Тауықтектестер отряды. Бұл отрядқа кұрлықта, ағаш басында тіршілік етуге бейімделген басқа құстардан өзіндік ерекшеліктері бар 250-дей құстардың түрі жатады. Денесі тығыз, қанаттары қысқа әрі доғалданып келген. Саусақтары жақсы дамыған (ұзын әрі жуан). Олар полигамды кұстар. Бала-пандары ширақ әрі өсімтал. Көп түрінің кәсіптік мәні бар. Олар 2 отряд тармағына бөлінеді: 1. Тауықтар. 2. Гоациндер. Тауыктар отряд тармағының түрлері көп аймақтарда кеңінен таралған. Негізгі тұқымдастары – қоқыс тауықтары, құрлар, қырғауылдар, мысыр тауықтары, күркетауықтар. Гоациндер отряд тармағына бір ғана – гоацин деген түр жатады. Ол Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында таралған. Нашар ұшады, төссүйегінде қыры жетілмеген. Өте жақсы жетілген жемсауы етті қарынның қызметін атқарады. Ағаш басында жүргенде тұмсығын пайдаланады. Балапандарының қанаттарының бірінші және екінші сау-сақтарының ұшында тырнағы болады. Тырнақтарының көмегімен ағашта өрмелейді.