Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет14/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп

Полимерленуді жүргізу тәсілдері
Полимерленудің бірнеше тәсілдері белгілі:

  1. Газ фазасында полимерлену.

  2. Блокты полимерлену, немесе массада полимерлену.

  3. Ерітіндіде полимерлену.

  4. Эмульсиялық полимерлену.

  5. Қатты фазада полимерлену.

Газ фазасында полимерлену. Газ фазасында полимерлену деп мономерлер газтәріздес күйде болатын процестерді атайды. Полимердің түзілуі реакциялық ыдыстың қабырғасында басталады және бетінде немесе түзілген полимердің бөліктерінің көлемінде жүреді. Қолданылатын қысымға тәуелді инициаторлардың қатысында және қатысынсыз жүреді. Газ фазасында полимерлену, мысылы, натрий – бутадиенді каучук алу үшін қолданылады.
Блокты полимерлену. Блокты полимерленуді белгілі бір қысым мен температурада сұйық мономер массасында жүргізеді. Егер түзілген полимер мономерде ерісе, онда полимерлену шамасы бойынша біртіндеп ортаның тұтқырлығы өседі, нәтижесінде толық монолитті полимер блогы түзіледі. Егер полимер мономерде ерімесе, онда ұньтақ немесе кеуекті дене түріндегі полимер алынады.
Блокты тәсілмен полибутадиен, полистирол, полихлоропрен, полиметилметакрилат және басқа полимерлерді алуға болады. Бұл тәсілдің кемшілігі жүйедегі жылу алмасу болып табылады, ал полимерлену – күшті экзотермиялық процесс болғандықтан өнімнің едәуір жергілікті қызып кетуі туындайды, нәтижесінде молекулалық салмағы бойынша бірегей емес полимер алынады. Сонымен қатар, блокты полимерлену кезінде мономер полимерге толық айналмайды, ал мономердің болуы полимер қасиеттеріне зияндығын келтіреді.
Ерітіндіде полимерлену. Бұл тәсіл бойынша орта ретінде еріткіштерді (органикалық) қолданады; сонымен қатар, инициатор реттегішті полимерленуге енгізеді.
Бұл тәсілдің екі нұсқасы болуы мүмкін:
1.Еріткіште мономер де, түзілген полимеғр де ериді. Полимерленц кезінде полимер ерітіндісі – лак алынады, сондық тәсіл «лакты» деп аталады. Мұндай лак жабын үшін қолдануға болады немесе полимеғрді ерітіндіден тұндырып бөліп алады.
2.Мономер түзілген полимер ерімейтін сұйықтықта ериді. Полимер түзу шамасы бойынша тұнбаға түседі, кейін сұйықтықтан бөліп алынады.
Ерітіндіде полимерлену кезінде молекулалық массасы төмен полимер түзіледі, бірақ бұл тәсіл блокты полимерленумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие: қарқынды араластыру жылуалмасуды айтарлықтай жақсартады, сондықтан алынған полимер молекулалық салмағы бойынша анағұрлым бірыңғай, сонымен қатар монмерден едәуір жеңіл жуылады.
Эмульсиялық полимерлену. Эмульсияда полимерлену кезінде сұйық мономер эмульсия түзе отырып, онымен араласпайтын сұйықтықпен диспергирленеді. Әдетте диспергирлеуші орта ретінде су қолданылады. Эмульсиялар термодинамикалық тұрақсыз сондықтан да концентрленген эмульсиялар жағдайында жүйеге эмульгаторды енгізеді. Эмульгаторлар – бұл екі фазалар (су-мономер) бөліну бетінде адсорбцияланатын беттік активті заттар. Эмульгатордың қызметі мономер немесе полимер тамшыларының құйылуын (коалесценциясын) алдын алатын механикалық берік адсорбциялық қабаттардың түзілуі болып табылады. Сондықтан эмульгаторлар ретінде әдетте полярлы топтарды және салыстырмалы үлкен көмірсутекті радикалды құрайтын заттар қолданылады. Ондай заттарға сабын (жоғары органикалық қышқылдардың тұздары), органикалық сульфоқышқылдар және олардың тұздары т.с.с. жатады.
Эмульсиялық полимерлену кезінде алынған судағы полимер эмульсиясы синтетикалық латекс деп аталады. Латекстерді міндетті түрде қолданады немесе олардан коллоидты жүйелердің коагуляциясының қарапайым әдістерімен полимерді бөліп алады. Латекстер коагуляциясынан іс жүзінде әр түрлі электролиттерді өндіреді.
Қатты фазада полимерлену. Көптеген мономерлер тек қана сұйық фазада ғана емес, сондай-ақ балқу температурасынан төмен кристалды күйде де полимерленуге қабілетті. Мұндай полимерленуді қатты фазалық деп атайды. Жиі оны мономер кристалдарын рентген немесе γ-сәулелермен, жылдам электрондармен және жоғары энергияның басқа бөліктерімен сәулелендіре отырып инициирлейді. Мономердің кристалдық қоры олардың өзара қапталуына әсер етеді. Балқу температурасына жақындаған кезде сұйық фазада осы мономердің полимерлену жылдамдығы анағұрлым жоғары температураларда. Кристалдарда балқу температурасына жақын «лабилді дайындама» деп аталатын, яғни жеткілікті жылжымалылыққа ие, бірақ ретті өзара орынға ие мономерлік молекулалардың жиындарының тууына әкеледі деп болжанған. Соңғы екі қасиеттің үйлесуі дайындамаларда тізбектің жылдам өсуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет