Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»



бет8/9
Дата08.11.2022
өлшемі198,5 Kb.
#156937
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекциялар -Қазіргі әдеби үдеріс жане әдеби сын

13- лекция. Классицизм эстетикасы. (2 сағат)
Жоспар:
1. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.
2. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы.
3. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты-классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Еуропа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм деп аталатын себебі: Еуропа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің классик әдебиеттерін өздеріне үлгі етіп ұстады. ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде орнаған абсолюттік монорхиялық ел билеу жүйесі.
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні, түпкі қазығы – шындық, өмір шындығы. Бірақ жазушылар өмірдің бір жағын ғана таңдап алып, оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып, әр түрлі творчестволық метод (әдіс, жол) туғызады.
Бұл методтармен толық танысу әдебиет тарихын тексергенде ғана мүмкін нәрсе.
Ертедегі Грек, Рим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде болып қана қойған жоқ, онан кейін де болды. Мысалы, орыс поэзиясында ертедегі Грек, Римнің классик өлең құрылыс түріне еліктеушілікті, олардың өлеңдеріңдегі образ қолданыстарын алып пайдалануды біз Пушкиннен де, Феттен де және соңғы кездегі символистерден де көреміз.
Осы кезде, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда, ертедегі грек пен Рим үлгілеріне сүйеніп жазатын жаңаша бағыт туды. Бұлар өзгеше творчестволық бағытты ұсынды. Бұл классицизмге тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді. Көркем творчество сарай маңындағы жоғарғы қауымның ұнатуына, солардың қалауларына бейім болу керек болды.
Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларын іріктеу мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте суреттелетін адамдар үстем тап өкілдерінен алынады.
Классицизм бағытындағы шығармалардың өзінше өзгешеліктері тек тақырып, қатысушыларды таңдап алуда, ғана емес, сонымен қатар, қатынасушы адамдарды суреттелуінде де өзгешеліктер болды. Қатысушылардың мінезі біржақты суреттелді. Қатысушылардың қайсысы болсын, оларда психологиялық бір қасиет) батылдық, қайырымдылыцқ, сертен таймаушылық т.б.) үстем болып алынды. Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әр түрлі киім кигізіп, қиялдың жасап шығараған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлықтары өмір шындығынан алшақ жатты. Олар өз бастарындағы күйініш-сүйініштер жөнінде көп ойланып, ұзын-ұзын монологтар сөйлейтін болды.
Классицизм бағытында жазылған шығармаларды жалпы алғанда сол шығармаларда өмірді шын сол болған күйінде суреттемей, не король, не корольдің жанындағылардың (үстемдік етушілердің) көзқарасынша, олардың ұнатуынша, солардың қалауынша суреттеді.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды «үш бірлікті» сақтай отырып жазу керек. Бұл «үш бірлікті» сақтамаса, жоғарғы ережеден шетке шыққан болып саналады. «Үш бірлік» дегеніміз уақыт бірлігі, (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана болу керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға бірінен бірі туып, бұтақсыз, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік шиеленіс болу керек).
Бұлардың барлығы шығармаға ерекше сымбат беру және оны түсінікті ету үшін керек деп саналады.
14- лекция. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы. (2 сағат)
Жоспар:
1. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасының дамуы.
2. Орыстың ұлы ғалымдарының әдеби-теориялық еңбектері.
3.Әдебиеттің теориялық мәселелері туралы батыс ғалымдарының пікірі.
Әдеби-теориялық мәселелердің даму кезеңі. ХҮІІІ ғасырда әдебиеттің теориялық мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп, тарихи мәні зор әдеби еңбектер жарық көруі. Россияда орыс халқының үздік ғалымы М.В.Ломоносов, демократ Радищевтің еңбектері.
Ағарту дәуірінің эстетикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энциклопедистерінің басы – аса ірі философ-материалист дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады, эстетикаға реализм ұғымын енгізді, реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі.
Классицизм эстетикасын қатал сынға алып, абсолюттік идеологияға ашық күрес ашқандардың бірі – немістің ұлы ағартушысы Готхольд Лессинг (1729-1781). Оның дүнитанымын мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Лессингтің өнер туралы ой-толғамдары Дидро туындылары секілді, буржуазиялық ағарту эстетикасының щыңы мен өзінене кейінгі ағартушылар үшін өнегелі мектеп.
Иманнуил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субъективті-идеалистік эстетика. Кант эстетикасының зиялы жұртқа кеңінен таныс басты-басты философиялық тұжырымдары оның күрделі зерттеулерінде жүйеленді.
Дүниенің түп діңгегі – абсолюттік идея, абсолюттік рух деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де триада тұрғысынан байыптады. Гегельдің «Эстетика» аттты арнаулы трактаты философтың өз ұғымындағы және өз пайымдауындағы «идея» мен «құбылыстардың», яки, мазмұн мен пішіннің ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл ара қатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш (символикалық, классикалық, романтикалық) түріне сай келеді.
Данышпан сыншы, В.Г.Белиннскийдің (1811-1848) «Әдеби арманнан» басталып, «Александр Пушкин» шығармасына» дейін өрлеп келетін, одан саф таза саяси өсиеті «Гогольге хатқа» шалқып шығатын барлық қимыл-қозғалыс үстіндегі эстетикасының» өткен ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихынан алатын орасан зор орны негізделген.
Публицис А.И. Герценнің (1812-1870) эстетикасындағы ең өзекті нәрсе де, Белинский секілді, суреткер атаулыны өз дәуірінің үні, өз заманындағы озат идеялардың жаршысы болуға шақыруы. Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп отырған мезгілдің мұң-шеріне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт.
Кемеңгер жазушы-философ, ғалым-сыншы Н.Г. Чернышевский (1828-1889) әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский пікірлерін одан әрі өрістетіп, өзінің тамаша эстетикалық ілімін ұсынды. Ол өз еңбегінде көркем әдебиеттің өмірдегі орнын, мақсаты мен міндетін белгілеп берді. Оның пікірінше, суреткер өмірдің тек күнгей бетін, тек жақсылық жағын ғана суреттемеуі керек. Өмірдің өзі қандай жан-жақты болса, өнер де сондай жан-жақты болуға тиіс.
Чернышевский эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі – реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу – сұлулыққа барар жол.
Чернышевскийдің эстетикалық принциптері мұнымен бітпейді. Басқасаны айтпағанда, оның әдемілікке берген анықтамасының өзі – Гегельдің идеализімін төңкеріп түсіріген терең материалистік түсінік «әдемілік – адам, адамдағы әдемілік – өмір, адамның бақыты, адам өмірінің рахаты не болса», соның бәрі адам үшін әдемі. Демек әдемілікті көктен емес, жерден іздеу кререк.
Дана сыншы Николай Александрович Добролюбовтың (1836-1861) эстетикалық еңбектерінде желі тартып жатқан өзекті мәселе - әдебиет пен өнердің халықтығы. «Әдебиет – қоғамның қозғаушы күші» болуға тиіс екенін дәлелдей келіп, Добролюбов әдебиет халықтық болу үшін әдеби туындыларда «жергілікті табиғат сұлулығын суреттей білу, халықтан естіген ұлағатты сөздерді ұтымды қолдана білу, салт-сана, әдет-ғұрып тағы басқа сол секілділерді дұрыс тану» аз екенін, ақын шын мәнінде халық ақыны болу үшін «халық рухына бөленуге, халықпен бірге өмір сүруге, халықпен бірге адымдап, бірге тыныстауға тиіс» екенін өзіне тән биік талғаммен, терең толғаммен түсіндірді.
Әдебиеттану ғылымын ілгерілетуде талантты сыншы Д.И. Писаревтің (1840-1868) атқарған ролі, әдеби-эстетикалық еңбектері қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастармен тығыз байланысты. Әдебиеттегі шыншылдық туралы пікірлерін жүйелеген Писарев «Генрих Гейнеде» көркем шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісін көрсетті. Әдеби-көркем сында қоғамдық маңызы зор мәселелерді ғана көтеріп, дәлелсіз, дерексіз сөйлемейтін әділ әрі адал сыншы аса шебер публицист, мықты стилист болған.
Өткен ғасырдағы орыс эстетикасын сөз еткенде мәңгі жасайтын ғажайып әдеби шығармалары бүкіл адам баласының көркемдік дамуында айрықша адым болып қалған ұлы жазушы Л.Н. Толстой (188-1910) өткен ғасырдың екінші жартысы мен біздің ғасырдың бас кезіндегі дүние жүзінде теңдесі жоқ данышпан суреткер, кемеңгер философ, озат ойшыл, әлеуметтік әділдік пен ақиқат жолындағы алып күреске бар ғұмырын сарп еткен қоғам қайраткері; ол өнер атаулының да асқан білімпазы және теоретигі еді. Ұлы жазушы өзінің қайталанбас көркем шығармаларын жаза тұра сол көркем творчествоның тарихы мен теориясына терең бойлап, өнердің не екенін, оның қоғамдық қызметін, тарихи орны мен ролін, өзіне тән ерекшеліктерін, табиғаты мен түрлерін толғана ойлап, түсіндірумен болды.
Өнер туындыларының ең негізгі қасиетін Толстой да, өзіне дейінгі орыс эстетиктері тәрізді, оның халықтығында деп білді.
Толстойдың негізгі әдеби-эстетикалық принциптері Белинский мен Чернышевский секілді ұлы революционер-демократтардың әдемілік жайлы материалистік көзқарастарына жуықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет