Лекция конспектілері тақырып: Курстың пәні мен мақсаты. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Сақ тайпаларының қоғамдық – саяси құрылысы



бет4/4
Дата19.11.2016
өлшемі0,75 Mb.
#2093
түріЛекция
1   2   3   4

12 Тақырып: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы құрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам — социалистік жүйесі социалистік мемлекет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.

1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М. И. Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халық комиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.

1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. Ұзамай 1918 жылдың көктемінің соңына қарай Ресейде азамат соғысы басталды. Билікті қолдан жібергісі келмеген бұрынғы капиталистер, помещиктер, патша әскерлерінің басшылары, шет ел интервенттерімен бірігіп Кеңес өкіметін құлату үшін үлкен соғыс бастады. Азамат соғысы Қазақстанды да түгелге жуық қамтыды. Көпшілік облыстарда Кеңес өкіметі құлап, билік ақ гвардияшылардың қолына қайта өтті. Тек орталығы Ташкент болған Түркістан республикасының орталық бөліктері құламай тұрып қалды.

Қазақстанда Ақгөбе, Жетісу, Орал сияқты ірі майдандар құрылды. Өте кескілескен жағдайда жүрген азамат соғысы Қазақстанда бірден жаңа кеңес билігінің орталықтанған органдарының құруға мүмкіндік бермеді. Аз уақыт билікті өз қолына алған Алашорда үкіметі де 1918 жылдың күзінде тарады.

Қазақстаңда облыстар мен уездерде құрылған жұмысшылар, шаруалар және солдаттар Кеңестері жаңа биліктің алғашқы өкілдері болды. Азамат соғысы жылдарында Кеңестер мен контрреволюциялық күштердің бірін-бірі ауыстырып тұрған кезеңдері аз болмады.

Қазақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.

Казревком Қазақ автономиясын құрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Казревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Қаралдин т.б. Алашорда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкіметінің жұмысына тартылып Казревкомның құрамына өтті.

Казревкомның салалар бойынша бөлімдері болды. Кейін бұл бөлімдер халық комиссариаттарьш күруға негіз болды. Казревком құрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери іс жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Бұл бөлімдер Казревкомның өлкедегі жоғары билік ретіндегі қызметін қамтамасыз етті.

Казревкомның міндеттері: өлкедегі кеңес қызметін ұйымдастыру, Кеңестік Ресейдің билік органдарының шешімдерін жүзеге асыру; экономика мен мәдениетті көтеру шаралары; Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізу; РКФСР мен Түркістан АКСР—мен байланыс т.б. Азамат соғысы жағдайында бұндай күрделі де қиын міндеттерді жүзеге асыру оңай болмады.



Казревкомның міндеттерінің бірі жергілікті кеңестерді ұйымдастыру және оларға басшылық ету болды. Ол үшін жаңа сайлау жүйесі жасалып кеңестерге қанаушы таптардың және конрреволюцияның өкілдерін жібермеуге күш салынды. РКФСР-дің 1918 жылғы Конституциясының 65-бабы бойынша мұндай элементтер сайлау құқығынан айрылған болатын. Әрі олар кеңестердің бүкіл қазақстандық Құрылтай сьезіне жіберілмеді.

1920 жылға дейін өлкеде бірыңғай партия ұйымы да болмады. РК(б)П Орталық Комитеті 1920 жылы 30 сәуірде РК(б)П-нің қазақ облыстық бюросын құрды. Өлкедегі бүкіл партиялық ұйымдастыру, насихат жұмысы осы органның қолына жинақталды. РК(б)П-ның Қазақ облыстық бюросының құрамына С.Пестковский, Ә.Жанкелдин, А.Әйтиев, С.Арғыншиев, М.Мұрзағалиев және А.Әлібеков кірді.

Казревком мен Қазоблбюро Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сьезін шақырудың нұсқауын жасады. Бұл нұсқауда бұрынғы қанаушы болған топтарға сайлау құқығы берілмеді. Жұмысшылар үшін шаруаларға қарағанда үлкен артықшылықтар берілді.

Ревкомдардың мынадай вертикалды құрылымы болды: Казревком, облревком және уездревком. Ревкомдардың жұмысы бір адамның басшылығына негізделді. Мұндай жеке басшылық азамат соғысының төтенше жағдайынан туындады. Ревком төрағаларының қолына мол және төтенше билік жинақталды.

Ревкомдардың қаулылары мен бұйрықтары міндетті нормативтік актілер ретінде мүлтіксіз орындалуға жатты. Ревкомдардың актілері арқылы халықтың міндеттері мен құқықтары белгіленіп, олардың басқа әскери және азаматтық ұйымдарға қатысы анықталды.

Ревком жұмыстарының бір ерекшелігі уездік ревкомдардың бөлімдері мен бөлімшелері (подотделдер) облыстық ревкомдардың осындай бөлімдеріне тікелей есепті, сондай-ақ Казревкомның директивалары мен нұсқауларына бағынышты болды. Ревкомдар Қызыл Армияның бөлімдерін құру, революция жауларына күрес, қатаң революциялық тәртіп пен революциялық заңдылықты орнату, азық—түлік саясатын жүргізу, аштық пен қирауға қарсы күрес, бұқараны Кеңестер жұмысына тарту сияқты толып жатқан жұмыстармен айналысты.


13 тақырып: Қазақстандағы Кеңестік мемлекет пен құқық 1946-1980 жылдарда
Соғыстан кейін-мемлекеттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі, ҚазКСР-нің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды.

50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау және бақылау және басшылық ету құқықтары артты. 1957 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясының (КОКП) "Еңбекшілер депутаттар кеңестерінің қызметін жақсарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы" қаулысы шықты. Қаулы кеңестердің рөлінің онан әрі артуына негіз қалады.

1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды.

50-жылдары одақтас республикалардың құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. Кеңес Одағында И.Сталиннің басшылығы тұсында мемлекеттік билік шамадан тыс орталықтандырылды. Осыны жою үшін КОКП ОК мен Кеңес үкіметі республикалардың шаруашылық, саяси, мәдени, әлеуметтік саладағы құқықтарын кеңейтті.

Тың игеру кезінде жүздеген ірі совхоздар құрылып олар одақтық органдардың басшылығында болды. 1956 жылы барлық совхоздар республикалық басшылыққа берілді. Оларды қаржыландыру да республикаға өтті.

ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, тағы басқа ауыл шаруашылығына қатысты құқықтары кеңейді.

Кәсіпорыңдар мен ведомстволар бойынша өндіріс көлемі мен қаржыны жоспарлау республика үкіметіне берілді. Республикалық бюджетке қаржы бөлу проценті ұлғайтылды. Республика бюджеті 1953-1960 ж.ж. жеті еседен артық ұлғайды. Жоғары оқу, орта арнаулы және жалпы білім беру мәселелері толықтай республика көлемінде шешілетін болды. 1954-1956 ж.ж. Одақтық басқарудағы 144 ірі кәсіпорындар мен транспорт мекемелері республика басшылығына өтті.

Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы "Одақтас республикалардың қарауына одақтас республикалардың сот құрылысы, азаматтық, қылмыстық және процессуалдық кодекстерін қабылдауды беру туралы" Заңы шықты. Бұл республикалардың егемендігін нығайтудағы үлкен қадам болды. Осының негізінде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы көптеген жаңа заңдар мен кодекстерді қабылдады.

Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан әр одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды.

Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаттарының саны 400-ден—450-ге дейін өсті. Оның тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге көтерілді. Жергілікті кеңестердің депутаттарының саны да артты.

1958 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.

60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты. Өнеркәсіпті басқарудың территориялық, әкімшілік әдісі айыпталды. КОКП ОК-нің қыркүйек пленумы (1965 ж.) өнеркәсілті басқару ісін салалық принцип бойынша ұйымдастыру және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды жақтады. Осыған орай 1965жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясы өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік басқарудың басқа кейбір органдарын қайта құру туралы заң қабылдады. Осыған орай Қазақстанда да өзгерістер болды. 1965 жылы 15 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту туралы, республикалық кейбір мемлекеттік басқару органдарын қайта құру туралы заңдар қабылдап, республика Конституциясына тиісті өзгерістер енгізді.

ҚазКСР Халық шаруашылығы кеңесі, экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылды. Бірқатар салалық одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл өзгерістер экономиканың дамуына, материалдық ынталандыруға, еңбекшілердің шығармашылығының артуына себеп болды.

1964 жылы 1 желтоқсанда Н.С.Хрущевтің күштеуімен құрылған Батыс Қазақстан және Тың өлкесі жойылды. Олардың құрамындағы облыстар республикалық органдарға тікелей бағынатын болды.

Жаңа облыстар құрылды. 1961 жылы Целиноград, 1970 жылы Торғай, 1973 жылы Жезказған және Маңғышлақ облыстары құрылды. Казақстандағы облыстар саны 1937 жылы 8 болса, 70-жылдары 19-ға жетті. Алматы қаласы облыстар мәртебесіндегі республикалық баскаруда болды.

1963 жылғы сайлауда Жоғарғы Кеңеске 473 депутат, жергілікті кеңестерге 98806 депутат сайланды. Коммунистік партия депутаттардың құрамын өз қалауы бойынша қатаң реттеп отырды. Жоғарғы Кеңес депутаттарының 66,2 %-і партия мүшелері, 33,4%-і әйелдер, 48.8%-і жұмысшылар мен шаруалар болды. Жергілікті депутаттар арасында партия мүшелері 45,4%, жұмысшылар мен шаруалар 55,5% болды.

Барлық дәрежедегі депутаттар тек партияның ерік-жігерін жүзеге асырушылар болды. Депутаттар арасында уақытша партия топтары құрылды.

1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің аткару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді.


14 Тақырып: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы және дамуы
Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақты реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны қабылдады.

Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын сақтайды. Декларацияда алғаш рет КазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.

ҚазКСР-нің территориясының өзгермейтіндігі бекітілді

Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі ҚазКСР егемендігінің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады деп көрсетілді. Республика халқы атынан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар.

Азаматтардың теңдігі атап өтілді.

Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне қатысуы үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер қатарына жатты.

Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылды.

Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болды және ең жоғары әкімшілік — атқарушы билік болып есептелді. Сот билігін Жоғарғы сот жүргізді.

ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас прокурорымен келісе отырып ұсынады және оны ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі бекітеді.

Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды.

Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді. Республика өз бюджетін дербес қалыптастырады.

Республикада ядролық қаруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиым салынды.

ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет қауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды.

ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.

Қазақстанның егемендік құқықтарын ҚазКСР-і мен Одақ жүзеге асырды. Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады.

Декларация Одақтық шарт жасау, ҚазКСР-нің жаңа Конституциясын, егемендік мәртебесін жүзеге асыратын заң актілерін жасауға негіз болып табылды.

Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларация қабылданған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгсртілді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау, 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2 тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды, бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең құқыққа ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын баска ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мен дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарына арналған 3-тарауда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі бекітілді. Қазақстан Республикасы халқы атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне берілді. Мұндай құқық егемендік Декларациясында тек Жоғарғы Кеңеске берілген еді. Енді Президенттің билігі өсіп, ол Республика халқы атынан сөйлеуге құқықты болып, Қазақстан Республикасының басшысы және атқарушы өкіметі болып табылды. Атқару билігі толығымен Президент қолына шоғырланды.

Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма кіргізіліп, ол Конституцияны сот арқылы қорғайтын Жоғарғы орган болып табылды.

Осы заң бойынша мемлекеттік өкімет органдарының құрылымына елеулі өзгерістер енді.



Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздеріне арналған 4-тарауда жер, су, әуе кеңістігі, табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциал Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып тек қана соның меншігінде болады деп көрсетілді. Меншіктің көп түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді.

Заңда тәуелсіздікті қорғау үшін Қазақстан Республикасының өз қарулы күштерін құратыны, өз территориясында әскерлер, қару-жарақ пен техника құру мәселелерін шешетіні айтылды. Қазақстан Республикасы территориясына қол сұғылмайды.

Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет