1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕРКІНДІК КӨШІМІНІҢ ЛИДЕРЛЕРІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИДЕЯЛАРЫН АНЫҚТАУ.
Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси-құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады. Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды. Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси-құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді. Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.
Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды[4,2]. А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама жасады.
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.
Достарыңызбен бөлісу: |