Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны



бет40/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:



  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

  • Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

  • Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

а) материалдық емес активтің анықтамасын ;

және

б) тану критерийлерін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.



Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты тану критерийлерін қолдану мәселелері қарастырылады, ал мұндай критерийлерді кәсіпорындарды біріктірудің нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты қолдану туралы айтылады. Мемлекеттік жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері, материалдық емес активтерді айырбастау мәселелері, ал ішкі қалыптастырылған іскерлік беделді есепке алу мәселелері қарастырылады. Ішкі өндірілген материалдық емес активтерді алғашқы тану және бағалау мәселелеріне арналған.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет