2.17 сурет. Жуық шамамен алынған су шығындары Су торының әр учаскесінен өтетін су көлемінің нақты шамасын анықтау үшін алдымен жоғарыда айтқанымыздан шарты орындалуы тиіс. Алайда, бірден барлық айнылымдарда бұл шарттың орындалмауы мүмкін, яғни Сондықтан торды үйлестіру мақсатымен үйлесімсіздіктің һ таңбасына және шамасына қарай түзету шығынын береміз. Біздің мысалымызда бірінші түзетуден кейін де I және IV айналымдарда Δһ әлі де болса 0,5 м артық болады. Демек, торды жаңа табылған Δһ бойынша түзетіп шығамыз.
Дәл осындай жолдармен торды өрт мезетіне де бейімдеу керек. Өрт уақытында торға есепті шығыннан ( л/с) басқа да өрт мұқтажына жұмсалатын Qө су өтетінін жоғарыда айтқан болатынбыз.