Палеолит (ерте тас ғасыры) және мезолит (орта тас ғасыры)
дәуіріне сипаттама.
1 Адамның пайда болуы (антропогенез).
2.Тас ғасырын археологиялық дәуірлеу және оның хронологиясы.
3.Қазақстан палеолитін зерттеу тарихы.
4.Мезолит дәуіріне сипаттама.
5.Мезолиттің тарихи орны.
1.Табиғи жағдайлар және ежелгі адамдардың тіршілік еткен ортасы Алғашқы адамның қалай пайда болғаны және қашан пайда болғаны, ең алдымен қай жерде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер, болжамдар бар. Бүл сұрақ ғалымдарды көптен бері-ақ толғандырып келеді. Археология ғылымының соңғы жаңалықтарына сүйенер болсақ ең алғашқы адамзат баласы бұдан 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Соңғы ғылыми жетістіктер алғашқы адамдар бұдан миллиондаған жыддар бұрын табиғаттан сұрыпталып, маймылдан пайда болды дегенді айтады.
Жер бетіңдегі ең алғашқы адам қоныстары мен қалдықтары Шығыс Африкадан, Кениядағы Олдувай шатқалынан табылып отыр. Бұл жерден табылған адам сүйектерін зерттеген ғалымдар олардың түрпаты мен оның жанынан табылған тас құралдарға қарап оларға «епті адам» («Нота һаһіх») деген ат берді. Адам тәрізді маймыддардың презинжантроп тобынан шыққан бұл алғашқы адамдардың ми көлемі 652 см3 болған, бұл адам тәрізді маймылдардың ми көлемінен әжептеуір үлкендеу, олар төрт аяқпен емес, екі аякпен жүрген. Бұған олардың табан сүйектерінің доғаланып келуі дәлел бола алады. Және олардың еңбек құралдары бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін әдейі доғалдандырылған жұмыр тастар болған.
Тас дәуірінің орта кезеңіндегі адамға ұқсас тіршілік иесі питекантроп, соңғы кезеңіндегі тіршілік иесі синантроп деп аталды. Ғалымдар бұл тіршілік иелеріне «тік жүретін адам» («Нота егесШз») деген ат берді. Олардың ми көлемі презинжантроптардан біршама өсіп 950см3 жеткен. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылды. Кейінгі жүз жылда питекантропқа ұқсас тіршілік иелерінің Азия мен Еуропадан және Африкадан онға жуық қалдықтары табылып зерттелді. «Тік жүретін адамның» екінші бір түрі синантроп алғаш рет 1927 жылы Қытайдан, Пекин маңындағы Чжо-кау-дянь үңгүрінен табыдды.
Адамзат дамуының келесі сатысы неандерталь адамы болып табылады. Археологтар олардың алғашқы қалдықтарын Германияның Неандерталь деген жерінен тапты. Олардың ми көлемі 1300-1400 см3жетті. Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның пайда болуы соңғы палеолит дәуіріне байланысты. Ғалымдар «саналы адам» («Нота каріепк») деп ат берген бұлардың алғашқы өкілдері бұдан 40—50 мың жылдар бұрын өмір сүрген. 1868 жылы Франциядағы Кроманьон үңгірінен табылған қаңқалардың ми көлемі 1600— 1800 см3 болды. Кроманьондық адамның беттұрпатыңда және дене бітімінде осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Олар: жазық маңдай, иіліңкі қас сүйегі, сопақ бас сүйегі, шығыңқы иек, жіңішкелеу мұрын, кішірейген көз шұңқыры, сүйектердегі бұлшық ет бедерлері, тік жүру және т.б.
Ғалымдардың көпшілігі адам тектес тіршілік иелерінің алғашқы Отаны Солтүстік- Шығыс Африка деген тоқтамға келіп отыр. Өйткені, алғашқы адамдардың қазынды қалдыктарының көпшілігі осы аймақтан табылған және осы аймақтың жылы тропиктік климаты да бұған негіз береді.
Адамзат тарихы тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі кезеңдеріне бөлінеді. Тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең. Тас дәуірінің бұл кезеңі тарих ғылымыңда палеолит деп (ежелгі тас ғасыры) аталады. Тарих ғылымындағы қазіргі жүйелеу бойынша ежелгі тас ғасыры үш дәуірді -ежелгі, орта және жоғарғы палеолитті қамтиды. Ал ежелгі палеолиттің өзі үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель, орта палеолит: соңғы ашель, мустье, жоғарғы палеолит: ориньяк, солютре және мадлен болып бөлінеді.
Өткен ғасырдың 60-70 жыддарыңда бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер бойынша палеолит екі дәуірге - ежелгі палеолит пен соңғы палеолитке бөліңді. Африкадан табылған жаңа деректер бойынша дошель қазіргі уақытта олдувэй дәуірі деп аталады. Бұл дәуір (олдувэй) 2,5 млн. жылдан 800 мың жылға дейін созыдды. Шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі уақытты, соңғы ашель мен мустье 140-40 мың жылдықты, ал ориньяк, солютре және мадлен 40 мың жылдықтан 10 мың жылдықты қамтиды.
Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолитті жалғастыратын өтпелі кезең мезолит (орта тас ғасыры) деп аталады. Мезолиттің б.з. бұрынғы 12-5 мың жылдықты қамтитындығы дәлелденген. Жаңа тас ғасыры неолит б.з. бұрынғы 5-2 мың жылдықтарға созылған.
Қазақстан аумағынан ежелгі адамдардың қазынды қалдықтары қазірше табылған жоқ. Біздің елдегі ең ежелгі адамдардың мекеңдеуі үшін қолайлы аймақтардың бірі Қаратау жотасы. Алғашкы адамдардың қалдықтары табылмағанымен, осы Қаратау жотасынан олардың мекен-жайлары, тұрақтары табылып зерттелді. Қазақстан аумағы ежелгі адамның қалыптасқан және дамыған аймақтарының бірі. Ерте палеолит дәуірінде Қазақстан жерінің ауа-райы жылы және ылғалды, шөбі шалғынды, жан-жануарларға бай аймақ болды. Жиі жауған жылы жаңбырдан алуан түрлі өсімдіктер қаулап өсті, субтропиктік ормандар жайқалып тұрды. Осы жағдайлар ежелгі адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы жағдай жасады. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың іздері және осы аймақтан табылған оларға тиесілі еңбек құралдары шапқыш, қырғыш, үшкір тас және тағы басқалар б.з. 1 млн жыл бұрынғы ерте палеолитке жатады. Қазіргі зерттеулер мен археологиялық материалдар ежелгі адамдардың Қазақстан аумағын 600—800 мың жыл бұрын мекендей бастағанын дәлелдеп отыр. Бұл адамдар өзінің эволюциялық дамуында «тік жүретін адамның» қалпына сәйкес келеді. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар пайдаланған еңбек құралдары Қаратау жотасының оңтүстік-батысыңдағы Арыстанды өзенінің алқабына орналасқан Кеңірдек ауылы маңынан табылды. Бұлар негізінен ауыр, тік бұрышты, соғуға арналған еңбек құралдары болып табылады.
Табылған археологиялық материалдар ежелгі адамдардың Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс өңіріңде оқшау қыраттарда, аласалау төбелерде, мүйістерде, ежелгі тас құралдары жасалатын негізгі зат болып табылатын шақпақтастары жиі кездесетін жерлерде жиірек тұрғандығын көрсетеді. Бұл өңірден 40-70-шаршы км-дей аумақтан 12 палеолиттік тұрақ табылып, олардан шақпақ тастан жасалған бес мыңнан аса құрал табылды. Шабақты, Тәңірқазған, Боріқазған қойнауларынан табылған бұл тас құралдар негізінен кескіштер, тілгіштер, үшкір тастар болып келеді. Осы дәуірге жататын ірі ескерткіштердің бірі Бетпақ далада, Шу өзенінің оң жақ жағасынан табылды. Қазанғап шатқалынан табылған бұл қүралдардың жатқан жерінің геологиялық сипаттамасы олардың жасының төменгі палеолитпен түстас келетіндігін көрсетті. Ұзақ уақыт бойы қабатталып жиналған саз бен құм басып қалған тұрақтан археологтар 300-ге жуық қүралдар тапты.
Арыстанды өзенінің оң жағасындағы Қарасу қойнауынан табылған ежелгі адамдардың тұрағы мүлдем басқаша. Бес мәдени қабаттан тұратын бұл тұрақтан адамзат дамуының бірнеше кезеңінің ізін табуға болады. Мәдени қабаттар сары топырақтар арқылы бөлінген. Он мыңдаған жылдар бойы адамдар мекені болған бұл орыннан 15 мыңға жуық тас құралдар табылды.
Қаратау өңірінен табылған тас құралдары формаларының және оларды өңдеу тәсілдерінің Африкада, Үндістанда, Қытайда табылған ежелгі заттармен ұқсастығы Оңтүстік Қазақстанда адамдар төменгі палеолит дәуірінің алғашқы кезеңіңде-ақ мекеңдеген деуге толык мумкіндік береді. Алғашқы адамдардың тұрақтары Оңтүстік Қазақстаннан, сонымен бірге Шабақты, Алғабас, Үшбұлак, Майбұлақ, Бүркітті, Шөлтоғай, Шалсай және т.б жерлерден табылды. Табылған материалдар Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың мекені болғандығын толық растай алады.
Ежелгі адамдар Орталық Қазақстанды Қаратау жотасына қарағанда көп кейінірек мекендей бастаған. Орталық Қазақстандағы ежелгі тұрақтардың ең көнесі Қарағанды облысындағы Обалысай. Бұл жерден табылған құралдар тас құралдар жасаудың қаратаулық дәстүрлерінің сақталғандығын көрсетеді. Бұл құралдардың көңіл аударарлығы екі жақты шапқы құралдар. Орталық Қазақстандағы ежелгі адамдардың тұрақтары Мұзбел, Қос-мола, Құдайкол, Хантау ескерткіштері болса, Шығыс Қазақстанда олардын тұрақтары Жоғарғы Ертіс өңірінен табылды.
Тас дәуіріндегі адамдар баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды пайдаланды. Кейде ашық алаңқайларды да, суаттар мен бұлақтардың басын да мекендеді. Тас қаруларды шетінен бастап ортасына қарай жару аркылы жасады. Жару үшін тастан, сүйектен және мүйізден жасалған сыналар қолданылды. Олар еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Бұған мыңдаған, он мыңдаған жылдар керек болды. Отты пайдалану ежелгі адамдар өміріндегі үлкен жетістік болып саналды. От адамдарды суықтан, жырт-қыш аңдардан қорғады, еңбек қүралдарын өндеуді жеңілдетті, тағамдары жұғымды бола түсті. Олар жанған отты өшіріп алмауға тырысты, оны жанын сала қорғады. Орта палеолит дәуірінде ғана адамдар ағаш қабығын бір-біріне үйкеу арқылы немесе шақпақтастарды ұрып, ұшқын шығарып от жағуды үйренді. Осы дәуірде адам ойы мен дүниетанымында да кеп ілгері басушылық болғанын байкаймыз. Олар өлген адамды бір қырыннан жатқызып, аяғын бүгіп жерледі, өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге құрметпен қарау белгілері пайда болды.
Жоғары патеолит дәуіріндегі «саналы адамдар» («Нота яаріепх») еңбек құралдарын жасау әдістерін одан әрі жетілдіре түсті. Жоғары палеолит дәуірі - жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Қазақстан аумағынан жоғары палеолит тұрақтары көп табыла қойған жоқ және осы дәуірге тән адамдар мекені - баспаналар да табылмай отыр. Бірақ бұлар Қазақстан аумағында жоғары палеолит дәуірінде баспаналардың болмағаңдығын білдірмейді. Қазақстан аумағындағы жоғары палеолит дәуірінің ескерткіштері Оңтүстік Қазакстаңдағы Ащысай, Орталық Қазақстандағы Қарабас, Батпақ, Ангренсор, Шығыс Қазақстандағы Қанай, Үңгір тұрақтарынан табылды. Жоғары палеолитте қоғамдық катынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі рулық қауым қалыптаса бастады.
Қазақстан аумағында жоғары палеолит дөуіріне тән ескерткіштердің аздығына және олардың көп зерттелмегеніне қарамастан, осы дәуірдің қолдағы бар материалдары тас ғасыры дәуірі адамдарының материалдык мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, үнемі жүріп отырғанын және Қазакстан аумағындағы қоныстану процесінің тоқтамағандығын дәлелдейді.
2. Жоғары палеолитті алмастыратын мезолит (б.з. бұрынғы 12-5 мың жылдықтар) ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолит арасын жалғастыратын көпір сияқты. Орта тас ғасыр кезінде ауа райы күрт жылынып, мамонттар мен қалың жүңді мүйіз тұмсықтардың қырылуына әкеп соқты. Бұл дәуірдің ең үлкен жетістігі садақ пен жебенің және тас өңдеудегі жаңа микротехникалық әдістерінің пайда болуы.
Жаңа тас ғасырыңда садақ пен жебенің ойлап шығарылуымен бірге тас өндеу техникасы едәуір жетілдірілді: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Сонымен бірге бұлардың қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп атаған. Микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тәрізді ұсақ өткір қалақтар пайда болды. Бұның өзі жебенің ұштары мен қыстырма құралдар жасауға септігін тигізді, бұл құраддардың жүзі өткір бола түсті. Тас оңдеуде тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болды, тастың қиын өңделетін түрлерінің бәрі қажетке асырыл-ды. Тас балталар, кетпен шоттар, дән үккіштер, келісаптар жасалынды. Тас ғасыры үшін қысқа уақытты қамтыған мезолит дәуірінің ескерткіштері Қазақстан аумағында тым аз кездеседі.
Қазіргі кезде дейін Қазақстан аумағында мезолит кезеңі аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-шы жылдарда ғана пайда болды. 70-80 жылдардағы В.Зайберттің Есіл өңірінде, В.Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңіріндегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80- жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс жіәне Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды.
Б.з.б. VIII мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов 2, Явленко 2 тұрақтар табылды. ұАтбасар маңында Тельман 7, 8а. 9а, 14, одан да оңтүстікте Қарағанды маңында Виноградовка 2а, 12 тұрақтары табылды Торғай ойпаңы ауданында Дузбай 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |