде, әсіресе келешек ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сұрағы өзекті болып тұр. Жаңа ғасыр басында адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Бір жағынан барша саланың ғаламдануы, екінші жағынан рухани азғындану бас көтеріп, үдей түсті. Бүгінгі күнде еліміздегі күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық тағы басқа да қоғамға теріс қылықтар жалпы тәрбие процесін күрделенгендігін және оның қажеттілігін байқатады.

Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан. [1]

Білім жүйелеріндегі осыған орайлас жаңартумен «жұлқыну» оқу процесіндегі жайлы ойшылдық жағына, әрбір балаға озаттық сапалардың дамуының және өзіндік адамгершілік құндылықтарының құруына акцент азайды, өмір мәнін түсінуіне автоматты білімдер адамды жүргізбейді, оларды рухани етпейтінін педагогтер ұғынуға тырысты. Бала бақшадағы әр әдістемелердегі берілетін адамгершілік тәрбиесі, нақты бір жүйеге қойылмаған. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі әр мекемелерде адамгершілік құндылықтарды енгізу, жүйесін құруымен өңдеу өткір мәселелері мен мақсатқа бағытталған. Академик B.C Леднев сөздерімен айтқанда, біріншіден - бөлек жалпы білім беретін пән болу қажет және, екіншіден, «дақ түсіру» оның барлық білім сфераларында, басқа пәндерде осы процесс ықшамдауына арналуы қажет. (Леднев B C, 2002. ).

Дамудың рухани негіздерін баланың әлеміне, оның мінезін, адамгершілік мінез-құлық ерекшеліктерін мектепке дейінгі шақта қажетті өткізу. Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді деген. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспағанда, бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жас өспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.

Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров, А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады.

Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн психологиялық зерттеулерінде балаға жеке-бағытта жақындап келуді ұсынады. Олар баланы субьект ретінде қарап, басқа адамдармен қарым-қатынаста және байланыста қалыптасқан мінез-құлқын анықтауға болады деп қарады. Сондай жақын келу бала бойында жан ашу, іске араласу, бірге күйзелу сияқты адамгершілік құндылықтарды сынауға мүмкіндік береді. Бұл адамгершілік сапалары қарапайым адамгершілік нормаларды саналы орындаудан, қоғамдық ортадан адамгершілік тәртіпті игеруден басталады.

Адамгершілік құндылықтарды танып, өзін-өзі айқындау әртүрлі бағытта ғылыми салаларда зерттелген. Мәселен, педагогикада О.С.Богданов, Д.М.Гришин, Г.К.Нурғалиева, Р.К.Төлеубекова сияқты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы тәрбие процесінде адамгершіліктің қажеттілігін айқындай келе, адамгершілік дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның еркін дамуы сияқты адамгершілік мақсаттарға жетуге бағытталған және адамгершілік мотивтер бойынша, адамгершілігі жағынан дәлелденген тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігінің, оның қоршаған дүниемен өзара қатынасының өзіндік түрі, формасы екендігін көреміз.

Мектепке дейінгі шақта адамгершілік құндылықтардың құру маңыздылығын орнату үшін оны құрастырушы ұғымдарының мағынасын түсіну қажет. Ғылымда құндылықтар астары «адамға арналған олардың дұрыс немесе жағымсыз мағынадағы және қоғамдық айқындаушылар (жақсылық және жауыздық, керемет және ұсқынсыз, әділ-тұтқындар) қоғамдық құбылыстардағы, қоғам өмірлері және табиғаттың нақты ақиқат объектілерінің ерекше арнайы анықтамалары (философиялық)» яғни, әрбір адам өмірінде және қоғамдық ақиқаттан хабардар болуын қамсыздандырады. Өз өмірінде қоғамды ұйымдастыру үшін, жалпы мақсаттар және мінез-құлық түрлері анықтау үшін мәнді. Адамдарда аралық көңіл болу көп жағдайда құндылықтармен анықталады. Көне грек философы Аристотель адамгершілік пен ғылымның арасындағы айырмашылықты «Ғылым нақты бір затты, оның табиғатын зерттесе, адамгершілік сол затпен, яғни қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйретеді деп тұжырымдады»,- деп көрсетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласының қоғамдағы әрбір қарым-қатынасы тек адамгершілік құндылықтармен ғана нәтижелі болады. Бұл дегеніміз қоғамдағы адамдар өмірінің мәнді-мағыналы болуы адамның ой парасаты мен адамгершілік іс-әрекетіне байланысты. Демек, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда баланың өзін-өзі тануына, өз әрекетін бағалауына үлкен мән беріледі.

Қай кезеңде болмасын, біз педагогтер жеке тұлға тәрбиесі туралы айтқанда алдымен бұл процестің кім үшін, қандай мақсатта жасалатындығын ұмытпауымыз керек. Тұлға ретінде бала ең алдымен ата-ана үшін балалық борышын ақтау мақсатында қызмет ету қажеттігін ескеруіміз қажет. Содан кейін ғана өз отбасының болашақ қоғамға үлесін, рухани және материалдық жағынан өз өмірін жақсарта отырып, елінің өркендеуіне үлес қосуы. Олай болса, біз ата-анаға болашақ баласының бойынан көргісі келетін адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына көмектесуші, ықпал етуші адам екендігіміз. Көп жағдайда біз баланы, жеке тұлғаны өзіміз қалағандай етіп жасауға тырысамыз. Балаға табиғат берген табиғилықтан бұрын жасанды қасиеттерді бойына сіңіртіп, ең соңында сол әрекеттен аластауын қалаймыз. Мәселен, бала өмірге келген күннен бастап, біз баланың қалауынша емес, өз қалауымызша қарым-қатынасқа түсеміз. Бала «көрейін, ұстайын, жасайын» деген кезінде, тағы да ерік бермейміз. Ал оқу, үйрену қажет кезінде қызығушылық бала бойынан көріне қоймайды. Ол кезде енді ата-ана да, педагог те балаға күштеп оқытуға, үйретуге тырысады. Бұл жағдайда баланың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі айқындауы көрінбейді. Тек педагогтің, немесе ата-анасының бағыт көрсетуімен ғана әрекет етеді. Бұл ешқандай жаңа технологияны, ешқандай жаңашылдықты жүзеге асырмайды. Сондықтан бала тәрбиесінде баланы өзіміздей болғанын емес, өзінің қалағанын, тілегенін жасауға жағдай жасасақ, оны тәрбиелеуге кедергі жасамаймыз, тек тәрбиенің бала бойында қалыптасуына жағдай жасаймыз. Бала өзінің жеке тұлғалық қасиетін, «мен» тұжырымдамасын көрсете алады.

Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Осы жерде Ш.А.Амоношвилидің «Жүрексіз нені ұғуға болады» деген мысал әңгімесін еске түсіргім келеді. [2] Яғни, біз кейде, онау дейміз, мынау дейміз, бірақ баламен жүргізілген жұмыстың қажеттілігіне, оның нәтижесіне көңіл бөлмейміз. Ш.А. Амоношвили сөзімен айтсақ баланың жүрегіне жол табу үшін, бала жүрегін оқи білу үшін ешқандай батыс технологиясының қажеттілігі жоқ. Ең алдымен педагогтің өз жүрегі таза болуы қажет. Баланың пәк, кіршіксіз таза жүрегіне таза жүрегімізбен қалауынша жақсылықты бере аламыз. Біз баламен жүргізілетін әрбір істі үлкен мәселе деп қарамай, оны күнделікті қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз қажет. Мектепке дейінгі бала, ол әлі ойын баласы, оның негізгі әрекеті ойын. Бала өзінің бар өнерін ойында, ойын үстінде көрсетеді. Егер біз мектептегі білім беру ісінде оқыту жүйесін негізгі әрекет деп алып, соған жаңалықтар енгізген болсақ, мектепке дейінгі кезеңде баланың ойынының мазмұнына, бағытына, ұйымдастыруына көңіл бөлуіміз қажет. Баланың ең алдымен өзіне, күллі әлемге, жанындағы жақындарына, құрбы-жолдастарына деген сүйіспеншілік сезімі сонда ғана оянады. Егер де біз «әркім өзі жақсы көретін, өзіне қолайлы іспен айналысу керек» деген болсақ, баланың да құмары қанып ойнауына, қуанышқа бөленуіне жағдай жасауымыз керек. Тіпті кейде өмірде үлкен адамдар да көңіліне жақпаған іс, қаламаған тапсырма берілген болса, немқұрайлылық байқатады. Біз оны үлкендер- кемшіліктерімізбен, жетістіктерімізді келешекте қайталамас үшін, басқаларға үлгі болу үшін, жан-жақты талдап баға беріп отырамыз. Ал бала болса, тек біз талдау жасағанда ғана өз ісінің сол орта үшін, өзі үшін жақсы, немесе жаман екендігін айтады. Бірақ оны түсініп, келешекте қайталамайды деп кесіп айту қиын. Педагог оған қайта-қайта ескерту жасап отырады. Ересек адам қандай болмасын істі алдымен өзі үшін, өз қажетіне қарай жасайды десек, баланың да жасаған әрекеті өзіне, өз пайдасына жұмсалуы керек. Егер балада өзін қанағаттандыру болса және өз ісіне баға беру, есеп беру болатын жағдайда, өз бойынан шыққан жақсылықты, көмектесуді, қайырымдылық көрсетуді шынайы көңілмен жасайды. Оны өзі үшін де, ортасы үшін де қажет деп түсінеді. Міне, бұл оның бойындағы адамгершілік құндылықтардың көрінісі. Егер бала бойында қандай болмасын әрекет, қатынас, байланыс оның мектепке дейінгі естияр шағында көрініс таппаса, оны кейін жаттатып қалыптастыру қиынға соғады. Сондықтан адамгершілік құндылықтарды мектепке дейінгі кезеңнен бастау қажет пе, содан кейін де оған тоқталуға болмай ма деген сұраққа, біз кейін тіптен кеш қаламыз деп жауап берер едік. Сондықтан балалық шақтың қызықты болуын, бала ойынының маңызды болуын, әрі оның айналасына деген көзқарасының табиғи шынайы болуын ескергеніміз жөн. Сөз соңында Ливан ақыны Халио Гибраттың «Сенің балаларың сенің балаларың емес» деген өлеңіне тоқталуды жөн көрдік.

Сенің балаларың, сенің балаларың емес.

Оларды өмірге назар аударған Алла жаратқан.

Олар сенің арқанда әлемге келеді,

Бірақ сен оларды ертіп әкелмейсің,

Сен өз махаббатыңды оларға ұсына аласың

Бірақ өз ойыңды емес, себебі оларды ойлау өз меншігінде.

Сен олардың тәніне пана бере аласың,

Бірақ олардың жанына емес.

Себебі, олардың жаны ертеңгі күн үйінде мекендейді.

Оған сен тіпті армандап бара да алмайсың.

Сен олардай болуға талаптана аласың,

Бірақ оларды өзіңдей етуге тырыспа

Себебі өмір артқа қайтып келмейді,

Және кешегі күнге тоқтатылмайды. [3]

Осы өлең жолдарымен келісе отырып, егер бала бойында адамгершілік құндылықтарын жастайынан көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек көмектесуіміз, қолдау жасауымыз қажет. Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке түсе алатын, өзінің біліктілігін жан-жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ бойынан адамгершіліктің жоғары құндылықтарын көре аламыз.

4. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты – отбасы құрылымын бағалау. Сауаланама авторлары Д.Х.Олсон, Дж.Портнер, И.Лави. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М.Перс ұсынған.

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра “дөңгелек моделі” қарастырылады.

Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

Отбасы бейімделуі: отбасы мүшелері стресстік жағдайға қаншалықты икемді немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі.

Оның көрсеткіш белгілері: отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, береже және ролдері.

«Дөңгелек моделі» отбасылық топтасудың 4 деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылуына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу.

Сауалнама авторлары теңдестікке және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.

Алдымен сауалнаманы жүргізбес бұрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып, жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.

Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындау барысында кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.

Нұсқау: Бұл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің барлығына жүргізуге болады. Зерттеуді отбасы мүшесінің барлығымен толық жүргізгені абзац, ол коммуникация ерекшелігін Жан жақты бағалауға мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары:

1. Анальды кезеңге сипаттама беріп, өзіне тән ерекшеліктерін атап өтіңіз?

2. Фрейд еңбектеріне шолу жасаңыз?

3. Жасөспірімдік дағдарыс кезеңі?

4. Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты?

5. Отбасы диагнозы ұғымының мәні мен мағынасы?


25 лекция

Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы психотерапиясы;

2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары;

3. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
Мақсаты: Студенттерге отбасымен жұмыс барысныдағы отбасы психотерапиясының мәнін, бағыттарын, психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстарын түсіндіру.
Лекция мәтіні:

1. Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатына жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болап табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне „ауру белгісін көтерушіге”, отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады.

1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;

2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі:

3) Қайта құру кезеңі;

4) Қолдау көрсету кезеңі;

1. Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік – тұлғалық қасиетін есепеке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау поцесіне психотерапевтке қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерекшелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевттің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері де алынады.

2. Отбасы қақтығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың барлығына бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербльды құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда „роботманипулятор” тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-мшарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербльды түрде мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.

3. Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелеріне немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.

4. Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.

Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:

1) Үнсіздікті мәнді пайдалану;

2) Тыңдай білу қабілеті;

3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;

4) Қайталау;

5) Жинақтау және түйіндеу;

6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);

7) Конфрантация ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптуарындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;

8) Ролдерде ойнау;

9) „Жанды скульптура” жасау;

10) Видеотүсіруді талдау;



2.1. Пало Алто мектебі.

Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, „мәселені шешу терапиясы” әдісінің авторы. Ол М.Эриксон бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасына ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінң арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны – қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру.



2. Психоаналитикалық от басы терапия. Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты – қастысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбнеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивке жақын.

3. Жүйелі отбасы психотерапиясы.

Бұл бағыттың көрнекті қайраткерлері – Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды. Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы тераписындағы мәнді терпевттік бағыт. Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.



4. Стратегиялық отбасы психотерапиясы. Отбасы терапиясында бұл бағытты „мәселені шешуші”, „қысқа” негізі мәселе шешу әдістері деп аталады. Бұл бағыттағы танымал тұлғалар – Джей Хейли,Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді.

5. Мінез-құлықтық психотерапиясы. Мінез-құлықтық отбасы терапиясы басты ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып, одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді. Бұл бағытөкілдерін әрекеттің жүйелілігін талдау қызықтырады.

6. Комуникативтік отбасы терапиясы. Коммуникативтік отбасы терапиясы – ол Пало Алто бағытынан бөлініп шыққан. Оның көрнекі қайраткерлері П.Вацлавик, Д.Джексон және бсқалар болды. Коммуникативті отбасы тераписының мақсаты коммникация жағдайын өзгерту немесе „саналы қимылда нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны өзгерту” мақсаты болып табылады.

7. Ерлі–зайыптылар психотерапиясы.

Ерлі-зайыптылар психотерапиясы – отбасы жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі, қажеттілігін қанағттандыруды өзара қаматамасыз ету, өзара қатынаста үйлесімге жетуді көздейді.



8. Отбасылық кеңес беру. Отбасылық кеңес беру – отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевттік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамиды. Отбасылық кеңес беруде мақсат, отбасы мүшлеренің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.

3. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және олараға дәл аңықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады.

Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-катынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.

"Психокоррекция" мен "психотерапия" терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырады. Оның үстіне “психотерапия” термині халықаралық болдып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асыратын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны Ю.Ф.Помоенв, А.С.Спиваковская, т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес беруді арнайы медициналық дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын, кеңес беру тек психологиялық жағдайға көзқарасты өзгертуге бағытталған болғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатыны айтылған.

Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдеріде кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.

Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы – кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойып отырған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс психологиялық көмектен не күтуге болатындығыны және керектігін оған жете түсіндіру. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында түрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу немесе ешқашан болмауы мүмкін екенінде түсіне бастайды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерепияның мұндай өзара байланыстылығының мағынасы терең.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы психотерапиясының басты мақсты мен міндеттері кезеңдері?

2. Отбасы терапиясында қолданылатын тәсілдер?

3. Жүйелі отбасы психотерапиясына сипаттама беріңіз?

4. Отбасылық кеңес беру жолдары?

5. Психотерапиямен кеңес берудің айырмашылығы?


26 лекция

Отбасы қатынасына психотерапевтік корекция

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасымен жұмыс; Мақсат пен міндеттер қою;

2. Ата-аналармен жүргізілетін терапия

3. Ойын терапиясы.
Мақсаты: Студенттерді отбасымен жұмыс жүргізуге үйретіп, ондағы жүргізілетін әдіс-тәсілдерді түсіндіру.
Лекция мәтіні:

1. Отбасы психотерапиясы психотерапевттің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:

1. Отбасы терапиясына деген дұрыс көзқарасты отбасында қалыптастыру;

2. Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері;

Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшлеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себептерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қастысушыларында қалыптастыру.

Отбасы психотерапиясының әдістемесі – ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы жаңа келген мектептердің арқасында көптеген көлемдегі техниклармен қаруланады. Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер: директивіт (нұсқау) әдістеме, отбасылық пікір талас;

Психотерапевтік кез-келген жұмысты жүргізер алдында қандай мақсат мен міндеттер қарастырады соны анықтап алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде соңғы кездерді осы мәселеге аса назар аударуда. Көптеген мақалаларда психологиялық келісім және отбасымен мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы келісімнен туындайтыны айтылады. Психологиялық ықпал мен жеке жұмыста мақсатты құрастыру қиындық туғызбайды, ереже бойынша емдеуге отбасы мүшесі немесе туысы маманның алдына бірнеше міндеттер қояды. Психокоррекциялық жұмыс әлеуметтік жүйенің кейбір түрімен әсіресе отбасына байланысты болғандықтан міндеттерді қоюда қиындық туғызады. Жалпы мақсат өзгеру қоғамда, отбасында жүйелі қатынасқа бағытталса, ол жекелік мақсаттардан шығып отыруы керек. Отбасы жұмысында мақсат төрт басты деңгейден қарастырады.



2. Ата-аналармен жүргізілетін терапия. Өз балалары үшін көмек сұрап келетін ата-аналармен қатынаста терапевттік қарым-қатынасты анықтау проблемасы күрделірек болады. Өз шағымын балаға ғана шоғырландыра отырып, ата-аналар өз бастарын сыннан қорғайтындары соншалықты, тіпті өздерінің де осы жағдайға қатысты екенін және кейбір көмектерге мұқтаждықтарын теріске шығарады. Бұл — терапия ұсынатын терең түсінісумен қатар, ерекше әдетті қажет ететін кезеңдерінің бірі болып табылады. Терапия терапевттік жағдайдағы адамдарға ғана көмек бере алады. Көмек берудің ешқандай ғажайып жолы жоқ. Сондықтан да клиенттің балалармен қарым-қатынасын дұрыс орнатуға, бастығымен, күйеуімен (әйелімен) қарым-қатынастарын орнатуларына көмек берудің мәні бар, бірақ, бірден немесе тікелей осы үшінші адамдарға әсер ету туралы сөз болуы тіпті де мүмкін емес. Осыған сәйкес, кеңес беру барысында ата-аналарға берілетін көмек ең бірінші олардың өз балаларымен қарым-қатынасына қатысты екендігін және бұл көмектің тек өздеріне қажет екендігін біртіндеп түсіндіру керек.

Енді тағы бір оқиғаны алып көрейік: өзінің төрт жасар қызымен қарым-қатынасы проблемасымен анасы клиникаға көмек сұрап келген. Ол қызының қырсықтығы мен жағымсыз қылықтары туралы айта отырып, "ертеден кешке дейінгі соғыс" деп өзі атағандай, нағыз күресті сипаттап берді.



С. (терапевт) миссис Дж.-нын қызы Пэттиге берген сипаттамасына сай, олардың арасында қандай да бір проблема бар екендігін атап өтті. Миссис Дж. оны растай отырып, қалай болганда да бір нәрсе істеу керек деді. С. келісе отырып: Бірақ, бәлкім, ол шара көбінсе дәл сіздін тарапыңыздан болуы керек шыгар. Мысалы, сіз күнделікті Пэттиді ұйықтауға немесе тағы бірдене істеуге қалай мәжбурлейсіз?" — деді Миссис Дж. әдетте оны "сатып алуга" тура келетінін, өйткені басқа тәсілдер еш көмектеспейтінін айтты. С. балалары мен олардың аналары осында терапевтпен: баласы — біреуімен, ал анасы — екіншісімен кездесуі үшін, өздері жеке шеше алмаган ортақ проблемамен бірлесіп жумыс істеу үшін келетінін әңгімеледі. Бірақ әрқашан да әрбір нақты оқиганың көптеген нұсқалары болғандықтан, не нәрсе жасалатыны мулдем белгісіз болады. Қалай болғанда да жұмыстың едәуір бөлігі анасының мойнына түсетінін және ол тұрмыстық үй жағдайында баласының мінез-қүлқына әсер етуге багытталған іс-әрекеттермен байланысты болатындығын алдын ала анықтауга болады. Миссис Дж. бұл айтылғандарға келістіде" өзінің күткені де осы екенін айтты, оған жай ғана бір шара істеуі керек екендігін ол білетін. Ол тіпті өзінің туған-туыстарына да бара алмайтынын, өйткені оның баласы осындай нашар мінезді және ол осыны туыстарының білгенін қаламайтындығы туралы айтты. Ол күліп жіберді де: "Көп аналар бұлай деп айта алмайды, бірақ менің балам жаман екенін мен білемін", — деді.

Осы қысқа үзіндіде көмектесуші қарым-қатынастың барлық назары шешесінің қызына деген қатынасында бірдеңе істеуі керектігіне шоғырланып тұр және оқиғаны осылайша анықтау уақыт өткен сайын нақтылана түседі. Себебі анасының айтқандары баласының көзқарасы турғысынан емес, Керісінше, екеуінің арасында қалыптасқан қарым-қатынасты өзгертуге талпынған күштердің қақтығысуы тұрғысынан қарастырылып отыр.



3. Ойын терапиясы. Белгілі бір себептерге байланысты ойындық терапия студенттік кеңес беру мен ата-ана немесе ересек адамдар терапиясынан мүлдем өзгеше болып көрінуі мүмкін. Құрылымына қарай ол өте қарапайым және біздің терапиялық өзара қарым-қатынасты анықтау деңгеніміз туралы айтқандарымыз тең дәрежеде ойындық терапияға да қатысты. Ең көп байқалған ерекшелік —ойындық терапиядағы өзара қарым-қатынас сөзбен емес, көбінесе іс-әрекетпен анықталуында. Терапевттің балаларға деген достық қызығушылығы мен эмоциялы көңіл аударуы, ықыласы көптеген елене бермейтін әрекеттерден көрінеді. Сенімділік қарым-қатынастар балалардың көбірек батыл әрі шешуші әрекеттерді істеп көруіне және осы әрекеттердің қабылданып жатқандығын түсінуінің мөлшеріне қарай біртіндеп қалыптасады. Көбінесе қандай да бір кезекті агрессивтік әрекеттен кейін, мәселен суды шашу, барынша қатты айғайлау немесе қуыршақты қинау сияқты әрекеттерден кейін бала кінәлі көзқараспен қарап, қандай да бір қолдамау немесе жақтырмауды күтеді. Бірақ осыған ұқсас ештеңе болмаған соң бала қарым-қатынастың осындай жаңа түріне, яғни көп нәрсеге рұқсат берілгеніне және бұрынғы үйреншікті өмірлік тәжірибесіне мүлдем ұқсамайтындығына біртіндеп үйрене бастайды. Осы уақыт оның, яғни ол өз қалауы бойынша күштеусіз, нұсқаусыз немесе зорлық-зомбылықсыз пайдаланылатыны туралы фактіде сөз арқылы анықтаудан гөрі, осы еркіндік тәжірибесі арқылы менгеріледі. Бұл жерде сөз тек белгілі бір шек қоюларға байланысты үлкен рөл атқарады. Бала осы тәжірибені орнатуға арнайы уақыт шеңберлері мен эмоциялы қатысушылықтың белгілі бір шегі болатынын, деструктивті әрекеттердің шегі бар екенін түсіне бастайды. Себебі терапевт басқа да балаларды осындай жағдайда күнделікті көріп отырады. Сондықтан терапевттік жағдайда белгілі бір шек қоюларға байланысты проблемаларға сәйкес, балаларға да, ересектерге де қатысты бірқатар сұрақтар туындайтындықтан, оны біз толығырақ талқылайық.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы психотерапиясының әдістемелері?

2. Психологиялық ықпал дегеніміз не?

3. Отбасы жұмысындағы мақсат деңгейлері?

4. Ойын және ата-аналар терапиясын жүргізудегі айырмашылықтар?
27 лекция

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері. Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау

2. Алғашқы сұхбатты жүргізу

3. Отбасымен жүргізілетін алғашқы орта кезеңдік жұмыстар
Мақсаты: Студенттерге отбасымен жұмыс жүргізуде отбасымен жұмыс жүргізуді бастау, алғашқы сұхбаттасуды жүргізу, отбасымен жүргізілетін алғашқы орта кезеңдік жұмыстарды түсіндіру.
Лекция мәтіні:

1. Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзету және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологі, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасының қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңігмелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын бақа да адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізіледі ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары және қайсысында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлімметтер ретін құрайды.

Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта араласа отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрауөте маңызды – бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажетттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің сол көзқарас бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегеннің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.

Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасындағы ролін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеру қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.

Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалуы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.

Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.

1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі;

2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды;

3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбыларымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.

4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.

5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.

6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер;

Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмы барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын болса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Келешекте психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынаста мәселелер туындаса, алғашқы сессияда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасының басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын болса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.

Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақру қажет. Белгілі болғандай, мұдай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасының қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершілікті бөлісуге көмектеседі.

Егер де ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процесске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевтің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).

Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнінде, кейде бақа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын маңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер да ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде болса, онда міндетті түрде балада шынайы эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.

Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процеске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың пікірлерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылуында. Жүйелі ыңғайдың ұстанымының бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.



2. Көп жағдайда алғашқы кездесу психологиялық жұмыстың әрі қарайғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхабаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші сессия қатысушылары құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау өте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің көпшілігі, әрқайсысы белгіленген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.

Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруды және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетумен анықталады.

Бірінші сессия төрт негізгі кезеңдерден тұрады:

“қыздыру” және психологиялық жағымды ахуал тудыру;

отбасының жетекші мәселесін анықтау;

отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге көзқарастарын өзгерту;

бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру;

Кейде бұл кезеңдер бір-бірлерімен қабаттасады, сонымен қатар отбасның әрбір мүшелері түрлі жылдамдықта өтуі мүмкін. Мысалы, кейде отбасының бір мүшесі жетекші мәселені анықтау кезеңінде болса, басқалары осы мәселелерді бағалауда өз көзқарастарын өзгертіп қойған.

“қыздыру” кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін анықтайды. Осы жерде отбасылық келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және көп сөйлемеулері немесе шектен тыс көп сөйлемеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсізді және психотерапевтке деген сенімділік мәселелерді өте маңызды болып табылады.

Сессияның алғашқы 5-10 минут уақыт аралығында маманның негізгі міндеті – оның бөлмесі – психологиялық қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің көздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қаәіутенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасының барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп өтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар өздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелернің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психотерапевт бірден бірнеше мақсатты көздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайсысын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын көрсетеді.



3. Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңі, отбасы мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезінулерімен сипатталады. Бұл жеке және топтық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің бір-бірлерін айыптау екпіні, сонымен қатрар әсіршіл мінез-құлық жойыла бастайды. Олар өз мінез-құлқына жауапкершілікті, сонымен қатар отбасы олар үшін маңызды ресурс екендігін сезіне бастайды. Үрей және психологиялық араласуға қарсы қарсы қарым-қатынас төменей бастайды, ал психолог олардың көз алдарындағы шартсыз бедел тұғырын жоғалта бастайды.

Бұл кезеңде отбасы мүшелері жағдайды жақсы түсіне бастайды. Психологқа келуге түрткі болған себептер, біртін келе өз мәнділіктерін жоғалтады. Бұл кезеңде кейбір отбасылар өз жұмыстарын аяқтайды, бұл асығыстық болып табылады, өйткені ішкі отбасылық өзара қарым-қатынастар жеткіліксіз деңгейде тұрақталған. Бұл кезеңде маманның мақсаты – отбасына әрі қарайғы міндеттерді анықтауға көмектесу.

Бұл кезеңде психолог, отбасы мүшелеріне өзара және әлеуметтік қоршаған ортамен түрлі байланыстарды анықтауға көмектесетін сұрақтарды белсендің түрде қолдануы қажет. Жақындарымен және алыс туыстарымен өзара қарым-қатынастарын талдау отбасы татулығын сақтау бойынша міндеттерді анықтауға негіз болады. Мысалы, егер бала мен ата-ана өзара қарым-қатынасы реттелсе, ата-ана сол әулеттің үлкендерімен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлу қажет. Психологтың отбасы мүшелерін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәліметтер жүйесі қажеттілігін ерекшелейді. Отбасы дисфункционалды болған сайын, сол ғұрлым оған мәліметтер аз түседі. Белгілі болғандай, ішкі қақтығыс күйіндегі отбасының ішкі ресурстары шектеулі.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы мүшелерінің психологқа шағымданып келетін негізгі топ мәселелер?

2. Бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын маман қандай мәліметтерді алуы қажет?

3. Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері нені білдіреді?

4. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер?

5. Отбасы психотерапиясының алғашқы және ортаңғы кезеңіндегі негізгі ескерілетін мәселелер?


V тарау СЕЗІМ. ОТБАСЫ. ЭНЕРГЕТИКА
28 лекция

Билік үшін күрес

(1 сағат)

Жоспары:

1. «Мен» түрлері.

2. Мәселелерді жекеше шешу тәжірибесі

3. Жомарттық энергиясы
Мақсаты: Отбасындағы билік ұғымына талдау жасау арқылы, баланың бойында балалық шақтан қалыптасатын манипуляция жасау мүддесін, отбасылық мәселелерді жекеше шешу тәжірибесін, жомарттық энергиясының мәнін ашып студенттерге түсіндіру, олардың бойында қажетті қасиеттерді қалыптастыру.
Лекция мєтіні

1. Билік үшін күрес – энергия алудың бір түрі. Уайым қайғы, жабырқау, түңілу, қорқыныш, реніш, невроздың небір түрлері, жағымсыз ойлар – осылардың барлығы энергияны үлкен шығындануына әкеледі, ішкі дүниені бос қуысқа айналдырады, үнемі басыңқылық күйге ұмтылу, материалдық ырысқа ие болу, мойындау ынтызарлығы, тұтынушылықты қанағаттандыру, жеке психологиялық қауіпсіздік пен қол сұқпаушылықты, құштарлық сезімін бақылауды қажет етеді. Қазіргі заман адамының табиғаттан және ғаламнан алшақтығы, оны энергеиканы сіңіруден айырады. Бұл айтылғандарды қарапайым білмеудің өзінен, үнемі толықтырылуға қажетті ішкі дүниенің босауы пайда болады, басқалардың үстінен билік жүргізуге, адамдарға манипуляция жасау мүддесін тудырады. Күш-қауттың қайнар көзін иелену және оны басқару мақсатында басқалардың құлдануының кейбір түрлері шығады.

Манипуляция жасау негізгі таптаурыны (стереотипі) балалық шақта туындап қалыптасады. Балалар үлкендерге тәуелді болғандықтан, олардың мінез-құлық қалыбын (модельін) бейсана түрде есінде ұстап, үйренеді. Бала балалық шақтан бастап, ата-анасының билікке қалай таласатындарын көріп, өз энергиясын қалай қорғауды, оны басқалардан қалай тартып алуды үйреніп өседі. Уақыт өте келе, отбасылық энергожүйеден энергияны қалай алудың керектігі жөніндегі арнйы әдістер пайда бола бастайды. Осы тәжірибені саналы немесе бейсана түрде отбасылық қарым-қатынасқа енеді. Бақталастық күрес және жақындарынан жауап алу мүмкінсіздігі, бұрынғы реніш, балағаттау, бейнет, қорлық пен жақтырмау, сол сияқты үнемі кінәлілік сезімі мен сені елемеу сияқты тәжірибе – мойындатыру мен әсер етуге, өзіне көңіл аудартуға шара жасау күреснің алғашқы себептерінің бірі болып келеді. Назар аудартқызу – энергия алудың негізгі әдісі. Қатынас- жалпы алғанда энергия алу мен берудің қарапайым тәсілі атап айтқанда, дыбыстар мен сөздер энергетикалық толқын ретінде энергия алмасудың бастауы және басқалардың назарын аудартуға мүмкіндік береді. Энергия алмасу – адам өмірінің бүкіл саласында жүзеге асырылады: махаббатта, әңгімелесуде, көңіл күйде және құштарлық сезімінде (нақтылы бір адамға немесе әдетке).

«Бала» жағдайындағы манипуляция - әлсіздік, кінәлілік немесе немқұрайдылық ұстанымында шығады. Субъект баланың ролінде ойнап, барлығын дәл қазір, жедел алуды талап етеді, кесірленеді, бірақ тілегін басқа біреу орындауды қажет салдарымен мәжбүр етеді.

«Ата-ана» жағайында, ата-ана және жақындарының мінез-құлқы жартылай немесе толығымен қайталанады. Басқаларды сынап-мінеу, сілтеу, айтып тастау сияқты бақылау құқығымен билік сезімі қалыптасады. Осының мысалы ретінде, оның әйеліне деген талабы болуы мүмкін: «Барлық заттар өз орынндарында жатуы керек». Бұл жерде өзінің анасының іс-әрекетін қайталағандығын іштей ұғынады.

«Ересек» жағдайында адам өзіне талдау және айналасындағы нақтылыққа талдау жасауға қабілеттіә, өзіне жүктелген жауапкершілікті ұғынады; не істеп, не сөйлегеніне жауап береді. Мұндай адам өзін-өзі үйретуге дайын, әртүрлі ақпараттар көздерін қолдана отырып, берілген жағдайдың әртүрлі түрлерін қарастыруға, өзі үшін қауіпті сезінбестен оларды сабырлы түрде қабылдай отырып, басқа адамдардың ой-пікірін тыңдауға қабілетті.

2. Отбасы өмірінің психологиясы бойынша зерттеулерде әңгіме тек «еркек-әйел» жұбының айналасында ғана жүргізіледі, бірақ отбасы мәселелерінің барлық нұсқаларын қарастыру мүмкін емес. «Барлығына тек мен ғана жауаптымын!» деген ұранға сүйене отырып, шешімнің басқа нұсқасын ұсынамыз. Бұл жерде берілетін кеңестер қатаң түрде жеке дара болып келеді, сонда да болса мәселені шешудің үйреншікті жолы болуы мүмкін. Бірден ескерткеніміз жөн: өзінің жасаған іс-әрекетіне жауапты болу «Мен кінілімін» деп айта салуды білдірмейді. Мұндай келісіміділік кез-келген жанұя жағдайларында сіз екінші (немесе бірінші) оппонент болып табыласыз. Егер сізге айқайласа, сіз де тура солай жауап берсеңіз, атап айтқанда, осы ұрыскеріске сіз кінәлісіз, себебі, сіз жағдайды сабырмен байыптап,мәселені бейбітшілік күйде шешуге тырыспадыңыз. Егер сіз өз қылығыңыз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алғанда, жағдайды сабырлы күйде шешкенде, онда қорытынды да мүлдем басқаша болар еді, яғни отбасы қарым-қатынасы берекелі, тыныш, үйлесімді, күй алған болар еді.

Сіз сезімдеріңізді жинақтап, қарсылығыңызға не қажет, оның іс-әрекетінде мағыналық бар ма, міне, осылардың барлығыны сабырлы түрде талдағаныңызда, күрестен арылуға болатын еді. әдетте, қарсыластың бірі манипуляция жасап, энергияны жоғалту сезілгенде күрес басталып кетеді. Мұндай сәтте бірден күресті доғару қажет.

Әрбір адамның қандай да бір жағдайға өзінің көзқарасы бар. Әңгімелесушінің пікірін ескере отырып, өз таңдауының немесе шешімінің соңғы қорытындысын ұстана отырып, өз сезімдеріңді басқара алатын қабілетіңе және ең жоғарғы дәлдікпен айқындап, дәлелдей алатыныңа сенімді болу керек. Айтысушылар қаншалықты ашық пікір талатырса, мәселені шешудің соншалықты көптеген нұсқалары болады. Тек ішкі дауысты ден қойып тыңдау қажет, өз түйсіктеріңізді жинақтаңыз.

3. Егер энергияны басқа адамға мейірімділік, өз еркімен берілсе, онда энергияның өзара алмасуы еркін және кеңпейілді атмосфераны тудырады да, достық әңгіме кезінде қайдан пайда болғанын білмей де қаласыз, түйсіну шапшаң және өткір, сөз мазмұнды және көлемді болады. Мұның барлығы әңгімелесушінің қуанышты, ерікті, достық сезімінің және мейірімді сәлемдемесінің салдары. Энергияның осындай жандануы – ғашықтардың ара қатынасында да кездеседі, осындай сәттерде басқа мәселелер туралы ойланбайды да, бар ой махаббатқа, өте бір тамаша, жарқын нәрсе маңында шоғырланады. Үйлену тойының соңғы түсінбеушілік, ұрыс-жанжал құпиясы осыдан шығады.

Егер тойға дейін жұптар бір-біріне жарқыраған толқындар жіберсе, тойдан кейін, кішкентай мәселелер керемет үлкен болып көрінеді де қайдағы бір шарулар туралы ойлай-ойлай, зердеде сақталған өткен реніштерді ой сарабынан өткізе келе, олар бір-біріне жағымсыз толқындармен алмаса бастайды.

Бір-біріне деген қарым-қатынас мейірімге толы болуын, өткен реніштерді ұмытуды, мейірім – мейірімді, ашу – ашуды шақырады деген қағиданы пациентке иландырған дұрыс. Барлық жағымсыз жағдайлар өткенге кетіп, ешуақытта қайта оралмауы қажет. Бұл реніштер пациент үшін аған өзіндік құны бар дүние, оларды еске түсірмей, есте тек жарқын, жақсы және қуанышты сәттер қалғаны жөн. Пациент олардың мейірімді күшін сезініп, осы энергияны өзінің жақындарымен кеңпейілді бөлісуі керектігін қалыптастыруы өте маңызды. «Сенің мейірімділігіңе, жомарттығыңа құдай береді!». Жомарттық заңы: «Көбірек берсең, көбірек аласың!» не берсең де риясыз, бергеніңді міндет тұтпау, берген адамыңыздан бірдеңе күтпеу керектігін сезгіштікпен түсінуіңіз қажет, өйткені күту – мазасыздық, үрей және күйгелектік тудырады. Тек қана осы күтуден, қорқыныштан және мазасыздықтан арылу арқылы ғана, өз жүрегіңізге сенуге үйренуге болады. Пациент өзінің жақындарымен қалай бөліссе де – қуанышпен, күлімдеп, жарқын ойлармен, энергиясымен, тіпті жай сүйіспеншілік танытса да жарылқанасың. Жалпы ұранымыз: «Бәрі жақсыч болады!» болуы керек. Ақ, таза жүректен шыққан іс-әрекет, отбасылық өмірді бір қалыпқа келтіретін жаңа кеңістіктер ашады.

Бақылау сұрақтары:

1. Билік үшін күрес дегеніміз не, оның көрінісін сипаттаңыз.

2. Манипуляция жасаудың негізгі таптаурыны қай уақытта қалыптасады?

3. Энергия алу немесе энергия беру ұғымдарына сипаттама беріңіз?

4. «Барлығына тек мен ғана жауаптымын» және «Бәрі жақсы болады» ұрандарына тоқталып, мысал келтіріңіз?
29 лекция

Әйелдердің наразылығын келтіретін еркектердің әрекеттері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Еркектердің шешімдер қабылдау және кеңес беру себептері

2. Еркектердің жол сұрамау себептері, мәселелерді шешу

3. Еркек адамдардың дүкенге барудан қашқақтау себептері, мәселелерді шешу.

Мақсаты: Отбасылық мәселелерді шешу мен болдырмау үшін, студенттерге еркектермен әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін жіті түсіндіріп, мәселелерді шешу тжолдарын үйрету.
Лекция мєтіні

1. Ер адам байырғы заманнан аңшы, тамақ тапқыш рөлін атқарып келді. Оның әр уақытта біреудің соңына түсіп аңдуына тура келді, сондықтан да осыған байланысты шешім қабылдауға тура келді. Қорытындысында, мақсатқа жету немесе тұрмыстық проблемалары болсын, әртүрлі мәселелерді шешуде еркектерге көмектесетін кеңістікті-визуалды аймағы өте жақсы дамыған. Сондықтан да еркектер өз жетістіктерінің дәрежесін, олардың қорытындысына, жетістіктеріне және қабілеттеріне қарап бағалап, проблеманы шешудің әртүрлі түрлерін ұсынады. Ер адам өз проблемаларын өз бетінше, ешкімнен кеңес сұрамай-ақ шеше алатын қабілеті бар деп ойлайды. Бір ер адам басқадан кеңес сұраған уақытта, ол – қошемет сияқты бағаланады.

Әйел адамның миы қарым-қатынас жасауға бейімделген. Ең негізгісі – сұрақтарға жауап және еш шешім қабылдаусыз, тек әңгімелесу мен қарым-қатынасқа бағытталған.

Әйел өз сезімін, жаңалықтарымен, проблемаларымен бөліскісі келсе, ешқандай жауаппен шешім талап етпейді. Ол үшін тек әңгіменің өзінің ғана маңызы зор. Ал ер адам болса проблемаларды қалай шешу амалдарын айта бастайды, ал бұл жағдай әйелдің ашуына тиеді, сөйтіп, әрқайсысы өздерін ренішті күйде сезінеді.

Еркек әйелге кеңес беру арқылы өзінің оған деген махаббатын, қамқорлығын білдіремін деп есептейді. Ал әйел болса, ер адам оны тыңдағысы келмей, одан қашқақтап отыр, оның сезімін еркек қажет етпей отыр деп ойлайды. Әйел адамға оның кеңесі қажет емес, оған тек ішкі дүниесін ашатын, жанын түсінетін, шерін тарқататын адам керек. Ол еркекке: «Маған кеңес керек емес, тек проблемаларымды саған айтқым келеді. Менің айтқандарымды көңіл қойып тыңдай аласың ба?» Еркектен не қажет екендігін еркектің білуі үшін осының өзі жеткілікті.

Әйел әңгімесін айтып отырғанда еркек бірден одан сұрауына болады: «Сен кеңес сұрап отырсың ба, әлде тек әңгімеңді тыңдағанымды қалайсың ба?»

Егер әйел еркектің тек қана зейін қойып тыңдауын сұраса, өте тамаша: еркек отырады да тыңдайды. Басқа жағдайда ер адам шешім қабылдап, кеңес беруге дайын екендігін білдіруіне болады.

Әйелдер, еркектерден не қажет екендігін тура да ашық айтыңыздар, ал еркектер сіздер әйелдерді зейін қойып тыңдаңыздар.

2. Байырғы заманнан бері еркектер аңшылықпен айналысқан, осының салдарынан кеңістіктегі бағытқа жауапты мидың кеңістікті аймағы оларды джақсы дамыған. Ер адамдарда бағыт сезімі де өте тамаша жетілген. Тұратын жерінен өте алыстап кетсе де, қайтар жолды тез тауып алатын болған. Еркектер еш уақытта адаспайды – тек басқа белгілеу пункттерін тауып отырған. Егер еркектер бір болған жерлерін тез таба алатын болса, әйелдерде керісінше. Әйелдер әруақытта үймен айналысып отырғандықтан, тұрған жерлерінен алысқа шықпаған. Әйелдер тек төбешіктер мен ғаш немесе үлкен тас, тағы басқа белгілі объектілер арқылы болған жерлерін тауып отыруға үйренген, сондықтан да оларда бағыт сезімінің дамуының қажеті де жоқ еді. Әйел адамға бағытты түсіндіру үшін, еркек оған тек белгілер арқылы түсініктеме бере алған: ағашқа, үйдің түр-түсіне, көшенің аталуына және тағы басқаларға байланысты.

Егер әйел сол уақытта ер адамды сынап немесе кеңес бере бастаса, еркек терең қорланған күйге түседі, жолды таба алмайтын, өмірдегі қажетті маңызды заттарды білмейтіндей сезінеді. Сондықтан да еркек, жолды таба алмайтындығын еш уақытта мойындамайды.

Мәселені шешу. Егер сіз ұрыс-жанжал болмасын десеңіз немесе үйге жаяу қайтпас үшін, белгілі бір пунктке жетуде ер адамға тұрғын жердің дәлме-дәл картасын сатып алып беріңіз немесе оның басқа адамнан сұрап білуі үшін сіз сәл ғана уақытқа салтыу тауып қасынан кетіп қалыңыз.

3. Жақсы аңшы дағдысының даму қорытындысында еркектерде туннельдік көру жүйесі жақсы қалыптасқан. Бұл жағдай А пунктінен В пунктіне жетудің ең қысқа жолын табуға көмектескен. Дүкенге барғанда да, міне осындай күйде жүрді, яғни ешқайда бұрылмастан, тура барып, тур қайту. Ал, дүкеннің ең керекті зарттарды тауып алу үшін сөрелер арасын ирелеңдеп жүріп қарауға тура келеді. Мұндай қозғалыс ер адамға қиындық түсіреді, өз-өзіне деген сенімінен айрылады, қай бағытқа бұрылса да ойланып шешім қабылдауға әкеліп соғады.

Ал әйелдерде перифериялық көру жақсы дамыған, сондықтан да дүкенде олар жеңіл бағдарлана алады.

Ерлер аңшылықта,түскен олжаларын тез өлтіріп, сол сияқты үйге тез оралады. Дүкенге барғанда да тап осы күйде тез-тез аралап шыққанды қалайды. Ал әйелдер болса, ерте заманда азық-түлікті қалай жинады, яғни асықпай тиянақты қарауға үйренген. Олар ерте кезде әрбір төбешіктерге шығып, күні бойы қай жерде қандай тамаққа жарар азық, жеміс-жидек бар, сараптап, мұқият аралаған. Уақытқа олар еш көңіл бөлмеген. Осындай жиналыстарда олар құрбыларымен жаңалықтармен бөлісіп, әңгімелесуге мүмкіндіктері болған. Бір-бірімен байланыссыз, әртүрлі тақыроыпта әңгіме-дүкен құрған. Жеуге татитындай азық-түлік таба алмаса да олар үйлеріне сондай қанағаттанған күйде оралған. Дүкен аралау, әйелдер үшін күйзелістен құтылудың бір жолы.

Егер ер адам үйге құр алақан оралса, ол өзін жолы болмайтын бейбақ сезінген. Сондықтан да ер адам дүкеннен сіз тапсырған нәрсені әкелмей басқа бірдеңені әкелсе тіптен де таң қалмаңыз. Қазіргі заман зертетулері бойынша, дүкен аралау ер адамдарды күйзеліске түсіреді екен, әрине бұл денсаулыққа өте зиян.

Киім сатып аларда ер адамнан: «Он көйлектің ішінен қайсысын сатып алған дұрыс? Қайсысы сәйкес келеді?» - деп еш уақытта сұрап керек емес. Ер адам ешқашан да бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Еркектің миы салыстыруға дағдыланбаған.

Проблеманы шешу. Егер ер адамды дүкенге жіберсеңіз, не сатып алу керек екеніне анық нұсқау беріңіз. Оның маркасын, тауар мөлшерін, көлемін, түр-түсін, баға диапазонын, бәрін-бәрін «тайға таңба» басқандай етіп және де тек қана бір затты тапсырыңыз. Осындай жағдай ғана тиімді нәтиже береді.



Бақылау сұрақтары:

1. Ер адамдардың өз проблемаларын шешу әрекеттеріне талдау жасап, мысалдар келтіріңіз?

2. Отбасындағы ер мен әйел арасындағы бір-біріне кеңес беру мәселелері?

3. Эмоциялық шантаж дегеніміз не?

4. Әйелдердің өз проблемаларын шешудегі жеке әрекеттері?
30 лекция

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы – бала үшін тұлғалық қалыптасу көзі ретінде.

2. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістері

3. Педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнер ретінде.
Мақсаты: Студенттерді баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы отбасы мен мектептің, педагогтың атқаратын ролі, мәні мен маңызы, ерекшеліктері, педагогқа қажетті іскерлік дағдылар, мінез-сипаттары жайлы теориялық, практикалық білімдермен қаруландыру.
Лекция мєтіні

1. Отбасы, мектеп пен мектпеке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың барлығы да тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, соынсын таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде болады.

Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.

Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүр, ұстанымдар, әрекет-қылық үгілері тұлға микроэлементіне бавстау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:

- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғасытру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі)

- шаруашылық-экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалануғ еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);

- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұямен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру)

- қайта қалпына келу (рекреативтік – бос уақыттардағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күшқуатының денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету);

Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұастанымдарына байланысты.

Тұлғаның әлеуметтенуіне жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескертуде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтастырылады. Олар: құрылымы бойынша, әкімшіл отбасы, адамгершілікті қатынас түрі, либеральды стильдік қатынас отбасы.

Сондай-ақ отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ерекшеліктері де қалыптасқан.

2. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық – сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің барлығы баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан де тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесіндегі іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы рақымшылыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады.

Педагогикалық әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады:

- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғамда мемлекетте қолдап, қуаттады.

- іс-әрекет – ортақ мақсатты іск асыруға бағытталады: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесінде болған ерекше жауапкершілігін танытады.

- жауапты тәуелді қатынасында болуын ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.

- сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжым – кез-келген профессиограмма компоненті болып мәдениет табылады. өндіріс күштері, ғылым мен экономика қажеттілігі, бүгінгі күні нақтылы жұмыс орнында қандай маман керек екендігін, оның ертеңгі күнгі деңгейінің қандай болуы туралы болжамдар жасауды қажет етеді.

Бүгінгі маман, қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстары, іс-әрекетке байланысты ақпараттық техникалары пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білуі қажет.

«Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілікті сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмтылатын, жаңа шешімдерді білу, енгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болуы керек»

Бұл айтылғандардың барлығы педагог-мамандары үшін оны тек белгілі бір пән мұғалімі ғана ретінде танып білмей, ол қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы, үлкенді-кішілі ұжым басқарушысы оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы оны жетілдіруші,, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп қараған жөн.



3. Педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнер де. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтың позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өімрег оптимистік көзақарасы, адамдардың гуманистік потенциалы сенімі жатады. Мұндай мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.

Өкінішке орай, бүгінде педагог мамандығын көпшілік кәсіпке айналдыруда. Сондықтанда болар біздің қазіргі кездегі оқу-тәрбие мәселесінде бір қатар олқылықтарға жол беріп отырғанымыз.

Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тұлғаның жан-жақты дамуы жөніндегі мәселелерді қамтымағанымен негізінен аталған мәселе, әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады. Өйткені, жеке адамның дамуы оның материалдық және рухани қажеттілігі арқылы шешіледі. Сондықтанда, келешек педагог мамандарды дайындауда, педагогиканың дамуында тұлғалық-бағдарлық парадигманы алға тарту қажет. Ол тұлғаның педагогикалық қызығушылығына, өзінің шығармашылық потенциалын максималды жүзеге асыруға қажетті білім және біліктермен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Педагогикада педагогикалық шеберлік ұғымына аса көп мән береді. Десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрлымы жайлы ортақ пікір қалыптасты деу қиын.



Педагогикалық шеберліктің негізгі ерешеліктері бағдарлық қабілеттілігі, педагогтік әдептілігі, айқын сөйлеу екпіні, педагогтік техника, педагогтік тәуекелдік, бедел болып табылады.

Бағдарлық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде, мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір негізгі болып табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық көзқарасқа қарама-қарсы педагогика ғылыми тұқымқуалаушылық факторлардың белгісі бар, роллі барлығын жоққа шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасып, дамиды деп дәлелдейді.

Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып береді, олар белгілі бір әлеуметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбей қалуыда мүмкін. Бұл оптимистік педагогиканың концепциясы, тәрбие мен оқыту ісінің барлық теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде интеллектуалдық ерекшеленетін, дарындылық, қабілеттілік, бейміділік байқататын оқушыларды анықтау, оларға қамқорлық бағыт беруде педагогтың бағдарлық қабілеттілігі маңызды қасиет болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Баланың жекелік дамуы мен тұлғалық қалыптасуындағы отбасының ролі мен маңызына сипаттама беріп, мысалдар келтіріңздер?

2. Отбасылық қандай қызметтер бар, мысалдар келтіріңіз?

3. Отбасылардың өзіне тән ерекшеліктеріне орай қалай топтастырылады?

4. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер қатары?

5. Педагогикалқ шеберліктің негізгі ерекшеліктері?




10. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып аты, бөлімі, мазмұны

Сағат

саны

Бақылау формасы

ТОҚ

Әдебиеттер

1

Отбасы психологиясы – жаңашыл психологияның саласы ретінде;

1. Отбасы психологиясына түсінік;

2. Отбасы психологиясының міндеттері,


1

Тестілік сауалнама

Бүктемелер

1,2,3,4,

5,6,11,


12,13,

21,25,27


2

Отбасы дамуының кезеңдері

1. Отбасы дамуының кезеңдері;

2. Отбасылық өмірдің бұзылыстарын қамтамасыз етуші, факторлар;

3. Отбасылық дағдарыстар;



1

Глоссариймен жұмыс

Пл № 2

4,6,7,8,

9,10,12,


14

3

Жекелік психикалық зардаптар;

1. Психикалық зардап түсінігі;

2. Отбасының нервтік-психикалық зорлануы;


1

Сөзжұмбақ

Тірек сызбалар

1,2,3,4,5,

6,11,12,


13,21,25

4

Отбасылық өмірдегі жекелік қалыптасу бұзылыстары;

1. Отбасылық қызметтің психологиялық қасиеттері;

2. Отбасылық талап деңгейі;


1

Жазба бақылау жұмысы

Сызбалар

3,5,7,9,

12,15,17,

26,35,

36


5

Отбасындағы адамаралық қарым-қатынастар бұзылыстары

1. Қарым-қатынас жолдары жайлы ілім,

2. Психикалық зардаптың бастаулары;


1

Тестілік сауалнама

Суреттік әдістемелер

1,2,3,4,5,

6,11,12,13

21,25,27


6

Отбасындағы құрылымдық-ролдік аспект пен оның бұзылуы

1. Отбасындағы рольдер құрылымы,

2. Отбасындағы потенциалды рольдер;


1

Жазба бақылау жұмысы

Сызба әдістемелер

1,2,3,4,

5,6,11,


12,13,

21,25,27


7

Отбасылық диагностика әдістері

1. Отбасын зерттеу мен оның бұзылыстарының диагностикасы

2. Отбасылық диагноздың қалыптасуы мен міндеттері

3. Отбасылық психотерапия;



1

Тестілік сауалнама

Бүктемелер

3,5,7,9,

12,15,17,

26,35,36


8

Отбасылық өзара қарым-қатынастың психотерапевтік коррекциясының әдістері

1. Отбасылық психотерапияға жағымды қатынастың қалыптасуы;

2. Психотерапияны жүргізу мен ұйымдастырудың жалпы кескіндері;

3. Отбасылық психотерапиялық әдістер;



1

Жазба бақылау жұмысы

Сызба №5

4,6,7,8,

9,10,12,


14

9

Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама

1. Мақсаттары мен міндеттері;

2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары,


1

Сөзжұмбақ

Тесттер

3,5,7,9,

12,15,17,

26,35,

36


10

Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны

1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»

2. Мақсаттары мен міндеттері

3. «Баланың жеке басын дамыту мектебінің» іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары



1

Тестілік сауалнама

Қима-қағаздар

4,6,7,8,

9,10,12,


14

11

Отбасылық дағдарыстар

1. Отбасылық қалыпты дағдарыстар;

2. Отбасындағы қалыптан-тыс дағдарыстар;


1

Жазба бақылау жұмысы

әдістемелік тесттер

3,5,7,9,

12,15,17,

26,35


12

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері

1. Отбасындағы бала дамуының кезеңдері;



1

Тестілік сауалнама.

Тірек-сызбалар

4,6,7,8,

9,10,12,


14

13

Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері

1. Отбасы психотерапиясы;

2. Отбасы психотерапиясының мектептері және бағыттары;


1

Эссе

Бүктемелер

1,2,3,4,5,

6,11,12,13

21,25,27


14

Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

1. Отбасымен жұмыс;

2. Мақсат мен міндеттерін қою;


1

Тестілік сауалнама

Пл №3

3,5,7,9,

12,15,17,

26,35,36


15

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері;



1

Жазба бақылау жұмысы

ДМ

3,5,7,9,

12,15,17





Барлығы

15











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет