ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ.
«Алаш» партиясы адамдарды ұлтына, нәсіліне, тегіне қарап кемсітуге, осының негізінде ұлтаралық дүрдараздықтар туғызу атаулының бәріне үзілді-кесілді қарсы тұрады және күреседі де» . Бұдан әрі партиямыздың Бағдарламасында жазылған тағы мынадай тұжырым бар: «Сонымен бірге мынаны бүкпесіз, ашық айту керек. «Алаш» партиясы – қазақ ұлтының болашағына, әлемдік қауымдастықта оның лайықты орнын алатындай қуатты ел болуына қызмет етуді өзінің ең басты мақсаты, әрі парызы санайтын партия».
Енді өзіңіз бағамдап көріңіз, «Алаш» ұлт партиясы ма, жоқ әлде «интернационалдық» партия ма? Жалпы «ұлт, ұлтшылдық, интернациолистік» деген сөздердің мағнасын көзі ашық, оқыған ағайындарымыздың бәрі жақсы біледі. Бұл «қисыны да, қиястығы да» жеткілікті болған мектепті біз кешегі Кеңес дәуірінде бастан өткерген едік қой… Мен өзім өткеннің бәріне күл шашуды жақтай алмаймын. Әр нәрсеге байыппен қарап, тарихи тұрғыда байыппен баға берген дұрыс.» деп өз пікірін ойын білдіреді.
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |