8тақырып: Педагогикалық колледж студенттерінің өздік жұмысын
ұйымдастыру (СӨЖ)
(СӨЖ) Сұрақнама:
1.
СӨЖ теориялық негіздері бойынша баяндаңыз?
2.
СӨЖ түрлері қандай?
3.
СӨЖ басқару және ұйымдастыру жолдары қандай?
4.
СӨЖ құрастыру принциптері неде?
5.
СӨЖ барысында студенттерді ұйымдастыру формалары қандай?
Тапсырма: 1. Дайындық барысында қолданылатын өздік жұмыс түрлерін
талдаңыздар және неғұрлым тиімділерін анықтаңыздар. СӨЖ барысында
студенттерді ұйымдастыру формаларын негіздеңіздер.
1.
СӨЖ теориялық негіздері бойынша баяндаңыз?
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
–
студент білімінің тереңдігі,
дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең
негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің
белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай
-
ақ, нақты дәлелдермен
жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге
назар аудару қажет:
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей
болуына;
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың
болуына;
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады:
СӨЖ жоспарлау,
әдістемелік
жағын қамтамасыз ету,
СӨЖ бақылау мен бағалау,
талдау және одан әрі дамыту.