Лекция жинағы Шымкент 2019


Тақырыбы: Жасушаның тіршілік циклі



бет80/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Тақырыбы: Жасушаның тіршілік циклі

Жоспар:

1.Жасуша дифференциациясы.

2.Ядро мен цитоплазманың дифференциациясы.

3.Эмбриональды диференциация. Индукцияның әсері.
Дифференциация проблемасы цитологиядағы маңызды және күрделі проблемалардың бірі. Тұтас организмде жасушалардың белгілі түрлері нақтылы қызмет атқаруға бейімделген. Органнзмнің онтогенетикалық және филогенетикалық дамуы кезінде әр түрлі жасушалар типтерінің белгілі бағыт-та мамандалуы жүреді. Жеке дамудың барысында біртекті жасушалардан құрылысы мен қызметі жағынан ажырайтын түрлі жасушалардың пайда болуын дифференциация процесі деп атайды.

Жасушалардың дифференциациялануы (мамандануы) организм тіршілі-гінде үздіксіз жүреді. Бірақ та бұл процестің жоғары дәрежедегі жеделділігі эмбриондық дәуірде байқалады.

Организмдердің көпшілігі бір жасушадан ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Бұл жасуша тез бөлініп бластуланы құрайды, оның құрамында келешек ұлпалар мен органдар байқалмайды. Осы кезге дейін түрлердің көпшілігінде сандық қана өзгерістер жүреді. Бластуланы құраушы жасушалар топтанып ажыраумен гаструлалану жүреді, үш ұрықтық жапырақша пайда болады және келешек органдар детерминацияланады. Осы кезден бастап әр түрлі ұлпалар қалыптасып (гистогенез) және ұлпалардан кейін органдар түзіліп (органогенез) жасушалық дифференциация басталады. Дифференциа-циялану барысында жасушалардың онан әрі даму жолдары мүмкіншілігінің шектелуі айқын көрінеді.

Дифференцировка үш факторлардың өзара әрекеттесуіне байланысты – ядроның, цитоплазманың және қоршаған ортаның.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет