Экологиялық туризмнің ерекшеліктері Экологиялық туризм – бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамыған қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұл жөнінде экотуризмнің даму қызметіне белгілі. Оны Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры(WWF) және халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағы(IUCN) сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды. Сонымен қатар, экотуризмнің халықаралық және аймақтық деңгейде дамуы үшін конгресстер, семинарлар өткізіледі, туризмнің барлық түрінен негізінен экологиялыққа көп көңіл бөлінетін фирмалар саны көбеюде.
ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық деңгейде баға беруі.
Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасының күрт өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық ауырлықтың өсуіне де байланысты.
Экологиялық туризмнің жалпы туризмнен айырмашылығы неде?
Біріншіден, экотуризм – территориясы жақсы сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.
Екіншіден, экотуризм – ең экологиялық табиғатты пайдаланушы болып саналады. Экотуристердің табиғатты эксплуатациялау технологиясы визуальды түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір жолы болып табылады.
Үшіншіден, экотуризм туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын қадағалайды, соның ішінде қатаң тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.). Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.
Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.