Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет33/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Сальмонеллалар

Бұл энтеробактериялар туыстығына адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 2000 астам бактериялар жатады. Бұл ауруларды сальмонеллездар деп атайды. Сальмонеллалар морфологиялық, культуралдық, ферментативтік қасиеттері бойынша ұқсас, ал антигендік құрылымы бойынша өзгеше.


Сальмонеллалар 2 - ге бөлінеді:
1. монопатогенді
2. полипатогенді
Монопатогендіге іш сүзегі, паратиф А жэне паратиф В жатады. Бул аурулармен адамдар ғана ауырады.
Полипатогендіге адамдар мен жануарлар ауруларының қоздырғыштары жатады.
S.typhi алғашқы рет 1880 жылы Эберт іш сүзегінен өлген адамның мүшесінен анықтаған. 1886 жылы Ашар мен Баксад іш сүзегіне ұқсас аурудың іріңі мен зәрінен биохимиялық және серологиялық қасиеті өзгеше бактериялар анықтаған. Оларды S.paratyphi А және S.paratyphi В деп атаған. 1885 жылы ағылшын ғалымы Д.Сальмон шошқа тырысқағының қоздырғышын анықтады. Одан кейін көптеген ұқсас бактериялар анықталып, Сальмонелла туыстығына біріктіріп, сол ғалымның атымен аталған.
Морфология. Барлық сальмонеллалар ұсақ 1,0 - 3,0*0,6 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Қозғалмалы, перитрихтар. Спора және капсула түзбейді.
Культивирлеу. Сальмонелла - факультативті анаэробтар. Қоректік ортаға талғампаз емес. ЕПА жэне ЕПС 37 градус температурада (20 - 40 - қа дейін) және рН 7,2 - 7,4 (5,0 - 8,0 дейін) жақсы өседі. ЕПА - да нәзік, жартылай мөлдір, томпақ, жалтыр колониялар, ал ЕПС - де бірыңғай лайланған колониялар құрады.
Аурудан бірінші алынған материалдан (қан, зәр, құсық) өсім жәй болады. Оны көбейту үшін қоректік органы құнарландырады: селенитті сорпа, Мюллер ортасы, Кауфман ортасымен.
Сонымен қатар элективті орта да қолданылады: от (10 - 20 %), Рапопорт ортасы. Дифференциалды - диагностикалық Эндо, Плоскирев орталарында, түссіз колония түрінде өседі (себебі лактозаны ыдыратпайды). Висмут - сульфит агарда 48 сағаттан кейін қара түсті колония құрады.
Жаңа дайындалған S.paratyphi В культурасын термостатта 18-20 сағат инкубациялағаннан кейін және 1 - 2 тәулік бөлме температурасында ұстағаннан кейін колонияның шетінде шырышты белдік пайда болады.
Ферментативті қасиеті. Сальмонеллалар глюкозаны, маннитті, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Іш сүзегі қоздырғьгштары бұл қанттарды тек қышқылға дейін ыдыратады.
Сальмонеллалар лактоза мен сахарозаны ферменттемейді. Белок ыдырату қасиеті: көптеген сальмонеллалар белокты орталарды күкірттісутекке дейін ыдыратады. Индол түзбейді, желатинді срітпейді.
Токсигсндігі. Сальмонеллалар эндотоксин түзеді.
Антигендік күрылымы және классификациясы. XX ғасырдың басында ғалымдар сальмонеллалардың антигендерінің көптүрлі екенін анықтаған. 1934 жылы Кауфман агглютинация реакциясының нәтижесінде барлық сальмонеллаларды топтар мен типтерге бөлген, және антигендік құрылымының диагностикалық схемасын ұсынған. Осы схема арқылы сальмонеллаларды идентификациялайды (ажыратады).
Сальмонеллалардың 2 түрлі антигені болады: О және Н.
О - антиген - липополисахаридпротеинді комплекс, температураға тұрақты, формалиннің әсерінен белсенділігін жояды.
Н - антиген талшығымен байланысты, температураға өзгергіш, спирт пен фенолдың әсерінен белсенділігін жояды, формалиннің әсеріне тұрақты.
Барльгқ сальмонеллалар О - топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысының О - антигенгі болады, араб санымен белгіленеді.
S.typhi сонымен қатар Vi - антигені болады, О - антигенге қарағанда микроб клеткасында жоғары орналасады, О - қансарысу агглютинациясына қарсыласады. Бұл антиген температураға өзгергіш. Ол қоздырғыштың вируленттігімен байланысты. Vi - антиген сонымен қатар паратиф С - да болады.
Сонымен қатар арнайы сальмонелла фагтары бар, олар аурудың көзін және таралу жолдарын анықтауда пайдаланылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Сальмонеллалар тұрақты. 100 градус температурада бірден өледі, ал 60 - 70 градус температурада 10 - 15 минуттан кейін өледі. Олар салқын температурада, таза суда, мүзда бірнеше ай сақталады. Кептірілген және тұздалған етте - 2 айға дейін сақталады. Кептіруге шыдамды, шаңда көпке дейін сақталады.
Дезинфекциялаушы заттардың әсерінен бірнеше минуттан кейін өледі (2 - 5 % фенол, 1:1000 сулема, 3 - 10 % хлорамин).
Жануарлардың қабылдаушылығы. Көптеген сальмонеллалар адамдарда, жануарларда және құстарда аурулар қоздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет