multidim[2, 4, 1] = 100;
Келесі беттегі программада мөлшері 3х3х3 матрица түріндегі үш өлшемді жиым жасалып, оның бас диагона-лында тұрған элементтерінің қосындысы шығарылады.
// 3x3x3 өлшемді матрицаның бас диагоналында
// орналасқан элементтерін қосындылау.
using System;
class ThreeDMatrix {
static void Main() {
int[, ,] m = new int[3,3,3];
int sum = 0, n = 1;
for(int x=0; x < 3; x++)
for (int y=0; y < 3; y++)
for (int z=0; z < 3; z++)
m[x, y, z] = n++; // 1,2,3...9, ... 27 сандары
sum =m[0, 0, 0] + m[1, 1, 1] +m[2, 2, 2]; // 1+14+27
Console.WriteLine("Bas diagonal elementterining qosyndysy : " + sum);
Console.ReadKey();
}
}
5. Көп өлшемді жиымды инициалдау
Көп өлшемді жиымды инициалдау үшін оның бастапқы мәндері тізімін индекстеріне сәйкес жүйелі жақшаға алып жазып шығу керек. Төменде екі өл-шемді жиымды инициалдаудың жалпы формасы берілген:
типі[,] жиым_аты = { {val, val, val, . . ., val},
{val, val, val, . . ., val},
. . .
{val, val, val, . . ., val}
};
мұндағы val инициалдайтын мәндерді белгілейді, ал әрбір ішкі блок – жеке жол түрінде беріледі.
Әрбір жолдағы блоктардан соң үтір қойылады да, ең соңғы блоктан кейінгі жүйелі жақшадан соң, нүктелі үтір қойылатынына назар салыңыздар.
Төменде екі өлшемді sqrs жиымы 1 ... 10 сандарымен және солардың квадраттарымен инициалданады.
// Екі өлшемді жиымды инициалдау.
using System;
class Squares {
static void Main() {
int[,] sqrs = {
{ 1, 1 },
{ 2, 4 },
{3, 9 },
{ 4, 16 },
{ 5, 25 },
{ 6, 36 },
Достарыңызбен бөлісу: |