мұндағы теңдіктің алымы (2.30) формуламасындағы , ал бөлімі учаскелердің қарсылықтары мен шығындарының көйбейтіндісін көрсетеді. Демек, алынған теңдікті мына түрде жазамыз
(2.31)
Түзетуші шығын белгілі болғаннан кейін барлық учаскелерден өтетін жаңа су шыңындарын анықтауға болады:
Бұдан кейін жаңа табылған су шығындарына қатысты арын жоғалуын және жаңа үйлесімсізлікті Δһ табамыз. Әдетте, ол 0,5м жуықтағанша жоғарыда айтылғандай түзетуші шығынды ары бері жіберу арқылы айналмалы су құбыры торын үйлестіру керек болады.
Көп айналмалы торларға қойылатын мәселені шешу үшін айналымдар санына тең болатын теңдеулер алуымыз керек. Мәселен, төрт айналымды тор үшін (2.19-сурет) үйлесімсіздіктер әр айналымға тиісті теңдеулер былайша жазылады:
(2.32)
Достарыңызбен бөлісу: |