Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі



бет4/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі. Батыс Еуропа тарихындағы феодалдық қоғамдық жүйенің біртіндеп орнығуы, варварлық басып енулер терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысы нәтижесінде Рим империясының құлауы, империя жерлерінде V ғ. аяғында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттердің пайда болуы жүйелі қарастырылған.
Орта ғасырда орын алған қоғамдық құрылыс, герман тайпаларының Рим империясы жерлеріне қонстануы нәтижесінде өнім өндіруші көпшілік арасынан ерікті ұсақ жер иеленуші – қауымдардың кең орын ала бастауы, феодалдық қатынастардың әр елдер әр түрлі деңгейде қалыптасуы, ірі – ірі феодалдық жер иеліктердің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктердің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық – тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологисының шығуы – Батыс Еуропада феодалдық қоғамдық – экономикалық жүйенің орнығу үрдістері жан – жақты қарастырылған.
Кейінгі Рим және бар жатқан алғашқы қауымдық германдық қатынастардың синтезі Батыс Еуропадағы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірінде феодалдық қатынсатардың дамуын біршама тездетті. Ұзақ уақыттар бойына еркін шаруалардың, қауымдық қатынастардың біраз қалдықтары сақталып қалды.
Рим және герман қатынастарының жиынтығы, анағұрлым толық жүзеге асырылғанына елдерге қарағанда, ерте орта ғасырдың жағдайында шаруалардың феодалға тәуелділігінің ауыр формасы біршама жеңілдеу болды. Саяси құрылымда ру – тайпалық құрылысы тән басқару ұйымының сарқыншақтары - әскери демократия ұзақ сақталды.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. IV-VІ ғасырда варвар тайпалары Рим империясын құлатқан кезең Еуропа тарихына халықтардың Ұлы қоныс аудару заманы ретінде енді. Аталған тарихи кезеңде бүкіл Еуразияны қамтыған және оның саяси, этникалық мәдени бейнесін өзгерткен процестер өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы тарихи поцестер нәтижесінде антика заманынан келе жатқан өркениеттің күйреп, феодалдық қатынастардың орныға бастаған дәуірі еді.
Варварлық басып кірулердің Европа тарихы үшін зор маңызды болды. Бұл басып кірудің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқара халықтың күресінен күні біткен Батыстаға құл иеленушілік Рим империясының құлауы болды. Европаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим империясы қамтыған теритррияларда 5 ғасырдың аяғы мен 6 ғасырдың басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды.
Батыс Европаның әлеуметтік – эконмикалық және саяси құрылысында терең өзгерістер болды.
Мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі варвар тайпаларының әр түрлі жіктерін жаңа бөтеннің жерлерін басып алуға итермелейді. Сонымен бірге Шығыстан дала көшпенділерінің қоныс аударулары да әсер етті. Алайда бір уақытта адамдардың әр түрлері тайпалық тобырларының қозғалысқа келуінің тағы бір себебіне ІІ ғасырдан бастап климаттың суытуы V ғасырда өзінің биік шыңына жету, еуразиялық алқаптардағы көшпенді халықтардың ылғалды жерлерге қарай қоныс аударуы Еуропаның көптеген варвар тайпаларында рулық – тайпалық құрылыстық ыдырау кезеңінде қабаттасып келді. Халықтар жылжуының басты себебіне сонымен қоса сыртқы саяси факторлардың да әсері болды. Варвар тайпаларының (әсіресе көшпелі) бір – біріне толассыз шабуылы және оларға қарсы тұруды Рим империясының әлсіреуі орын алды. IV – V ғасырларда ұлы халықтар жылжуына герман және түркі, оның кейін славян және угро – фин тайпалары басты орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет