Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет30/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Үндістан – адамзат баласының ең көне мәдениет ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар.

Б.з.б. бірмыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің дамуы қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б.з.б IV- II ғ.) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді.

Қушан дәуірінде (б.з. I-III ғ.) үнді мәдениеті өз дамуында жаңа арнаға түсіп, өзіндік сипатқа ие болды. Қушан империясы ұлан байтақ империяны: Солтүстік Үндістанды, Орта Азияның бір бөлігін, қазіргі Ауғанстан мен Пәкістан жерлерін алып жатты. Бұл үлкен саяси одаққа қоғамдық – саяси, мәдени дамуы жағынан әркелкі және түрлі діндегі толып жатқан халықтар мен тайпалар кірді. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты Қушан мемлекеті бұл елдердің арасындағы біртұтас жүйені саяси салада ғана емес, мәдени өмірде де орнықтыруға барынша күш салды.

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді бүдда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үндінің атақты жазушысы Рабиндарант Тагор ведалық гимндерді "Халықтың қуаныш – шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поәтикалық куәгері" деп өте жоғары бағалаған болатын. "Жаратушы өні" гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: "Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды , соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды".

Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишаттар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады.Үнді-будда мәдениетінде тән қасиет дін мен философияның тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: "Үнді мәдениеті-жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді.Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де, көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар-діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады".





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет