Лекция жинағы Шымкент 2019


Жарық микроскобының құрылысы және онымен жұмыс жасаудың ережелері (микроскопиялық техника)



бет10/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Жарық микроскобының құрылысы және онымен жұмыс жасаудың ережелері (микроскопиялық техника).

Гистологияда қолданылатын негізгі құрал – микроскоп, зерттелінетін объект- әртүрлі ұлпалар мен мүшелердің гистологиялық препараттары. Микроскоп қымбат және нәзік аспап болғандықтан, оны баппен сақтап, төмендегі жалпы қағидаларды орындай отырып, қолдану қажет:

Микроскопты шаңнан сақтау үшін оған арнай тыс қаптар кигізу керек.

Оны тасымалдағанда екі қолмена лып (сол қолды микроскоптың табанының астына тосып, оң қолмен штативті ұстап), үстелдің үстіне соққыға ұшыратпай, ақырындап қою қажет.

Мезгіл-мезгілмен линзаларын еріткіштермен (ксилол немесе эфирмен) ылғалданған жұмсақ шөберекпен тазартып тұру тиіс.

Микроскоппен жұмыс істеу (микроскопия) кезінде оны шебер қолдану препаратты терең, жан-жақты зерттеп білудің ғана емес, сонымен бірге, оптикалық жүйесі мен препараттың ұзақ мезгіл сақталуының шарты болып табылады. Сондықтан осы жерде біз микроскопияның негізгі этаптарын және ерекшеліктерін қысқаша қарап шығамыз. Жол-жөнекей микроскоптың құрылысын бейнелеп, болуы мүмкін қателерді, олардың салдарын көрсете отырып, алдын алу және түзеу әдістерімен таныстырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет