2. Пластмассалық бұйымдар алуға арналған полимерлер.
Термопласттар. Термопластикалық полимерлер (термопласттар) қыздырғанда жұмсарады және суытқанда қатады. Қатты пласттар қыздырғанда жоғарыэластикалық және тұтқырлы ағымды күйге өтеді де олардан қалыптау арқылы әртүрлі бұйымдар жасайды. Бұйымдарды жасау кезінде термопласттардың технологиялық қасиеттерін ескеру қажет.
Полиэтилен (ПЭ) – этилен полимері: - СН2-СН2 – полиэтилен маркасы полимерлену жағдайына, сомономер құрамына көп байланысты. Төмен тығызды полиэтиленді (ТТПЭ) оттегі мен инициатор қатысуында радикалдық полимерленуді 200 – 3000С және 100 – 350 МПа қысымда өндіреді. ПЭ маркасы сегіз санмен белгіленеді. Алғашқы төрт сандар өндіру әдісіне, бесінші – тығыздық топына, қалған үш сан балқыманың ағымдық көрсеткішіне байланысты. Мысалы, марка ПЭ 15803-020 төмен тығыздықтағы ТТПЭ (930 кг/м3 дейін), балқыма ағымдық көрсеткіші 2 г/10 мин. 108-1100С, деструкция температурасы 3200С. Ароматы еріткіштерде 800С жоғарыда ериді, қышқылға, сілтіге шыдамды, күшті тотықтырғыштарда шыдамайды, жалпы техникалық полиэтилен суықта минус 700С дейін эластикалық қасиетін жоғалтпайды, тамақ өнімдерінде (майдан басқа) инертті.
Жоғары тығызды полиэтиленді (ЖТПЭ) катализатор Циглер – Натта қатысуында ионды – координациондық механизмде 800С және 0,3 – 0,5 МПа қысымда суспензияда немесе газ фазада өндіреді. ЖТПЭ молекулалық массасы М=50÷3500 мың, созуға мықтылығы 40 МПа жоғары, кристалдану дәрежесі 70 – 80%, балқу температурасы 120 – 1250С, қышқылда, сілтіде шыдамды ЖТПЭ-нен бұйымды (ыдыс, парақтар, құбырлар т.б.) қысымда құю арқылы жасайды. Орта қысымдағы полиэтиленді (ОҚПЭ) жоғары тығыздықтағы ерітіндіде полимеризацияны Со, Mo, V қатысуында 130-1700С және қысым 3,5 – 4 МПа кезінде өндіреді. М=70-400 мың, балқу температурасы 128 - 1320С. d-Олефиндер – пропилен, бутилен т.б. қатысуында сызықтық орта немесе төмен тығыздықтағы полиэтилен өндіруге болады.
Полипропилен (ПП) – пропилен полимері: – СН2 – СН(СН3)-. Изотактикалық ПП катализатор Циглер-Натта қатысуында ерітінді де полимеризациялау арқылы өндіреді. ПП маркасында бес сан болады. Алғашқы екі –алу әдісіне, кейінгі үш сан он еселік ағымдық көрсеткіші. Мысалы, ПП21090 ағымдық көрсеткіші 9г/10мин. ПП гранул түрінде шығарылады, молекулалық массасы М=60÷200 мың, кристалдану дәрежесі 73-75%, тығыздығы 900-910 кг/м3, балқу температурасы 164-1700С, деструкция температурасы tдестр>3000С. ПП –медицина, тамақ өнеркәсібінде, эектротехникада қолданады.
Полистирол (ПС) – стирол полимері:
Атактикалық ПС пероксидті немесе азоқосылыстардың инициатор ретінде қатысуында радикалдық полимеризация арқылы өндіреді. Молекулалық массасы М=500÷2000 мың, тығыздығы 1050-1080 кг/м3, шынылану температурасы 1000С, қалыпты жағдайда ПС –қатты материал. ПС ароматтық және хлорланған көмірсутектерде, күрделі эфирде, кетонда жақсы ериді, қышқылда, сілтіде шыдамды. ПС-ды жарық техникада, диэлектрик ретінде электротехникада, медицинада қолданады. Суда және радиацияға шыдамды. ПС-дың кемшілігі: сынғыш, мықты емес, жылуға, химиялық, УК-сәулеге шыдамдылығы төмен, жанады. Өндірісте көбіктенген ПС көп қолданылады (ρ < 20 кг/м3). Автомобил өндірісінде оптикалық мөлдір стиролдың акрилонитрилмен сополимері (80:20) – САН, стиролдың метилакрилатпен (40:60) –МС, стиролдың метилакрилат және акрилонитрилмен (40:52,5:7,5) – МСН көп қолданылады. Олар бензинге шыдамды, майыстыруға мықтылығы 130 МПа дейін. Ұруға шыдамды полистирол (УПС) – стиролдың бутадиенмен немесе бутадиен-стиролды каучукпен сополимері. УПС – гранул түрінде, стабилизирленген түрінде өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |