Лекцияның мәтіні: Басқарудың басты пункіті – басқаруды қалыптастыру және мақсатты таңдау болып табылады.Мақсаткерлік – басқару жүйесінің басты қасиеттерінің бірі.Басқару мақсаты- басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы,оған қол жеткізу үшін басқару обьектісінің жұмыс істеуі.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды роөл атқарады.Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялық мәніде бар,өйткені мұның өзі ұжымның өз ісіне сенімділігін арттырады,өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді,әрі кейбір мақсаттың орындалуынан қанағат алады.Мақсат неғұрлым биік,мәртебелі болса,эмоция да соғұрлым әсерлі,мұның өзі түптеп келгенде мақсатқа тезірек жетуге ықпал етеді.
Ұйымда әртүрлі мақсаттар болуы мүмкін,мұның әсері әр түрлі типтегі ұйымдарға қатысы бар.Мәселен,кәсіпорынның басты міндеті – белгілі бір мөлшерде тауар шығару немесе қызмет көрсету.Басты мақсат,оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді.Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру,ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру,ресурсты үнемдеу,табысты көбейту,ұжымның әлеуметтік дамуы,әлеуметтік саланың қазіргі материалдық базасын қалыптастыру,жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау,адамдарды,қоршаған ортаны қорғау және жақсарту.
Мақсат бірнеше сипаттамаға ие болады.Біріншіден мақсат нақтылы және өлшемді болуы тиіс. Өз мақсатын нақты өлшемдерде нышандарда белгілей отырып,басшы келесі шешімге нақты база жасайды және жұмыс барысын бағалайды.
Тиімді мақсаттың екінші сипаттамасы болжалдаудың нақты горизонты болып саналады,бұл нәтиже қашан болатындығын айқындайды.Мақсат ұзақ және қысқа уақыт аралықтарында белгіленеді. Ұзақ мерзімдік мақсаттың шамамен бес жылдай,ал технологиясы озық фирмаларда – кейде оданда көп жоспарлау горизонты болады.Қысқа мерзімдік мақсат көпшілік жағдайда ұйым жоспарының біреуін ғана қарастырады..оны бір жылда аяқтау көзделген.Орташа мерзімдік мақсаттық жоспарлау горизонты бір жылдан бес жылға дейін.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс.Не ресурстардың жеткіліксіздігінен,не сыртқы факторлардан баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін.Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта ықыласын кемітеді.
Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне-бірі ықпал етуі бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім,басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.