д) Физиотерапиялық, психиотерапиялық емдеу. Логопедия жұмысының процесіне медициналық тәсілді қолданумен қатар физиотерапия мен психотерапияны да пайдаланды. Физиотерапия организмді жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.
Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасын сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтар байқалады.
Психотерапевтикалық жұмыстың міндеті түсіндіру, сендіру, әңгімемен ұйыту арқылы осы жағымсыз мінезді өзгерту болып, саналады. Кейде психотерапияның бір түрі гипнозды қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы кластағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.
Логопедтерге педагогика мен медицинаның ықпалын пайдалану арқылы комплексті қолдану- логопедиядағы ең маңызды принциптердің бірі.