Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет18/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Журналдар. Құжаттарды қарау үшін жүйеде журналдар механизмі қарастырылған. Құжаттың әрбір түрі белгілі бір журналға жатқызылуы мүмкін. Журналдың негізгі белгіленуі-бұл құжаттардың тізімінің бірнеше түрлерін көру болып табылады. Мысалы, «ТМЦ-ны сатып алу» журналы шығуы мүмкін, ал онда ТМЦ-ның түсуі бойынша құжаттар бар.
Бухгалтерлік шоттар. Бухгалтерлік шоттар бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын сақтауға арналған, яғни кәсіпорынның қаражатының синтетикалық есебінің объектісі. Конфигурацияның базалық үлгісіне кіретін бухгалтерлік шоттардың қасиеттері қолданушымен өзгертілмейді. Қолданушы сонымен қатар шоттар жоспарына қосымша шоттар енгізе алады.
Субконто. Субконто термині бухгалтерлік шоттар бойынша аналитикалық есепті жүргізу үшін енгізілген. Субконто ретінде кәсіпорында аналитикалық есеп жүргізілетін объектілер шығады, олар: негізгі құралдар, мекемелер, тауарлар және т.б. Субконтоның әрбір түрі өзінің анықтамасына ие, мысалы, «негізгі құралдар» Субконто түрі «Негізгі құралдар» анықтама типін алады.
Операциялар және өткізгіштер. Бухгалтерлік есептегі қаражаттардың қозғалысы операциялар және өткізгіштер түрінде жазылады. Операция бухгалтерлік есептегі кәсіпорында болған шаруашылық операциялардың толық бейнесі болып табылады. Ол бірнеше өткізгіштерден тұруы мүмкін. Өткізгіштер операциялардан бөлек қолданылмайды.
Әрбір өткізгіш бір және тек қана бір операцияға жатады. Мысалы, түскен аванстың операциясы екі өткізгіштен тұрады-есеп айырысу шотына қаражаттардың есептелуі және түскен аванс бойынша ҚҚС-н есептелуі.
Өткізгіштер және операциялар журналы. Барлық бухгалтерлік операциялардың тізімін көруге операция журналы қолданылады.
Өткізгіштер журналы жалпы тізім түрінде бар операциялардың өткізгішін көруге мүмкіндік береді.
Қорытындыны есептеу кезеңін орнату
Қорытындыны есептеу кезеңі – бұл уақыт кезеңі, оған әдетте кәсіпорынның қызметі жөнінде мәліметтер беру қажет. Жұмыс кезеңі бағдарламада «Сервис», «Бухгалтерлік қорытындыларды басқару» менюі арқылы орнатылады. Кварталды таңдап алу керек, оған есепке алудың белгілі бір уақыты жатады, содан соң «Есеп айырысуды орнату» батырмасын басу керек.
Жұмыстың уақытын орнату «Сервис», «Параметрлер», «Жалпы» менюінде орнатылады. Қалдықтарды енгізу уақыты бастапқы есепке алудың уақытынан аз болуы керек.
Есеп берулер және өңдеулер. Есеп берулер әртүрлі ақпараттарды алуға қолданылады. Есеп берулер бухгалтерлік қорытындылардың талдауы мен қаражаттардың қозғалуында (айналым-қалдықтық ведомосі, журнал-ордер және т.б.), сонымен қатар салықтық инспекцияларға және басқа да инстанциялардың мәліметтерін қалыптастыруда қолданылады (баланс, салықтық есеп беру).
Өңдеулер әртүрлі сервистік немесе регламенттік әрекетін орындалуы үшін қолданылады.
3.Бағдарламаның объектілерімен жұмыс істеу дәйектілігі.
Бағдарламадағы жұмыстың негізгі кезеңдері:
1) Константаны толтыру. Констант тізімі бағдарламадағы қолданылатын және айқын барлық константадан тұрады. Тізімнен әрбір константаға үш параметр анықталады.
- константаның коды;
- константаға түсінік болып табылатын, константаның аты;
- қалыптасқан үлгі бойынша константаның мағынасы ( жол, сан, уақыт және т.б.)
2) Қалдықтарды есептеу және кіргізілген қалдықтардың енгізілген мерзімдегі кезеңін орнату.
3) Кәсіпорынның шаруашылық есебінің шоттары бойынша бастапқы қалдықтардың енгізілуі.
Осы кезеңде Операциялар Журналы қолданылады. Қалдықтарды енгізуде 000 жалған шоты қолданылады.
4) Ағымдағы есеп айырысу кезеңіндегі шаруашылық операцияларды енгізу. Ол үшін Операциялар журналы, Типтік операция және Құжат сияқты бағдарламалардың обьектілері қолданылады.
5) Есеп берудің көмегімен қорытынды ақпаратты алу.
4. Мекеме жайлы мәліметтерді толтыру.
Мекеме жайлы мәліметтерге оның атауы, мекен жайы, телефоны, жауапты тұлғалардың тегі кіреді. Бұл реквизиттер ары қарай жұмыс атқаруға маңызды болып келеді.
Бағдарламаны қосқаннан кейін экранда мекеменің мәліметтерін қамтитын терезе пайда болады. Оны сонымен қатар Сервис, Мекеме жайлы мәліметтер менюін қолдана отырып, экранға шығаруға болады. Осы терезеде 5 жарлықтары бар, олар: Мекеме, Кодтар, Банк және т.б., олар ақпараттың бес беттерімен байланысты. Басқа бетке ауысу үшін – жарлықты басамыз.
5. Бастапқы қалдықты енгізу.
Бастапқы қалдық еркін операция көмегімен енгізіледі. Әрбір шоттың қалдығына осы шоттың корреспонденциясына 00 «Көмекші» шотымен бір өткізгіштен енгізіледі. Қалдық есептеудің ең аз обьектілерімен енгізіледі, яғни аналитикалық шоттар бойынша, егер олар болмаса, онда субшоттар бойынша, егер бұлар да болмаса, онда синтетикалық шоттар қолданылады.
Өткізгіштің уақыты есептік кезеңнің бірінші күнінен ерте болуы керек. Мысалы, егер 01.01.2007 жылы калдық енгізілсе, онда өткізгіштің уақыты бұл саннан ерте болуы керек, яғни, 31.12.2006 ж.
Активті енгізу кезінде баланстың 000 шоты кредитте болады, пассивті енгізу кезінде – дебетте.
Сальдо толығымен кіргізілген кезде, кезең ішінде 000 шоты бойынша айналым қорытындысы есеп беруге тең болуы керек, яғни сальдо да 000 шоты бойынша 0 тең болады. Бұл есеп беруде тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет