Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Миногада жеті жұп желбезек қапшықтарының сыртқы саңылаулары бас бөлімінің екі жағында орналасады. Дөңгелекауыздыларда желбезек қапшықтары дөңгелек қуыс тәрізді, олар жіңішке саңылаулармен бір жағынан жұтқыншақпен, екінші жағынан сыртқы ортамен байланысады. Желбезек қапшықтарының ішінде меридианальды жатқан желбезек жапырақшалары болады, олар майда қан тамырларымен торланған. Желбезек қапшықтарының аралығында желбезек маңы қуысы (синус) болады, олардың әрқайсысы дәнекер ұлпалы желбезек аралық пердемен бөлінген. Синустар венозды жүйемен байланысқан, әдеттте лимфа мен қанаралас сұйықтықпен толған.