Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру



бет4/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
3. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық обектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп едені жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырқылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлері мен немесе басшымен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерін ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге соның қол қоюы міндетті емес.

Кассир кассалық операциялар есебін касса кітабында ( ФКО -1) жүргізеді, аталмыш кітап номерленген, жіп өткізілген және сургуч мөр соғылған болуы тиіс, ондағы парақтардың саны жетекшінің және бас бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассалық кітаптың әрбір парағы теңдей екі бөліктен тұрады және ол астына көшіргі қағаз қойып, екі дана етіп толтырады: екінші данасы кассалық кітапта қалады, ал бірінші данасы (кесіліп берілетін бөлігі) кассирдің есеп беруі болып қызмет етеді.

Кассалық кітаптағы жазулар әрбір операция жасалып болғаннан соң жүргізіледі. Кассалық кітапта құжаттың нөмірі, кімнен алынғандығы және ақшаның кімге берілгендігі, корреспонденциялық шот, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Кассир күн сайын, жұмыс күнінің соңында қалдықты шығарады. Кассалық кітап пен кассалық операциялардың жүргізілуіне жасау бас бухгалтерге жүктеледі.

Бухгалтерияға касса бойынша есептің жасалуы мен тапсырылуының мерзімділігін жетекші белгілейді. Кассалық операциялардың көлемі шағын болған жағдайда, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Кассадағы операциялар есебі машинограммада немесе №1 журнал-ордерде және №1 журнал-ордерге арналған ведомста жүргізіледі. №1 журнал-ордер 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты кредиті бойынша жүргізіледі. №1 журнал-ордер ведомосы 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты кредиті бойынша және әртүрлі шоттар дебеті бойынша жүргізіледі. №1 журнал-ордер ведомосы 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты дебеті бойынша жүргізіледі. Есептік көрсеткіштегі жазулар кассирдің есеп беруінен алынады. Есеп жазулар кезінде бірдей корреспонденциялық шоттардағы сомалар біріктіріледі. Ай соңында есептік көрсеткіштерде келесі есепті айдың бірінші күніне қалдық шығарылады, ол қалдық кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты бойынша Бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттардың шегінде шот иесінің, яғни субъектінің ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар біріңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамның қолы болуы керек. Онсыз құжат орндылуға қабылданбайды. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030- Есеп айырысу шотындағы ақшалар – деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210, 1010, 3310 және тағыда басқа шоттардың кредитімен , ал кредиті бойынша 3350, 1010, 3350, 3370, 190 тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.

1030- Есеп айырысу шотындағы ақшалар – деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 - журнал ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет