Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Еуропа отыз жылдық соғыс жылдарында



бет43/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

Еуропа отыз жылдық соғыс жылдарында. Ұлы географиялық ашылулар мен сауда жолдарының өзгеруі Германияның экономикалық дамуына қолайсыз әсер етті. ХҮІ ғ. екінші жартысында бұл неміс саудасының құлдырауынан көрінді. Неміс қалаларының Ганза одағы Нидерланды мен ағылшын өнеркәсібі мен саудасының бәсекесіне шыдамай ыдырап кетті. Гамбург, Любек, Бремен сияқты неміс қалалары өздерінің экономикалық ролін сақтағанымен – Амстердам және Лондонмен салыстыруға келмейтін. Германия негізінен аграрлық елге айналып, оның өнімдері экономикасы дамыған елдерге шығарылып отырылды. Англия, Франция, Нидерланды сияқты елдерде ХҮІ – ғасырда крепостниктік біржолата жойылса, Германияда сол қалпында мызғымай тұрды, үстем өндіріс тәсілі болды.
ХҮІ ғ. өн бойында Германияның саяси бытыраңқылығы сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге күшейе түсті. Саяси бытыраңқылық князьдардың арасында бітпейтін территориялық жанжалдарды ушықтырып отырды. Жергілікті шіркеулердің жергілікті князьдарға бағындырылуымен (“кімнің билігі -соның нанымы”) олардың билігі бұрынғыдан да күшейе түсті. Реформациядан кейін князьдардың арасындағы күрес қолайлы идеологиялық формаға ие болды. Князьдардың протестанттар мен католиктерге бөлінуі қақтығыстарға сырттай “идеялық” сипат беріп, елдің территориялық бытыраңқылығын тереңдете түсті. Князьдардың императормен күресі де діни алауыздықтармен бүркемеленіп отырды. Император бұрынғысынша елдегі католиктік партияны басқарды және папамен нығыз байланыста болды. Неғұрлым ірі князьдардың көпшілігі протестанттар – лютерандар, қалған бөлігі кальвинистер болды.
Отыз жылдық соғыс көптеген жанжалдардың қатты асқынуының нәтижесінде басталды және оған европа елдерінің барлығы дерлік тартылды. Габсбуртер әулетінің орталықтандыру саясаты ірі княздар мен кейбір көрші елдердің, ең бірінші кезекте Францияның мүдделеріне қайшы келді; Чех жерінде соғыс ұлттық тәуелсіздік мәселелерімен байланысты болды; Испания мен Францияның Батыс Европада гегемондығы жолындағы бәсекелестігі де жалғасып жатты. Халықаралық жағдайдың шиеленісуінде испан-голландия күресі, Швеция, Польша, Дания мен Ресейдің Балтық теңізіндегі бәсекелестігі, Ресейдің поляк интервенциясына қарсы текетіресулері де елеулі үлес қосты. Қарама - қайшылықтардың, оқиғалар мен есімдердің күрделі түйінін тарқатудың өзі өте қиын. Атап өтетін жәйіт, аталған қарама қайшылықтардың көпшілігі, олардың табиғатының қандай болғанына қарамастан Германия территориясында шешіліп жатты. Соғысқа қатысушы барлық елдер өздерінің тонаушылық мақсаттарын көздей отырып, оны жасырып отырды. Олар біресе “жапа шеккен” неміс протестанттарына көмекті желеу етсе, екінші жағдайда католиктерге беретін жәрдемді желеу етті. Сондықтан отыз жылдық соғысты Германия тарихына байланысты қарастырған дұрыс. Әсіресе, нақ Германиядағы күштердің орналасуы мен қарама қайшылықтар сипатын түсіну айрықша маңызды. Қарама қайшылықтардың әбден асқынуы – отыз жылдық соғысқа алып келді.
Габсбургтердің жеңісі, алайда императорды емес, Чех жерлерін өзара бөлісіп алған князь католиктерді күшейтті. Императордың жеңіске жетуі Францияны да қатты мазалады. Нидерланды 1621 жылдан бастап Испаниямен соғыс жағдайында болды. Күйеу баласы Фридрих Пфальцкйдің тағдыры ағылшын королі Яковты да толғандыра бастады. Осылайша, ішкі Герман мәселелері үлкен халықаралық үндестік алды. Ришельенің бастамасымен 1625 жылы австрия және испан Габсбургтеріне қарсы Үштік Одақ құрылды (Англия, Голландия, Дания). Соғыстың барлық материалдық шығынын Англия мен Голландия көтеретін болса, соғысты жүргізетін Дания корольі Кристиан ІҮ – болды. Сөйтіп, соғыстың екінші дат кезеңі (1625-1629) басталды. “Үштік Одақ” елдері протестанттық князьдар жағында соғысып, оған Трансильвания мен Швецияда қосылды. Алайда, бұл жолы да протестанттық лагерь жеңіліске ұшырады. Ол “Валленштейн феноменімен” түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет