Лекция жинағы Шымкент 2019



бет75/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Овогенез

Жұмырта жасушасының даму циклін овогенез дейді. Аналық гаметалар-дың дамуы аналық бездерінде жүреді. Аналық жыныс жасушаларының дамуы үш дәуірге бөлінеді: 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп жетілу.

Овогенез кезінде алғашқы жыныс жасушалары негізінде сперматогенез кезіндегі кезеңдерден өтеді. Бірақ та пісіп жетілу мен ооциттердің өсу барысында елеулі айырмашылықтар байқалады. Бұл процестердің ерекшелік-тері жұмыртқа жасушасы құрылысының ерекшелігіне байланысты.

Көбею дәуірінде оогонийлар митоздық жолмен бөлінеді, осының нәти-жесінде жасушалардың саны көбейеді. Оогонийлар сперматогоний сияқты қоректік заттарды жеңіл сіңіреді. Адамның аналық жыныс жасушаларының көбею дәуірі эмбриогенез кезінде жүреді. Эмбриогенездің соңғы кезінде алғашқы фолликулалардың пайда болуымен оогонийлардың көбеюі аяқталады, осыдан кейін олар I ретті ооциттерге немесе алғашқы ооциттерге айналады. Овогенез кезінде өсу процесі ұзаққа созылады және сперма-тогенезге қарағанда жедел жүреді. Қайсыбір жағдайларда ооциттердің өсуі кезінде жасушаның ядро аппараты синтездік процестерді қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын үдетеді. Ал басқа жағдайларда ооциттің маңында ооциттің қоректенуін қамтамасыз ететін және оның өсуіне қажет заттарды синтездейтін көмекші жасушалар пайда болады. Ооциттердің түзілуі алдында ДНК редупликацияланады. Ооциттердің өсу дәуірінде хромосомалар жұмы-сының үдеуі байқалады. Хромосомалар ұзарып жіңішкереді және ілгіштердің көптеген сандары пайда болады. Ядрошықтардың да сандары көбейеді. Бұл процестердің бәрі белоктың синтезіне және информациялық РНК мен рибосомалардың цитоплазмаға ауысуына байланысты. Пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы РНК-ны синтездемейді. Өсу дәуірінде бірен-саран алғашқы фолликулдар ғана өседі. Фолликулдың өсуімен бірге I ретті ооциттің келемі де бірнеше есе өседі, центросомасы жойылады, цитоплазмада сарыуыз жиналады, ооцит қабықшамен қапталады.

I ретті ооцитті сыртқы жағынан фолликулдық жасушалардың қабаты қаптайды. Пісіп-жетілу дәуірінде I ретті ооцит екі рет бөлінеді: редукциялық және эквациялық. Осы бөлінулердің нәтижесінде бір ғана жыныс жасушасы пайда болады. Бірінші бөлінуде бір жасушаға цитоплазманың аздаған бөлігі, ал екіншісіне барлығына дерлігі кетеді. Пайда болған кішкене жасуша бағыттаушы немесе полярлық денешік деп аталады. Бұл кейін дамымайтын екі жасушаға бөлінеді. Пісіп-жетілуің бірінші бөлінуінде пайда болған өте үлкен жасушаны II ретті ооцит дейді, оның екінші бөлінуінде тағы да кіші жасуша екінші бағыттаушы немесе полярлық денешік пен жетілген жұмыртқа жасушасы болып табылатын өте үлкен жасуша пайда болады. Бағыттаушы денешіктердің пайда болуы ядро затының кемуіне әкеліп соғады.

Бағыттаушы денешіктерде цитоплазма аз болады, сондықтан олар тіршілікке қабілетсіз, көп ұзамай өледі.

Аналық жыныс жасушасының дамуында қалыптасу дәуірі болмайды. Жұмыртқаның қалыптасуы оның өсу процесі кезінде жүреді. Сперматогоний мен оогоний дамуының нәтижесінде хромосомалардың гаплоидтық саны бар. аталық және аналық гаметалар пайда болады. Пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы үлкендігі жағынан сперматозоидтан жүздеген, мындаған есе үлкен қозғалмайтьш жасуша.

Пісіп жетілген жұмыртқа мен сперматозоид белгілі уақыттың ішінде қосылуға тиісті. Сондықтан олардың өмірлерінің ұзақтығы шектелген бола-ды. Біреулері бірнеше минут қана тіршілік ететін болса, ал басқаларының өмірі бірнеше сағатқа немесе күнге созылады.


17, 18 Лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет