Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет2/18
Дата10.06.2017
өлшемі8,19 Mb.
#18986
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары


Рет №

Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны



Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.

Шолу


1



Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің медицинадағы маңызы.

Шолу

1



Энергия алмасуы. Энергия алмасуына қатысатын ферменттер. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы ыдырау жолдары. ҮКЦ. Биологиялық тотығу. Тотығудан фосфорлану.

Шолу

1



Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Глюкозаның тотығу түрлері туралы түсінік.

Шолу

1



Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтердің тасымалдану формалары.

Шолу

1



Күрделі белоктар алмасуы. Гемоглобин алмасуы. Сарғыштану түрлері.

Шолу

1




Барлығы




6



Күзгі семестрдегі (Ш) тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары


Рет№

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі

Өткізу түрі

Сағат саны

1.


Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері: элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, көлемінің үлкен және белгілі пішінде болуы. Ыдырау өнімдерінің жалпы табиғаты. Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы байланыстүрлері, амфотерлік қасиеті. Белоктарға арналған түсті реакциялар. Белок зарядының орта рН-ы мен амин қышқылдық құрамына тәуелділігі.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1


2.

Белоктар

Белоктардың жалпы қасиеттері. Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының құрылымдары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, атқаратын рөлдері



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

3.

Күрделі белоктар.

Гликопротеиндер, хромопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

4.

Белоктар

Белоктардың маңызы, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері;құрылысы, рөлдері.



Нуклеин қышқылдары. ДНҚ мен РНҚ-ның құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар мен тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.


Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

5.

Ферменттер.

Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі, ферментативті катализдің ерекшеліктері. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

6.

Ферменттер.

Лиазалар, трансферазалар. Өкілдері, құрылысы, ролі.

Трансферазалар мен лиазалардың құрамындағы витаминдер


Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

7.

Ферменттер. Оксидоредуктазалар;дегидрогеназалар, цитохромдар, каталазалар, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамындағы витаминдер

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1



8.

Энергия алмасуы.

Катаболизмнің арнайы жолдары,үш карбон қышқылдарының циклі, маңызы, ретпен жүретін реакциялары, ҮКЦ-ң атқаратын қызметтері. Электрондарды тасымалдау тізбегі. Тотығудан фосфорлану. Тотығудың негізгі түрлері.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

9.

Ферменттер.

Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің белсенділіктерінің реттелуі. Ферменттердің жіктелуі. Жеке өкілдері, құрылысы,каталитикалық әсері.



Энергия алмасуы.

Энергия алмасуының сатылары. Тотығудың негізгі сатылары(оксидазды, пероксидазды, пероксидтік, оксигеназдық). α-амилаза, пероксидазалар және каталазалар әсерінің нәтижелерін көрсету және түсіндіру. Энзимодиагностика, энзимотерапия



Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

10.

Витаминдер

Витаминдер, түсінік, алиментарлық және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар, жіктелуі.

Суда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.


Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

11.

Витаминдер

Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.



Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Демонстрация и интерпретация Суда еритін витаминдердің сапалық реакцияларының нәтижелерін көрсету және түсіндіру.

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

12.

Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.

Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары.



Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез.Глюкозаның тіндердегі өзгерістері.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

13

Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез.Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолмен тотығуының сызбанұсқасы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

14.

Көмірсулар алмасуы.

Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасындағы глюкозаның мөлшерін (глюкозоксидазды әдіспен және глюкометрмен анықтау әдістері) анықтауды және қаңқа бұлшық етіндегі анаэробты гликолизді зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

15.

Аралық бақылау: Ферменттер. Витаминдер

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1





Барлығы




15 сағат



Көктемгі семестрдегі (ІV) тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары


Рет №

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі

Өткізу түрі

Сағат саны



Липидтер алмасуы.

Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелердің ролі. Организмде хиломикрондар мен липопротеиндердің түзілуі және ролі.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Липидтер алмасуы.

Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен май қышқылдарының өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық процестерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.



Ауызша сұрау, кесте толтыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Липидтер алмасуы.

Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.



Ауызша сұрау, зертханалық жұмыстарды жасау

1 сағ.



Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатылары. ЛПТ және организмнің антиоксиданттық қорғаныш жүйесі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.

Майлардың қорытылуына ұйқы безі сөлі липазасының әсерін зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Белоктар алмасуы.

Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Ішекте белоктардың шіруі, ағзада белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.

Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтауды және асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.


Ауызша сұрау, сызбанұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Белоктар алмасуы.

Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.



Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Хромопротеиндер алмасуы.

Гемоглобин синтезі мен ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану).



Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік.

Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.



Ауызша сұрау, сызбанұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Жай және күрделі белоктар алмасуы. Асқазан сөлінің биохимиясы.

Заттар алмасуының өзара байланысы. Бауыр биохимиясы.

Қан сарысуындағы белоктар алмасуының соңғы өнімдерінің: мочевина, креатинин, билирубин мөлшерін анықтауды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Осы талдамалардың медицинадағы маңызы.



Ауызша сұрау, кесте толтыру, зертханалық жұмыстарды жасау

1 сағ.



Гормондар.

Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.



Ауызша сұрау, тесттерді шешу

1 сағ.






Гормондар.

Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар: инсулин, глюкокортикостероидтар, глюкагон, адреналин, норадреналин, соматотропты гормон, соматомединдер. Қант диабеті кезіндегі биохимиялық процестердің бұзылыстары.



Ауызша сұрау, кесте толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Заттар алмасуының гормондар арқылы реттелуі.

Гормондар, жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері. Эпифиз, гипоталамус, гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы, ұйқы безі, бүйрекүсті және жыныс бездерінің гормондары. Эйкозаноидтар.



Ауызша сұрау, кестелерді толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.





Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктар, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

Ауызша сұрау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар және алкалоздар, олардың түрлері. Макро- және микроэлементтер, олардың ролі. Су мен минералды заттар алмасуы және оның реттелуі.

Ауызша сұрау, сыз-банұсқа құрастыру, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері.

Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі.



Ауызша сұрау, кестелерді толтыру, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.



Аралық бақылау: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы.


Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1 сағ.




Барлығы




15 сағат


2.8. Биохимиядан студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тақырыптық жоспары



Рет

Тақырыптың аты

Мазмұны

Өткізілу түрі

Сағат саны

Күзгі семестр




1.

Белоктар химиясы

Құрылымдық белоктар (коллагендер, эластиндер, кератиндер) және күрделі белоктар (фосфо-, липо-, металлопротеиндер)

Сөзжұмбақ құрастыру

5


2.

Энзимодиагностика. Энзимотерапия

Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы. Медицинадағы ферменттер.

Презентация

4

3.

Витаминдер

Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.

Кесте құрастыру

5

4.

Адам тінінің көмірсулары.


Адам тінінің негізгі көмірсулары, олардың құрылысы мен биологиялық ролі. Негізгі тағам көмірсулары. Жасушаның құрылымдық-функционалдық компоненттерінің көмірсулары. Гликопротеиндер мен протеогликандардың көмірсу бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметтері.

Реферат

4


Көктемгі семестр

5.

Адам тінінің липидтері.


Адам тініндегі маңызды липидтер. Қорға жиналатын және құрылымдық липидтер. Адам тінінің негізгі фосфолипидтері мен гликолипидтері: фосфоглицеридтер, сфинголипидтер,гликолипидтер,гликосфингофосфолипид-тер. Фосфолипидтер мен гликолипидтердің атқаратын қызметтері. Омега-3 және омега-6 қышқылдары – өкілдері, маңызы,метаболизм жолдары, Липидтер алмасуының бұзылыстары

Конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы әр түрлі тест формаларын дайындау



4

6.

Микроэлемент тер – алмасуы және ролі.


Жеке микроэлементтердің: темір, йод, фтор, марганец, селен, мырыш, мыс, кобальт алмасуы және ролі.

Кесте құрастыру

4

7.

Қанның, сілекейдің, зәрдің- ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама.

Қанның, сілекейдің, зәрдің – ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама

Презентация

5

8.

Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері.

Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері. Тіс тінінің қалыптасуындағы витаминдер мен гормондардың ролі.


Оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы тест құрастыру, презентация

5

Барлығы:


36 сағат


Оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары


Рет

Сабақ тақырыптары

Өткізу формасы

Оқу сағаты-ның көлемі



Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері, атқаратын қызметтері. Белоктарға және жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2



Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2



Белоктар. Күрделі белоктардың жеке өкілдері-нуклеопротеиндер(НП).

Нуклеин қышқылдары

ДНҚ, РНҚ құрылымдары және маңызы.




Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2



Ферменттер.

Жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері. Фермент активтілігінің реттелуі.Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.Гидролазалар- жіктелуі, түзілу орындары және жеке өкілдерінің каталитикалық әсерлері.




Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру.

2



Ферменттер

Гидролазалар,трансферазалар, лиазалар: құрылыстары және жеке өкілдерінің каталитикалық әсерлері.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

6.

Ферменттер.

Оксидоредуктазалар, құрылысы, каталитикалық әсері.



Энергия алмасуы. Энергия алмасуының негізгі сатылары.Тотығудың негізгі түрлері (оксидазды, пероксидазды, пероксидті,оксигеназды).Ағзаның антиоксидантты жүйесі.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

7.

Витаминдер

Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоз, жіктелуі. Суда еритін және майда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминоз, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, іскерлік ойындар.

2

8.

Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.Көмірсулар алмасуы.

Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.




Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

9

Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Глюкозаның гликолитикалық тотығуы. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

ІV семестр

10

Липидтер алмасуы.

Тағам липидтері және олардың ролі. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелер мен тіндердің ролі. Липидтердің тасымалдану формалары.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2



11.

Липидтер алмасуы.

Глицерин мен май қышқылдарын анаболикалық және катаболикалық үрдістерге пайдаланылуы.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

12.

Липидтер алмасуы.

Активті сірке қышқылының пайдаланылу жолдары. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Холестерин алмасуы туралы түсінік. Липидтер алмасуының бұзылыстары.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

13.

Белоктар алмасуы.

Жай белоктар алмасуының ерекшеліктері. Белоктардың қорытылуына, сіңірілуіне және шіруіне сипаттама. Белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру. Жасушада амин қышқылдарының қолданылуы




Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

14.

Күрделі белоктар алмасуы.

Гемоглобин синтезі мен ыдырауы. Сарғыштану.

Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.


Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

15.

Белоктар алмасуы. Асқазан сөлінің биохимиясы.

Заттар алмасуының өзара байланысы. Бауыр биохимиясы.


Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

16.

Гормондар.

Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

17.

Гормондар.

Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар. Қант диабеті кезіндегі биохимиялық процестердің бұзылыстары



Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

18.

Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктар, қалдық азот, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

Барлығы:

36 сағат

2.9. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А. және т.б. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері», Алматы, 2000 ж.

2. Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.

3. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

4. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.

5. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

6. Плешкова С. М. және басқалары «Биологиялық химиядан практикум», Алматы, 2004 ж.

7. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.


Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

5. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы



1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

2.10. Сабақ беру және оқыту әдістері: дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды және СӨЖ-ді өткізу формалары

Дәрістер: шолу, лекцияларда техникалық оқу құралдары мен дәріскердің студенттермен «кері байланысы» қолданылады.

- Тәжірибелік сабақтар: оқу топтарындағы тәжірибелік сабақтар оқытушымен бірге сабақтың сұрақтарын талдау, тақырыптың материалын меңгерілуін бақылау (сұрақтарға жауап, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау), метаболикалық карталармен жұмыс, сызбанұсқалар мен кестелерді толтыру, семинарлар, шағын топтарда жұмыс істеу (зертханалық жұмыстарды орындау) бағдарламалық бақылау билеттері бойынша жазбаша бақылау түрінде өткізіледі.

- Аралық бақылаулар блоктар бойынша, шағын топтарда жұмыс істеу (зертханалық жұмыстарды орындау) түрінде өткізіледі.



- Студенттердің өзіндік жұмысы: студент өз бетінше әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базаларымен және кешенді оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді құрастыру және шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ құрастыру, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғауды қамтиды.
2.11. Студенттердің білімдері мен дағдыларын бағалау критерийлері және ережелері

Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақ барысында және СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында жүзеге асады.

Мақсаты – студенттердің теориялық материалды меңгеруін, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуін жүйелі түрде бақылау.

Студент аралық бақылаудың сұрақтарына блок бойынша жауап бергені үшін, зертханалық жұмыстардың хаттамаларын орындағаны мен безендіргені үшін, бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бергені үшін, тесттерге жауап бергені, жағдайлық есептерді шешкені, СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін балл алады.



Дәрістер

Студенттің дәріске қатысуына және дәріс конспектілерінің бар болғанына балл қойылмайды, бірақ дәріс материалдарының сұрақтары аралық және соңғы бақылауға міндетті түрде енгізілетін болады.



Тәжірибелік сабақтар

Орындау критерийлері:

-тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу.



Білім құзырлылығын бағалау

100% - Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланып, барлық сұраққа дұрыс және толық жауап бергенде.

95% Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

90% Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа сәйкес келгенде, теориялық материалды дұрыс таңдап алынған мысалдармен бекіте алғанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда. Формула жазғанда 1-2 болмашы қате жіберуге рұқсат етіледі.

85% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 2-3 болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына берген жауабында болмашы қате болғанда, формула жазғанда 2-3 болмашы қате жібергенімен, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 3-4 болмашы қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, қисынды ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермесе де, негізгі түсініктерді келтіріп, формула жазғанда 3-4 болмашы қате жібергенімен, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда.



75% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Тапсырмаларды орындау барысында 1-2 болмашы қате жібергенде. Зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, жұмыс хаттамаларын жазып, жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасай білгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда, формула жазғанда 4-5 болмашы қате жібергенде.

70% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білім тереңдігі таяз, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және ары қарай бағдарламалық материалды меңгеруге қажет дағдыны білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындағанда, оның 80%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігінде (50-60%) қате жібергенде.

65% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге қажет білімі жететін болса. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 70%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігі қатемен жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

60% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 50%-ға жуығы ғана дұрыс орындалса. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулалар мен реакциялар қате жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

55% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 25%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулаларды жаза алмағанда, реакци теңдеуін жазуға деген талпыну болғанда.

50% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 10%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың ең болмағанда 1 сұрағына толық жауап бермегенде.

45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) орындамағанда. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде.
Биологиялық химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері

100% – Берілген жағдайлық есептерді толық интерпретациялағанда және зертханалық жұмыстарды сапалы түрде орындап, При полной интерпретации представленных ситуационных задач и качественном выполнении лаб работ и оформ пр и выводов.

95% - Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (витаминдерді, витаминтәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

90% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (витаминдерді, витаминтәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

85% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (витаминдерді, витаминтәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

80% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алмады, диета немесе жеке препараттарды (витаминдерді, витаминтәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда кейбір ұсыныстарды ғана бере алды. Студент өз бетімен зертханалық жұмысты орындап, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырды, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасағанда қателесті. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

75% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алмады, ұсыныстар бергенде қиналады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды, зертханалық жұмыс бойынша толық қорытынды жасамады. Өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

70% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ дерлік.

65% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер мен қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

60% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын толтыруда қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, жұмыс қорытындысын қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

55% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бермейді, зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, оны қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

50% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бермейді, зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, жұмыс нәтижелерін қорғай алмайды.

45% Студент сабақта болды. Тапсырманы орындамады, шағын топта жұмыс жасауға ынталанды, жұмыс бойынша қорытынды жасамады, хаттамалары толық емес, ескертулер бар.
Биологиялық химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері

100 % - Студент қауіпсіздік техникасы бойынша материалды және биохимия саласындағы нормативті актілерді толық білгенде қойылады.

95% - Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ережелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде қойылады.

90 % Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Қосымша түсініктерде болмашы қателік болып, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келеді.

85% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Берген жауабында 2-3 қате болып,, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады. қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда қойылады.

80% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Берген жауабында 3-4 қате болып,, оны оқытушының ескертуінен кейін түзетсе, қойылады.

75% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық, қатесіз, мысалдармен келтірілгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрағына берген жауабы толық емес, дегенмен негізгі түсініктер келтірілгенде қойылады.

70% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша білімін көрсете алғанда. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылауда берген жауабы толық емес және ретсіз, дегенмен сұрақты түсінетінін көрсете білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда қойылады.

65% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Қойылған сұраққа толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенімен сұрақты түсінгенін көрсете білгенде. Жазбаша бақылау сұрақтарына толық емес жауап беріп, бірақ негізгі түсініктерді келтіргенде қойылады.

60% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Жазбаша бақылау сұрақтарына толық емес жауап беріп, бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 50%-ында келтірілгенде қойылады.

55% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Студент тапсырма бойынша жауап бере алмағанда, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенде. Бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 25%-ында келтірілгенде қойылады.

50% Студент зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы және қолданылатын реагенттердің негізгі қасиеттері, химиялық реактивтерді зарарсыздандыру мен өртке қарсы қауіпсіздік, жазатайым жағдайлардағы алғашқы көмектің негізгі ержелері бойынша алған білімі таяз. Ол өрт сөндіруге және алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған құралдардың орнын білгенде. Студент тапсырма бойынша жауап бере алмағанда, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жібергенде. Бірақ негізгі түсініктер тапсырманың 25%-ында келтірілгенде қойылады. Бағдарламалық бақылау кезінде 1 сұраққа ғана жауап жазса, қойылады.
45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде қойылады.
Биологиялық химия пәні бойынша студенттің коммуникативті

құзырлылығын бағалау критерийлері

100 % — Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) нақты жауап береді және дүние танымы кең.

95% - Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді және дүние танымы кең.

90% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

85% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

80% Студент байсалды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

75% Студент оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

70% Студент сенімсіз жауап береді, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

65% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

60% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен тіл табысуы қиын, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, берілген сұрақтың 50 %-ына дұрыс жауап береді.

55% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен сөйлескісі келмейді, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

50% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен қарым-қатынасы нашар, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

45%Студент әңгімелесуден бас тартқанда қойылады.
Биологиялық химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу

құзырлылығын бағалау критерийлері

Сөзжұмбақты бағалау критерийлері:
100% - қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде.

95 % - 100%-дық критерий сияқты, тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

90 %- 95 % критерийі сияқты, сөзжұмбақтың кейбір сұрақтарына жауап бергенде өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда.

85 % –СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, барлығы 20-24 сұрақтарға қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда, 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

80% - СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтар саны 18-19, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

75%- СӨЖ-ді орындауда кейбір қате жіберіп, сұрақтар саны 15-17, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7әдебиеттерді қолданғанда және арасында ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % - СӨЖ-ді орындауда көптеген дұрыс емес, қателер жіберіліп,сұрақтар саны 13-14, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 4-5 әдебиеттерге ескертулер жасалып немесе ескі(2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65% - СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, сұрақтар саны 10-12, грамматикалық қателер болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

50% – мұқаба беті жоқ, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиетке ескертулер жасалып жәнетекст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

45% – СӨЖ ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ бар, бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар, қойылған талаптарға сай жауаптар жоқ болғанда.


Кестені бағалау критерийлері:

100 % қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде

95 % – 100%-дық критерий сияқты, тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

90 % – 95 %критерий сияқты, сөзжұмбақтың кейбір сұрақтарына жауап бергенде өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда.

85 % – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, барлығы 20-24 сұрақтарға қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда, 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

80% – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтар саны 18-19, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

75% –СӨЖ-ді орындауда кейбір қате жіберіп, сұрақтар саны 15-17, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7әдебиеттерді қолданғанда және арасында ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % – СӨЖ-ді орындауда көптеген дұрыс емес, қателер жіберіліп,сұрақтар саны 13-14, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 4-5 әдебиеттерге ескертулер жасалып немесе ескі(2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65% % – СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, сұрақтар саны 10-12, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 3-4 р болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

50% – мұқаба беті жоқ, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиеттерге ескертулер жасалып жәнетекст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

45% – СӨЖ ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ бар, бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар, қойылған талаптарға сай жауаптар жоқ болғанда.


Презентацияны бағалау критерийлері:

100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда.

95 % - 100%-дық критерий сияқты, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда, бірақ материал қосымша әдебиеттерді толық есепке алмағанда.

90 %- қойылған талаптарды толық орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда, бірақ материалда тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

85 % –слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтарды қорғағанда барлығына жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, 6-7 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде.

80%- слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, болмашы қате жіберіп, 5-6 әдебиетті қолданып, одан да қателіктер жібергенде.

75 %- слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмей, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, болмашы қате жіберіп, 5-6 әдебиетті қолданып, одан да қателіктер жібергенде және ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

60 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

55 %-мұқаба беті жоқ, слайд саны 4-5, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері , сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда, презентацияның сапасы нашар (суреттер, сызбалар аз, бір слайд көп жолдардан тұрады) .

50% –мұқаба беті жоқ, слайд саны 4, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда, презентацияның сапасы нашар (суреттер, сызбалар аз, бір слайд көп жолдардан тұрады, презентацияны жасау талапқа сай келмейді) болғанда.

45%СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай болмағанда.
Конспектіні бағалау критерийлері:

100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал қосымша әдебиеттерді толық пайдаланбағанда.

90 %- барлыққойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерді ғана қамтиды.

85 % – жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, 6-7 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

80%- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5- 6 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

75 %- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5-6 әдебиеттерді қолданып, одан да қателіктер жібергенде, және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі әдебиеттерді қолданғанда, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

70 % - жазылған бет сандары 6-дан немесе 5-тен көп, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

60 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

55 %- - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері , сызбалары мен сыба нұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

50 % – конспект сандары 5-ке дейін, және конспект СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

45% % – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай емесболғанда.
Квантталған текстер мен тест түрінде берілген әртүрлі тапсырмаларды бағалау критерийлері:

100 % – қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде

95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерден алынғанда.

90 %қойылған талаптарды толық орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап берілгенде, бірақ сенімсіздік болғанда. Материал тек негізгі оқулық әдебиеттерден алынғанда.

85 % – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 болғанда.

80% СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

75%СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, немесе ескі әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 6-7 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

70 % – бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

65% % бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

60 % бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 2-3 және бір- екі түрі болғанда.

55 %мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

50 % – мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ және кванттау көзіне библиографиялық сілтеме жоқ, квантталатын текст СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

45 % – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай болмағанда.
МАМАНДЫҒЫ: Стоматология
КАФЕДРА: Биологиялық химия

ДӘРІСТІК КЕШЕНІ


КУРС: екінші


ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедра профессор-оқытушылар құрамы


2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1



29 тамыз 2012 ж.

Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

№ 1 дәріс.

Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.

Мақсаты: Студенттерді биохимия ғылымымен таныстыру. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері туралы түсінік беру. Күрделі белоктарға сипаттама беру.


ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Биохимияға кіріспе

  2. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері

  3. Белоктардың жіктелуі.

  4. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Биохимияға кіріспе

Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым. Энзимология, молекулалық генетика, биоэнергетика саласындағы ашылған жаңалықтар биохимияны фундаментальды пәндердің қатарына қосты және биология, медицина, жануарлар мен өсімдіктер саласындағы көптеген мәселелерді шешуде негізгі қажетті сала (пән) жасады.

Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Ол осы үрдістерді басқара отырып рациональды ем қолдануға мүмкіндік береді.

Белоктардың құрылысы мен қызметтері

Белоктар – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғарыы молекулалы биополимерлер. Аталуы грек сөзі «protos» – бірінші, маңызды дегенімізді білдіреді. Табиғатта шамамен 1010- 1012 әр түрлі белоктар кездеседі, олар 106 тірі заттардың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Адам ағзасында 50000 белоктар болады. Белоктармен тіріні өліден ажырататын барлық белгілер байланысты: жиырлғыштық, заттар алмасуы, жоғарыы деңгейдегі құрылымдық ерекшелік, энергияны түзу және пайдалану, химиялық реакцияларды тездету.

Белоктардың атқаратын қызметтері (функциялары).


  1. структуралық (пластикалық, тіректік) – адамның, өсімдіктердің, вирустардың, микроорганизмнің дене құрылымын анықтайды, әр түрлі биологиялық мембраналардың құрамына кіреді. Кейбір белоктар – коллаген, эластин, кератиндер үшін бұл қызмет негізгі болып есептеледі.

  2. Катализдік – белоктар ағзадағы химиялық үрдістерді тездетіп биокатализаторлық қызмет атқарады (ферменттер).

  3. Энергиялық – адамның энергияға қажеттілігінің 10-20%-ы амин қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.

  4. Тасымалдау – белоктар қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен суда ерімейтін заттарды (витаминдер, металлдар, липидтер, газдар) тасымалдайды және мембрана арқылы тасымалдануды қамтамасыз етеді.

  5. Қорғаныстық–иммунологиялық реакцияларды қамтамасыз етеді.

А) жарақаттанған кезде қан ұю жолымен ағзаны қансыраудан қорғайды; Б) улы эндогенді және экзогенді заттарды байланыстырады; В) антидене түзеді; Г) интерферондар – вирус белоктарының синтезін тежейді.

  1. Жиырылғыштық.

  2. Реттеуші –гормондар, ферменттер, БАЗ, пептидтер табиғаты жағынан белоктар болып табылады.

  3. Трансформациялық – электр және осмостық энергияны АТФ химиялық энергияға айналдырады.

  4. Тұқым қуалау белгілерінің берілуіне қатысады.


Белоктардың жіктелуі.

Химиялық құрамы бойынша белоктар 2 топқа бөлінеді– жай (гидролиз кезінде тек амин қышқылдарына ыдырайды), күрделі (гидролиз кезінде амин қышқылдары мен простетикалық топқа ыдырайды). Жай белоктар ерігіштігі және физика-химиялық қасиеттері бойынша глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді. Глобулярлы белоктардың молекуласы шар тәрізді болып келеді. Фибриллярлы белоктар жіпше тәрізді құрылымымен ерекшелінеді, олар еритін және ерімейтін болып бөлінеді. Еритіндерге миозин, актин, фибриноген, ал ерімейтіндерге – склеропротеиндер (протеиноидтар – кератин, эластин, коллаген) жатады. Күрделі белоктарға – НП, МП, ГП, ФП, ХП, ЛП жатады.


Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.

ХП боялған белоктар (chroma – бояу), жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы металл немесе витаминдер есебінен боялған заттар болып табылады. Гемопротеидтер бірнеше кластарға бөлінеді. Гемоглобин жай белок глобин және 4 гемнен (простетикалық топ) тұрады, эритроциттердің негізгі белогы.Негізгі ролі оттекті өкпеден тіндерге (оксигенация) және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау. Гемоглобин буферлі жүйе түзіп қанның қышқыл-сілті балансын тұрақты ұстап тұруға қатысады. (гем құрылысы суретте көрсетілген).

Гемопротеидтердің екінші өкілі–миоглобин 1 гем және 1 п/п ( 153 амин қышқылынан тұрады) тізбектен тұрады. Миоглобин гемі құрылысы жағынан гемоглобин гемімен бірдей. Миоглобиннің ролі миокардта және бұлшық етте оттекті оксигемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау .Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары болады (окси- және карбгемаглобин, карбокси- және метгемоглобин).



Гликопротеиндер (ГП) (glycos – тәтті) – простетикалық тобы ретінде көмірсулар және оның туындылары (D-галактоза, D-маннозу, D-глюкоза, L-фукоза, N-ацетилглюкозамин, N-ацетилгалактоза, сиал қышқылы, арабиноза, нейрамин қышқылы, ксилоза) болатын күрделі белоктар.

Нағыз ГП 80-90% белоктан, 10-20% простетикалық топтан тұрады. Простетикалық топ жүйесіз полисахаридтер: гексозаминдер, фукозы, арабиноза, ксилоза, галактоза және манноза, нейрамин и сиал қышқылдарынан тұрады. Өкілдері: иммуноглобулиндер, муциндер, сиалопротеидтер, кейбір гормондар (ФСГ, ТТГ), гормондардың рецепторы, кейбір ферменттер (холинэстераза), қан тобын анықтайтын белоктар , протромбин, тасымалдаушы белоктар (транскортин, гаптоглобин, церулоплазмин) және т.б.

Протеогликандар. 2-10% белоктан және 90-98% простетикалық топтан тұрады.Олардың простетикалық тобы жүйелі көмірсулар (ретімен қайталанатын), гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады. ГАГ ретімен қайталанатын дисахаридтер, құрамында урон қышқылдары мен ацетилгексозаминдер болады.

ГАГ ағзада маңызды биологиялық роль атқарады: 1) ағзалар мен тіндерге катиондардың тасымалдануы, байланысуы және таралуына , оссификацияға; 2) су мен онда еритін заттар үшін мембрана өткізгіштігін қамтамасыз етіп, тіндерге судың таралуына; 3) диффузия үрдістерінің реттелуіне қатысады.



ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

  1. Презентация (слайдтар)

  2. графопроекторға пленкалар:

- биохимияның басқа ғылымдармен байланысы;

- белоктардың жіктелуі;

- гиалурон қышқылының құрылысы;

- хондроитинсульфаттың құрылысы;

- гепариннің құрылысы;

- гемоглобин гемінің құрылысы;



.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  1. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  1. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  1. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  1. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  1. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  1. С.М.Плешкова, С.А.Абитаева, Р.Д Асанбаева «Белоктар. Молекулалық генетиканың негіздері», Алматы,1999


Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. - Алматы, 2009 ж.

  2. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  3. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  4. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  5. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С.8-11, 13, 34.

  6. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», 1985 - С.27-36.

  7. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  8. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002г.


ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС:

    1. Биохимияға ғылым ретінде анықтама беріңіз.

    2. Белоктар дегеніміз не?

    3. Белоктардың қандай қызметтер атқарады?

4. Хромопротеиндер, жіктелуі, өкілдері, маңызы.

  1. Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, ролі.

  2. Гликопротеиндер, құрылысы, жіктелуі.

7. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы.

№ 2 дәріс.



Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің медицинадағы маңызы.

МАҚСАТЫ: Табиғаты белоктық биологиялық катализаторлар ферменттер туралы түсінік беру. Ферменттердің жалпы қасиеттері және жіктелуі, медицинадағы маңызымен таныстыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Ферменттер, түсінік

  2. Ферменттердің әсер ету механизмі

  3. Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі, медицинадағы маңызы.


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Ферменттер – арнайлығы бар белоктар, жасушаларда түзіліп химиялық үрдістерді тездетуге қабілетті биологиялық катализаторлар. «Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда дегеніміз мағына береді.

Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастығы:



- тек энергиялық мүмкіндігі бар реакцияларды катализдейді ;

- кері реакциялардың тепе-теңдігін өзгертпейді;

- реакция бағытын өзгертпейді;

-реакция нәтижесінде пайдаланылмайды.

Ферменттердің бейорганикалық катализаторлардан айырмашылығы (жалпы қасиеттері):

-құрылысының күрделілігі , бір компонентті (жай белоктар) және екі компонентті (күрделі белоктар);

- әсер ету қуаттылығы жоғарыы;

- арнайылығы;

- активтілгін реттеуге болатын заттар;

- ағзада жайлы жағдайда әсер етеді.

Ферменттердің әсер ету механизмі.

Ферменттердің әсер ету механизмі 3 сатыдан тұрады:

фермент-субстратты комплекстің түзілуі;

«фермент- реакция өнімі» комплексінің түзілуі;

Реакция өнімінің ферменттен бөлінуі.



Бірінші сатысы ферменттің белоктан айырмашылығы активті орталығының болуында, активті орталығы арқылы фермент субстратымен байланысып реакцияны тездетеді. Активті орталық – ферменттердің беткі жағына орналасқан аминқышқылдарының функционалды топтарының белгілі бір шектелген кеңістікке шоғырлануы. Кейбір ферменттерде активті орталықтан басқа аллостерикалық орталықта болады, олар активті орталықтың жұмысын реттеуге қатысады.

Көпке дейін фермент пен субстрат арасында дәл сәйкестік («кілттің құлыпқа дәл келуі») бар деп есептеді.



Ал, қазіргі уақытта ферменттің активті орталығы субстратқа реакция кезінде сәйкес келеді (индукциялық сәйкестік теориясы) деп айтады. Субстраттық аймақ ферменттің субстратпен байланысуын қамтамасыз етеді. Активті орталықтың катализдік аймағы реакцияның жүруіне жауап береді.

Үшінші сатысы – реакция жылдамдығы осы сатысына байланысты. Ферменттің реакция өнімінен бөлінуі жүреді.

Кез келген химиялық реакция әрекеттесуші заттардың молекуласы соқтығысқанда жүреді. Реакция жүйесіндегі әрекеттесуші заттардың молекулаларының қозғалысы бос потенциалдық энергияның болуына тәуелді. Химиялық реакция жүру үшін бастапқы заттардың молекулалары ауыспалы күйге көшуі тиіс, яғни әрекеттесуші заттар энергиялық тосқауылдан өтуі үшін жеткілікті энергия қажет. Энергиялық тосқауыл – бұл барлық молекулалардың реакцияласу қабілетін арттыратын сырттан берілетін энергияның ең аз мөлшері. Бастапқы өнімнің (субстраттың) бос энергиясы мен субстратты ауыспалы күйге әкелуге жұмсалатын энергияның айырымы бос активтену энергиясына сәйкес келеді. Кез келген химиялық реакцияның жылдамдығы ауыспалы күйдегі молекулалардың концентрациясына тура пропорционал. Барлық катализаторлар, соның ішінде ферменттер де реакцияның энергиялық тосқауылын (активтену энергиясын) төмендетеді, бұл реакцияның анағұрлым жылдам өтуіне мүмкіндік береді.

Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі

Ферменттердің көбісін катализдейтін реакция атына немесе әсер ететін субстраттың атына -аза дегеніміз жалғау қосып атайды. Мысалы, гидролаза, мальтаза, аргиназа, ЛДГ, АЛТ.

Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді.



  1. Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.

  2. Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді.

  3. Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді.

  4. Лиазалар-заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді.

  5. Изомеразалар-изомерлену рекцияларын катализдейді.

  6. Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып синтезделу үрдісін катализдейді.

Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” дегеніміз жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:


  1. Презентация (слайдтар)

  2. Графопроекторға пленкалар:

- ферменттердің активті орталығының схемасы.

- ферменттердің жіктелуі.



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  2. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  3. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  4. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  5. Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.


Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.Алматы, 2009 ж.

  2. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  3. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  4. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 2002 г.

  5. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  6. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  7. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С. 3, 30-33, 47-49, 59-62.

  8. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача», 1994 – С. 34-54, 75, 95, 108, 214-216, 224, 249.

  9. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  10. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС:

    1. Фермент дегеніміз не?

    2. Ферменттердің жалпы қасиеттерін атаңыз.

    3. Ферменттер мен бейорганикалық катализатор арасындағы айырмашылықтар.

    4. Ферменттердің әсер ету механизмі.

    5. Ферменттердің жіктелуі және катализдейтін реакциялары.

    6. Ферменттердің номенклатурасы неге негізделген?


Бақылау сұрақтары:

    1. Ферменттер дегеніміз не?

    2. Ферменттердің жалпы қасиеттерін атаңыз.

    3. Ферменттердің номенклатурасы қандай принципке негізделген.

4. Жекелеген ферменттер мен изоферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы.

3 дәріс.



Тақырыбы: Энергия алмасуы. Энергия алмасуына қатысатын ферменттер. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы ыдырау жолдары. ҮКЦ. Биологиялық тотығу. Тотығудан фосфорлану.
Мақсаты: Энергия алмасуы және оның сатылары туралы түсінік беру. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауы мен үш карбон қышқылдарының циклі ҮКЦ арасындағы байланысты қарастыру. Энергия алмасуының үшінші және төртінші сатылары– биологиялық тотығу тіндік тыныс алу және тотығудан фосфорлану туралы түсінік беру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Энергия алмасуы туралы түсінік.

  2. Энергия алмасуының сатылары.


  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет