• Түркия, Иран, Ауғанстанда да біршама қазақтар тұрады.
Қазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек. Кейбір дерек көздері бойынша шетелде тұратын қазақтар саны 5 миллионнан асатыны айтылған.Сондықтан да диаспоралар мәселесіне көп мән беріп, оның қоғамдық ғылыми негіздерін зерттеп, баға беріп, сын айтып, бүгінгі бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың өзекті мәселелерінің күрделі бір бөлігі ретінде қараған жөн.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.