Лекция. Эволюцияның элементарлы факторлары. Қолдан сұрыптау және оның әдістері



бет4/5
Дата09.12.2023
өлшемі38,54 Kb.
#196130
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция

Қолдан сұрыптаудың әдістері.
Инбридинг әдісі деп - өсімдіктер мен жануарларды туыстас ағзалардың өзара будандасып көбеюін айтамыз. Жоғары өнімді жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар алуда мәні зор. Сұрыптаушылар будандардың жаңа формаларын алу үшін пайдаланатын инбридингті салалары таза гомозиготалы болуы керек. 10-12 ұрпағында белгілердің ажырауы тоқтайды. 6-7 ұрпағын таза сала ретінде пайдаланылады. Одан кейін біртіндеп депрессиялық әрекет пайда болады. Бұл әдісті арпа, бидай, бұршақ т.б. өсіру үшін қолданылады. Инбридинг нәтижесінде бірден гомозиготалы дараларды алуға болмайтындықтан таза гомозиготалы салаларды (линия) алу барысы бірнеше ұрпаққа созылады. Ч. Дарвин өсімдіктерге жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде инбридингтің өсімдіктер үшін зиянды екенін, ал айқас тозаңданудың пайдалы екендігін айтады.
Аутбридинг әдісі деп – бір- біріне туыс емес ағзалардың будандасып көбеюін айтамыз. Туыс мес ағзаларды будандастыру кезінде гомозиготалы жағдайдағы зиянды рецессивті мутациялар гетерозиготалы жағдайға көшеді де, буданның тіршілік әректіне әсер етпейді. Аутбридинг нәтижесінде пайда болатын бірінші буын ұрпақтарының тіршілік қабілеттері ата-енелік түрлерге қарағанда жоғары болады. Көпшілік жағдайда бірінші буын ұрпақтарында гетеросиз құбылысы байқалады. Гетерозис – ата-енемен салыстырғанда тіршілік қабілетінің және түсімділігінің артуы. Гетерозс ұғымын алғаш рет ғылымға 1914 жылы американдық генетик Шеел енгізген. Гетерозис құбылысын Ч.Дарвин жүгері өсімдігіне жүргізген тәжірибелерінен бақылаған болатын. Жүгері будандарының ата - енелік түрлерге қарағанда күшті қарқындылықпен өсуін Ч.Дарвин ата –енелік гаметаларының тұқым қуалау қасиеттерінің әр түрлі болуымен байланыстырды. Гетерозисті құбылыс инбридингті саланы өзара будандастыру нәтижесінде анық байқалады. Аутбридинг сұрыптаудың негізгі бір әдісі болып табылады. 
Полиплоидия әдісі- өсімдіктердегі тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі. Мұнда өсімдік жасушаларындағы гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Академик П.М.Жуковскийдің айтуынша «адам баласы полиплоидия өнімдерімен тамақтанады». Мысалы, бидай, картоп, қант қамысы, мақта, темекі, алма, цитрусты жемістер түрлері және бақша өнімдері полиплоидтар болып табылады. Полиплоидтардың пайда болуы митоз немесе мейоз әрекетінің бұзылуынан болады. Мысалы, а) митоздық бөлінуде кейде хромосомалар полюстерге бөлініп ажырап кетпейді және жас ядролар түзбей бұзылған ядрода қалып қояды. Егер бұл әрекет диплоидты хромосома жиынтығы бар сомалық жасушаларда болса, мұндай жағдайда хромосомалары екі есе көп «тетраплоидты» жасуша бірден пайда болады. ә) мейозды бөліну кезінде хромосомалар саны екі еселеніп, бірақ бөліну ұршығы бұзылса, екі ядро түзілмейді. Екі еселенген хромосома бір ядрода қалып қояды, оны диплоидия «2п» деп атайды. Диплоидты хромосомалар жиынтығы бар жасушамен қалыпты бөлінген «1п» хромосомалар жиынтығы бар жасуша ұрықтанса, триплоидты «3п» жасуша пайда болады, т.б. Яғни, хромосомалар санының бірнеше еселенуінен полиплоидты түрлер пайда болады. Қазіргі кезде бөліну ұршығын бұзатын, бірақ хромасомалардың бөлінуіне бөгет жасамайтын кейбір химиялық қосылыстармен (колхицин, ауранция, азот(ІҮ)оксиді-N2O) әсер етеді.
Аллополиплоидия - әр түрлі түр және туыстардың екі немесе бірнеше тұтас геномдарының қосылып, көбеюінен болады. Бұл әдіс кезеңінде түр аралық будандардың тұқым бермеуі. Бұл кедергіні жеңіп шығу генетиеа мен сұрыптаудың зор табыстарының бірі болды. 1924 жылы Г.Д. Карпеченко түраралық будан алды. Ол орамжапырақ пен шомырды будандастырды. Бұл екі түртің хромосомаларының жиынтығы 18-ден, ал гаплоидты жиынтығы 9-дан. Бұл жағдайда гибрид хромосомаларының саны 18 болғандықтан, мейоз әрекеті жүрмейді. Осыдан кейін будан хромосомаларының санын екі есе көбейтіп еді, олардың саны 36-ға жетті. Хромосомалардың саны екі еселеудің барысында мейоз әрекеті жүріп, шомыр мен орамжапырақ хромосомалары өз жұптарын табудың нәтижесінде конъюгацияланды. Осы жолмен алынған будан тұқым беретін болды. Оларды ата-енесімен салыстырғанда бұршаққындары өте ұқсас, бірақ түсімді мол беретін будан алынды.
Сұрыптау жұмыстары нәтижесінде халық шарушылығы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен қатар эволюциялық әрекеттер де жүріп отырды. Кезінде И. В. Мичурин сұрыптау жұмысының үш әдісін пайдаланды.
1) будандастыру;
2) сұрыптау;
3) дамып келе жатқан будандарға орта жағдайлармен әсер ету.
«тәрбиелеу» немесе ментор әдісі.
Сұрыптау әдісі: жаппай, жеке


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет