Лекция №9 Қазақтардың Е. П. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. (1773-1775)


ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері



бет52/53
Дата29.12.2021
өлшемі319,64 Kb.
#106335
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
418834331810 лекция Каз жана тарихы

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды.

Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді; жоғары және орта оқу орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып “адам бермейміз!” деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді. Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалдықпен олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды (Жетісу және Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет