Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


«ХІІ-ХІІІ ғғ. Германия. Чехия. Гусшілдер қозғалысы. Италия»



бет20/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

«ХІІ-ХІІІ ғғ. Германия. Чехия. Гусшілдер қозғалысы. Италия»


Жоспар:
1. ХІІ-ХІІІ ғғ. Германия дамуының ерекшеліктері.
2. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германия. Гобсбургтер династиясының басталуы.
3. ХІҮ-ХҮ ғғ. Чехия. Гусшілдер қозғалысы.
4. Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері.


ХІІ-ХІІІ ғғ. Германия дамуының ерекшеліктері. ХІІ-ХІІІ ғғ. Германияда өндіргіш күштердің едәуір дамуы байқалды. Егіс көлемі ұлғайды, қалалардың өрлеуі қарқыны жоғары болды. Рейндегі Кельн мен Вормс, Жоғарғы Дунайдағы Ульм, Нюрнберг, Аугусбурк, Майндағы Франкфурт өнеркәсіптің дамуында жетекші орындарды алды. Алайда, елде тауарлы- шаруашылықтың дамуы қарқын алғанына қарамастан Германия ХІІ – ХІІІ ғасырларда феодалдық бытыраңқы ел болып қала берді. Англия мен франциядағыдай Германияда қалалар мен король өкіметінің арасында одақ қалыптаспады. Герман королдары, атап айтқанда, қалалықтардың феодалдарға қарсы күресінде оларды қолдамады. Бұл көбінесе неміс қалаларының саяси аренаға кешеуілдеп шығуымен де түсіндіріледі. Дегенмен, герман корольдарының қалалықтармен одағы болмауының басты себебі герман императорларының агрессияшыл сыртқы саясаты болды. Итальян жорықтары “әлемдік үстемдікке” ұмтылу, герман императорларының назарын ішкі істерден басқа жаққа аударды. Шексіз соғыстар герман императорларын ірі феодалдарға барынша тәуелді ете берді. Үшінші герман династиясы Штауфендердің немесе Гогенштауфендердің тарихы (1138 – 1254) герман императорларының басқыншылық саясатының елдің ішкі дамуы үшін қаншалықты залалды болғанын көрсетеді. ХІІ– ХІІІ ғасырлардың басында Штауфендер династиясының үш императоры: Фридрих І (1152– 1190), оның ұлы Генрих ҮІ (1191 – 1197) және немересі Фридрих ІІ (1212 – 1250) – маңызды роль атқрды.
Папа Инокентий ІІІ – нің тұсында (1198 – 1216) шіркеу билігі шырқау шыңына жетті. Папаның соты Европа корольдарының трибуналына айналды. Корольдар папаның рұқсатымен үйленіп – ажырастырылды. Бүкіл Европадан жиналған алым салықтар Рим папасының қазынасына жиналды. Күпірлікке қарсы инквизиция соты – күллі европада қаһарын төгіп тұрды. Инокентий ІІІ императорлық тәжді-де өз қалауынша кигізді.
Генрих ҮІ – қайтыс болғаннан кейін (1197) оның мұрагері Фридрих ІІ Штауфен бар болғаны үш жаста еді. Ол рим папасының тәрбиесінде болды. 1212- жылы рим папасы Штауфенді герман императоры деп жарияланды. Фридрих ІІ (1212-1250) Штауфендер үйінің үшінші көрнекті өкілі болды. Жартылай неміс – жартылай итальяндық Фридрих ІІ әртүрлі мәдени ортаның ықпалын жақсы қабылдаған билеушілердің бірі еді. Ол араб және грек тілдерін білді, латын және италиян тілдерінде трактаттарын жазды. Оның сарайында араб, византия және еврей ғалымдары жұмыс жасады. Шығыс музыкасы, шығыс биі, әдебиеті мен өнері оның сарайында барынша қолпашталды.
ФридрихІІ Сицилия корольдығын орталықтанған бюрократиялық монархияға айналдырғысы келді. Бұл бағытта ол көптеген шараларды жүзеге асырды. Ең бірінші кезекте орталықтануға қарсы шыққан Сицилия феодалдарының қарсылығы басып жаншылды. Ал императордың Италиядағы саясаты мүлде басқаша болды. Италияда үнемі болып, Германияда болмағандықтан Фридрих ІІ – і ірі феодалдарға үнемі жеңілдіктер жасады. Италияда, Фридрих ІІ Ломбард қалаларына қарсы күресті қайтадан жандандырды. Бірақ, Ломбард қалалары бұл жолы да Барбаросса заманындағыдай тез бірігіп, императорға лайықты тойтарыс бере алды. Фридрих ІІ–нің тұсында императордың папамен күресі шырқау шыңына жетті.
“Алтын булла” феодалдық бытыраңқылықты заңдастырды. “Алтын булла” бойынша Германияда императорды сайлау құқы аса ірі жеті княздықтың прерогативасына айналды. Сайлау құқы бар жеті князьдық – курфюрлік деген титул алды. Олар үш діни князьдықтан – Майн, Кельн және Трир архиепископынан және төрт светтік князьдықтан: - Богемия корольдығы (Чехия), Рейн пфальцграфы, Саксония герцогтығы және Бранденбург маркграфтығы – тұрды. Курфюрлердің императорды сайлау құқы ғана емес, тақтан тайдыру құқы да болды. Мысалы, 1400- жылы Карл ІҮ – нің ұлы император Воцлав қалалықтардың феодалдарға қарсы күресіне жәрдем бергісі келгені үшін тақтан тайдырылды. Ал оның інісі, Карл ІҮ–нің екінші ұлы (1410 – 1437) Сигизмунд курфюрлердің қолындағы ойыншыққа айналды. Сигизмунд өзінің билігін нығайтқысы және ұлы мемлекет құрып, папамен одақтасқысы келді, бірақ гусшілдерге қарсы соғыстардағы сәтсіздіктері мұның барлығын мансұқ етті.
1438- жылы Люксембургтер династиясының тоқтауымен императорлық билік Габсбургтерге өтті. Императорлық биліктің мұралықпен берілуінің бұл кезде ешқандай мәні қалған жоқ. Бұл уақытта екінші универсиалистік мекеме – рим папалығының құлдырауы да Германия үшін ауыр болды. Билік атауының жоқ жағдайында – елде қарақшылық пен жүгенсіздік етек алды. Фридрих ІІІ (1440 – 1493) басқарған жылдар императорлық билік дәрменсіздігінің дәуірі еді. Орта ғасырлық бір хронисттің айтуынша Германияда императордың бар екені ұмытыла бастады.
Саяси бытыраңқылық Германияның халықаралық жағдайында ауырлатты. ХҮ – ғасырдың өн бойында Германия көптеген жерлерінен айырылды. ХҮ- ғасырдың 60 жылдарында (1466) Тевтон ордені Польшаға вассалдық тәуелділікте болса, осы жылдары империяның құрамындағы Шлезвиг – Гольштейн Данияға өтті. 1481 жылы Швейцария конфедерациясының біржолата қалыптасуы аяқталды. Венгер корольі Матьяш Корвин, тіпті ,императордың әулеттік иелігі Жоғарғы және Төменгі Австрия мен Штирияны тартып алды. Тек Фридрих ІІІ басқаруының соңына қарай, оның ұлы Максимилианның Марйя Бургундскаяға үйленуі оның билігін нығайтты, бүкіл Нидерланды жері Габсбургтерге өтті. (Бұл уақытта Бургундия мемлекеті ыдырап жатты). Максимилиан ұлының испан корольінің қызына үйленуі Габсбургтерді европадағы ең үлкен монархияға айналдырды.
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Германиядағы князьдық және императорлық биліктің жағдайы неміс сословиялық өкілетті органдарының қалыптасуына да әсер етті. Император вассалдарының империялық жиналысы – рейхстаг, ал жергілікті князьдықтардағы жиналыстар – ландтагтар д.а.
Феодалдық бытыраңқылық, саяси – экономикалық берекесіздік алдыңғы қатарлы неміс қоғамының, ең бірінші кезекте қалалықтардың ашу ызасын тудырды. Бюргерлік оппозициялық көңіл күйдің тамаша көрінісі ХҮ – ХҮІ ғасырларда танымал болған памфлет “Император Сигизмундтың Реформациясы” деп аталды (1439). Реформация елдегі империялық құрылысты түбірінен өзгертіп, елді бірігуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды белгіледі. Реформация бюргерлердің арасында танымал болғанымен жүзеге асырылмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет