Әлеуметтік қамсыздандыру Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. Ол мемлекеттік бюджет қаражатымен белгілі бір санаттағы азаматтарды материалдық қамсыздандыруға және азаматтық әлеуметтік ахуалын басқа қоғам мүшесімен теңдестіру мақсатында мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып табылған жағдай туындағанда бюджеттен тыс арнайы қорлардан қаражат бөлуге бағытталған.
Әлеуметтік кепілдіктер Әлеуметтік кепілдіктер —азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтер, яғни тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру.