Лекция 4 Мұнай өндіру саласы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.Мұнай өндіру саласының логистикада алатын орны мен қазіргі жағдайы
2. Мұнай өнімдерін тасымалдау логистикасы
3. Мұнай өндіру, өңдеу мәселелері
Мақсаты: Қазақстанда мұнай өндіру, тасымалдау саласының логистикада алатын орнын айқындау
Бүгінгі таңда мұнайгаз кешенін дамыту Қазақстан Республикасының экономикасында маңызды рөл атқарады. Мұнайгаз саласынан түсетін түсімдер елдің барлық бюджетінің негізі болып табылады. Аймақтардың да, тұтастай мемлекеттің де ауқымында мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру мұнайгаз кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Қазіргі уақытта ҚР Орталық Азияға шикі мұнай жеткізуші ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші 15 елінің қатарына кіреді. Мұнай-газ аудандары бүкіл ел аумағының 62 пайызын алып жатыр және 172 мұнай кен орны бар, олардың 80-і игерілуде.
Теңіз кен орындарын ең алғашқы рет 1824 жылдан бастап меңгерген. Осы кезде Алшерон түбегінде Баку аймағындағы жағалаудан 25-30 м жерде мұнай құдықтарын құрып, мұнайды терең емес горизонттардан ала бастаған. Каспий теңізінің жағалауларында мұнай газ кен орындары100 жыл бұрын игеріле бастаған. 1891 жылдан бастап АҚШ-та теңіз түбегінде көмірсутек шикізатының қоры бар аймақтар сатыла бастаған. Осы жылдары Колифорниялық жағалауда мұнай кенішіне жететін 200 м қашықтыққа дейін көлбеу ұңғылар бұрғылана бастады. 1936 жылы Каспий теңізінің шельфінде, ал 1947 жылы Мексикалық ағыс шельфінде свайлық негізі бар бұрғылау платформаларды құрды.
Қазіргі уақытта шельфте көп мөлшерде әртүрлі бұрғылау қондырғылары пайдаланылады. Жыл сайын жуықтап 1000 іздеу-бұрғылау ұңғылары және 2000 пайдалану ұңғылары бұрғыланады. Жалпы әлемде 100000 ұңғылары бұрғыланған
Әдебиеттер:
1. М.А. Эскиндарова, А.В. Шаркова, И.А. Меркулина Экономика и финансы топливно-энергетического комплекса. Учебник, Москва : КНОРУС, 2019 - 448 с.
2. Александров, О. А. Логистика : учебное пособие / О. А. Александров. – Москва : ИНФРА-М, 2020. – 217 с
3. Логистика : учебник / под ред. Б. А. Аникина. — 4-e изд., перераб. и доп. – М. : ИНФРА-М, 2019. — 320 с.
4. Авдеев И.С. Оптимизация схем доставки продукции для предприятий малого нефтяного бизнеса/Конъюнктура товарных рынков.-2014. -№2.—с. 77-82.
5. Авдеев И.С. Формы закупок предприятий малого нефтяного бизнеса//Риск.-2014. -№2.— с. 12-14.
6. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |