Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»



бет40/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.
Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М.Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.
Күләш Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.
XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде–кем. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. А. Жұбановтың "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Ұмытпа", "Ақ Шолпан" сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған "Абай" сиютасы өз алдына бір төбе. . А. Жұбановтың композитор ретінде бағындырған биіктерінің бірі – опера жанры. Л. Хамидимен бірігіп жазған "Абай" операсы – қазақ жазба әдебиетінің кемеңгері Абайдың тереңдігімен, асқақтығымен ұштасып жатқан туынды. Абайдың туған халқына деген сүйіспеншілігі опера музыкасында терең, табиғи үндестік тапқан. .
ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды.
1926 жылы 13 қаңтарда – Қызылордада тұңғыш қазақ тетры ашылды. Қазақ театр өнерінің алғашқы режиссері Ж.Шанин. Халық өнерінің қайнар көзінен бастау алған сол дара тұлғалардың бірі –Серәлі Қожамқұлов. Өзінің ұзақ жылғы сахналас дос-әріптестері – Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков секілді мұның да өнерпаздық жолы қазақ ауылындағы ойын-сауықтан басталып, әрі қарай оның сиқырлы құпияларын тану кезеңдерімен ұласады. 1926-1932 жылдардың аралығында С.Қожам­құлов театрда бас режиссерлік, ал Қ.Жандарбеков қатардағы режиссерлік қызметті қоса атқарып келген. Ескі қазақ ауылының әлеуметтік тірлік-тынысын бейнелейтін шағын пьесаларды сахнаға қою С.Қожамқұловқа ешқандай қиындық тудырмаған. С.Қожамқұлов қойған Б.Майлиннің “Шан­шар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Көзіл­дірік”, “Қалпе”, “Талтаңбайдың тәртібі” сияқты сахналық туындылар – қазақ театрының алғаш­қы кезеңдегі табыстары десек, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Бәйбіше – тоқал”, Ө.Оспановтың “Зарлық”, “Сеңсең бөрік”, т.б. пьесалар Серағаңның байлам-шешімдерімен сахнаға шықты. Ал тәжірибелі кәсіби режиссер 1936 жылы қойған “Ревизордың” аса табысты болып, театр тарихынан көрнекті орын алған спектакльдегі Зем­ляника рөлінде С.Қожам­құлов үлкен мектептен өт­кендей болған. Қазақ театрының сахнасына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы 1940 жылы қойылды. Сонан бері қарай пьеса төрт-бес мәрте қайта қойылып, талай режиссерлердің қолынан өтті. Солардың барлығының да Қарабай рөлін Қожамқұловқа жүктеуінің өзі ол жасаған сахналық бейненің көркемдік мазмұнына байланысты болса керек. Қазақ театрының шығармашылық ізденісте­рінде тарихи-фольклорлық шығармалардың орны ерекше. М.Әуезовтің “Айман – Шолпан”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра” пьесалары қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет