Лекция жинағы Шымкент 2019


Қараңғы өрістегі микроскопия



бет7/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Қараңғы өрістегі микроскопия

Қараңғы өрісте преператтарды ерекше конденсатордың көмегімен зерттейді. Жарық өрісінің конденсаторынан қараңғы өрістік конденсатордың айырмасы жарық көзінен жанама шеткі сәулелерін ғана өткізеді.

Жарықтың шеткі сәулелері объективке түскендіктен микроскоптың көру өрісі қараңғы күйінде қалады да, ал шашыраңқы жарық түскен объекті байқалатын болады.Қараңғы өрісте түрлі тірі жасушаларды байқауға болады.

Фазасы қарама-қарсы

Фазасы қарама-қарсы микроскопты тірі жасушаны зерттеуге қолданады. Боялмаған тірі биологиялық объектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасын өзгертпейді, бірақ та оның фазасын өзгертеді. Адамның көзі фазалық өзгерістерді байқай алмайды. Фазасы қарама-қарсы әдісі осы преператтар бейнесінің айқын көрінуін қамтамассыз етеді. Микроскоптың бұл түрінде конденсорге арнаулы сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық пластинка орнатылады. Микроскоп оптикасының мұндай конструкциясы боялмаған препарат арқылы өткен, көздің қабылдай қабылдай алмайтын жарық фазасының өзгерістерін, амплитудасы әр түрлі жарық тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың бейнесі көзге анық көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет