Лекцияның мәтіні: Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрылымының тиімділігі былайша анықталынады-өндірістік ұйым қызметінің тиімділігі басқару жүйесінің іс-әрекет жасау тиімділігіне,ұйымдық құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік критерийлерінің (өлщемдерінің) кешенді жиыны оның іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:
өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу денгейі бойынша;
жүйенің іс-әрекет жасау процесінің өз мазмұнына қоятын обьективті талабының,ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу денгейі бойынша.
Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда қолданылатын тиімділік өлшеміне өзінің іс-әрекетінде салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі жатады.
Басқару процесінің тиімділігін бағалауда сандық және сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады.Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі - басқару аппаратында істейтін бір қызметкерлерге шаққанда ұйым өндіретін түпкілікті өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі – обьектімен немесе өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты іс-әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын ұстап тұру үшін қажетті шығынның үлес салмағы,басқарушы қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.)
Басқару жүйесінің бейімділігі - өзгермелі жағдайлардың белгілі бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау қабілетіне қарай анықталынады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде неғұрлым кең болса,жүйе соғұрлым бейімді бола түсебі.
Басқару құрылымының икемділігі – басқару аппараты органдарының шешім қабылдау процесінде пайда болған ахуалға сәйкес өзінің рөлін өзгертіп,бәсекелестік күрес,болжауға келмейтін белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы ерекшелігін сипаттайды.
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі – басқарудағы мәселелерді уақытылы анықтауды,сондай-ақжолға қойылған процестің тұрақтылығын сақтай отырып,алға қойылған мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.
Басқару аппаратының сенімділігі – тұтастай алғанда оның алға қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауынсипаттайды.Басқару аппаратының сенімділігін оның орындаушылығымен,яғни міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.