Лекция Кіріспе. Ішкі күштер. Есептік схема. Жүктер. Қима әдісі. Кернеу. Деформациялар мен орын ауыстырулар. Созылу және сығылу. Бойлық күш


Гук заңы. Күштер әсерінің тәуелсіздігі мен Сен-Венан принциптері



бет2/2
Дата20.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#104242
түріЛекция
1   2
Байланысты:
1 лекция. Каз.

Гук заңы. Күштер әсерінің тәуелсіздігі мен Сен-Венан принциптері

Көптеген жағдайда орын ауыстырулар кейбір шектерде әсер ететін күштерге пропорционал (Гук, 1660 ж.). Мұнда пропорционалдық коэффициенті материалдың физикалық қасиеттеріне және жүйенің геометриясына тәуелді. Қазіргі қарастыру бойынша Гук заңы кернеу мен деформация арасындағы сызықтық тәуелдігін анықтайды. Сонда пропорционалдық коэффициенттер материалдың тұрақтылары болып келеді. Ал орын ауыстырулар мен күштер арасындағы сызықтық тәуелдік соның салдары ретінде шығады. Тәуелдік күштер артқанда да, азайғанда да сақталады, демек, ол жүйенің серпімділік қасиеттерін сипаттайды.

Гук заңына бағынатын жүйелер үшін суперпозиция принципі (күштер әсерінің тәуелсіздігі принципі) орын алатынын дәлелдеуге болады, осыған сәйкес серпімді денедегі орын ауыстырулар мен ішкі күштер сыртқы күштердің түсу кезегіне тәуелсіз болады. Егер жүйеге бірнеше күш түсірілсе, алдымен әр күш бөлек түскен кезде орын алатын ішкі күштер, кернеулер, орын ауыстырулар мен деформацияларды анықтап, содан кейін барлық күштер әсерінің нәтижесін әр күш әсері нәтижелерінің қосындысы ретінде табуға болады.

МК есептерін шешу кезінде Сен-Венан принципі қолданылады. Егер денеге теңгерілетін күштер жүйесі әсер ететін болса, онда жүктеме түсірілетін орнынан алыстаған сайын кернеулер мен деформациялар шапшаң азаяды деп алынады. Бұл принципке сәйкес жүктеменің түсірілу тәсілі дененің деформациясына тек қана жүктеме түсірілген орнына жақын кіші көлемінде әсерін тигізеді, ал жүктеме түсірілген орнынан алыс жерде жүктеменің түсірілу тәсілі дененің деформациясына әсерін тигізбейді.

Брусқа  {F1, F2, …, Fnжүктемесі түсетін болсын. Бруста пайда болатын ішкі күштерді, оны екі бөлікке, мысалы А қимасымен кесіп, анықтауға болады (қималар әдісі). Брустың бөліктері арасындағы байланыстарды алып тастағандықтан, оның бір бөлігінің екінші бөлігіне әсерін қимадағы {FАішкі күштер жүйесімен ауыстыру керек. Жалпы жағдайда әртүрлі қима-ларда әр түрлі ішкі күштер орын алады. А' жазықтығындағы күштер жүйесінің таңбасы А" жазықты-ғындағы күштер жүйесінің таңбасына қарсы болады. Ішкі күштер қима бойымен кейбір күрделі түрде таралады. Сонда оң жақ және сол жақ бөліктері үшін тепе-теңдік шарттары бөлек орындалу керек. А қимасындағы ішкі күштердің бас векторы мен бас моментін кез келген бөліктің тепе-теңдік шарттарынан анықтауға болады.

Тепе-теңдік теңдеулерінен ішкі күштердің қима бойымен таралу заңын емес, тек қана олардың статикалық  эквиваленттерін анықтауға болады (сыртқы күштер белгілі жағдайда). Ішкі күштер жүйесін қима-ның ауырлық центріне келтірейік. Нәтижесінде   бас векторы мен   бас моментін аламыз (3 сурет). z өсін қиманың сыртқы нормалімен бағыттап және х пен у өстерін қима жазық-тығында орналастырып, координат жүйесін қабылдаймыз.   және   векторларын өстерге проекциялап, 6 құраушыны аламыз: үш күш пен үш момент, олар брус қимасындағы ішкі күштер факторлары (ІКФ) деп аталады. N құраушысы бойлық немесе нормаль күш, Qx пен Qy – көлденең күштер, Мк моменті – бұраушы момент, ал Мх пен Му моменттері – х пен у өстеріне қатысты июші моменттер деп аталады. Сыртқы күштер белгілі болғанда, барлық ІКФ кесілген бөлік үшін құрылған 6 тепе-теңдік теңдеулерінен табылады.






3-сурет


ІКФ-на сәйкес брустың жүктелуі түрлерге жіктеледі (созылу, сығылу, бұралу, иілу және т.б.). Жүктелудің түрін анықтау үшін қима әдісін қолданып, қималарда қандай ІКФ болатынын анықтау керек. Нәтижелер эпюрлер деп аталатын графиктермен көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет