Ұлттық тәрбие бағытында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру
1 курстан басталатын практика барысында студенттер
зерттеу жұмыстарын
жүргізеді, нәтижелерді өңдейді, жазба жұмыстарды орындайды. Бұл жұмысты
зерттеудің алғашқы сатысы деп қарастырылады. Нәтижесінде,
әрбір курсте
болашақ маманды даярлаудың міндеттері орындалады: бірінші курста
ізденіске
тұрақты қызығушылық; екінші курста – қажет ақпаратты жинау;
үшінші курста – практикалық әрекетке көшу; төртінші курста – оны іске асыру
және кәсіби әрекеті жетілдіру. Кәсіби әрекетте ғана әртүрлі пәндерден алынған
білімдер мен біліктер тоғысуы.
Эксперимент бойынша студенттер ғылыми-педагогикалық зерттеумен бірінші
курстан бастап айналысады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуінің нәтижелі болуы үшін
ғылыми
жетекшісінің зерттеу саласын анықтап, жоба тақырыбын таңдауы қажет.
Студенттер:
• мәселені анықтайды және зерттеу жұмысының жоспарын жасайды;
• ғылыми (психологиялық, педагогикалық) әдебиеттерді зерттеу тақырыбына
сай таңдап, жинастырады;
• өз беттерінше
әдебиетке талдау жасап, оны ғылыми жетекшімен біріге
отырып талқылайды;
• зерттеу жүргізу ретін анықтайды;
• эксперимент жүргізу тәртібін жасайды;
• эксперимент жүргізеді;
• алынған нәтижелерді талдайды және оларды ғылыми есеп немесе көрсетілім
түрінде даярлайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Ғылыми-зерттеу
ұйымының құрылымдық
мәселелері және
ұйымдастыру шарттары қандай?
2.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаушылар
кімдер? Олардың қызметтері?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ковалев А.И. «Методы научных исследований. Введение в дисциплину»:
Учеб.пособие.-Севастополь:СНУЯЭиП, 2005.-244с.
2.Ефременков
Н.В.
Основы
научного
исследования
и
метод
самостоятельной работы студента-историка. – Калинин, 2008.
3.Софийский И.Ю./Теория и практика научных исследований: учеб.
пособие. - Севастополь: СНУЭЯиП, 2011. - 400с.:ил.