Оқушылардың физиологиялық даму пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарың даму жолдарын карастыратын жасқа байланысты физиология және адамның деңсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Оқушылар физиологиясы адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым.
1.Оқушылардың физиологиялық даму пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбиежүмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
2. Оқушылардың физиологиясы негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы.
3. Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманда бастап дамағынымен балалардың дене қүрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерің зерттеу кейінірек басталған. Себебі,балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады.
Оқушылар физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.