№2-лекция. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бө-ліп қарастыруға болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.
Зерттеу әдістерінің өзі – мәліметті (ақпаратты) жинау және оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.
Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, өңдеу (оған контент-анализ де кіреді), әртүрлі сұрау әдістері (сауалдама, интервью), тестілер (сынақ), оның ішінде ең көп таралғаны социометриялық тест (әлеуметтік өлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық).Осы әдістердің көбісі социологияда қолданылатындармен пара-пар (Ядов, 1993). Дегенмен кейбіреулеріне әлеуметтік психо - логияның ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысы-нан қысқаша тоқталуға болады.
Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда негізгі іздестірі-летін сұрақтардың бірі - қалай бақылау керек? Бақылағанда не нәрсеге көңіл бөлінеді?
Әлеуметтік - психологиялық зерттеулердің әрбірінде бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шеші-леді. Екінші бір маңызды жағдай - бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғы - на дейін шешілмеген. Бұл әдіс оншалықты қарапайым әдіс болмағандықтан әлеуметтік - психологиялық зерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.
Құжаттарды қарастыру - өңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнім-дерін талдауға болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық қасиеттері) жеңу үшін ерекше "контент - анализ" тәсілі ("мазмұнды талдау") енгізіледі. Бұл тәсілде мәтіндегі арнаулы "бірліктер" бөлініп алып, солардың пайда-лану жиілігі саналады. Көбіне бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшіліктік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз, т.б.)
Сұрау әдістері (сұрақ - жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтарды зерттегенде анкеталар (сауалдама) және интервью пай-даланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проб-лема-сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. Бір шарт-сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми бол-жамға қажетті мәліметті алу жөне оның неғұрлым сенімді болуы.
Әдістердің екінші тобы — материалды өңдеу әдістеріне барлық статистикалық тәсілдер (корреляциялық анализ, факторлық анализ), логикалық және теориялық өндеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әр-түрлі тәсілдері, т.б.) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды мәселеге айналады.
Аталған проблема сапалы зерттеу әдістері мәселесі - мен астарлас, әлеуметтік психологияда да, социологияда да кең талқылануда (Ядов, 1995).
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу үшін, алдымен бағдарлама құрған дұрыс. Әрбір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу объектісі, зерттеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын ұғымдарды нақтылау және де пайдаланылатын барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі ғылыми нәтижелер алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |