Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін



бет58/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

2. Мәмілені бірегейлендіру.

18 Стандартта ұсынылған тану критерийлері әдетте әр мәміледе бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайда оның мзмұнын көрсету үшін мәміленің бөлек бөлінген элементтеріне қолданылу керек. Мысалы, тауардың сату бағасы әрі қарайғы қызмет көрсетуі үшін белгілі бір сомаға ие болған жағдайда, бұл сома қызмет көрсетілу кезеңінің ішінде табыс ретінде тасымалданады және танылады. Және керісінше, тану критерийлері олардың байланысы коммерциялық тиімділігі жалпы мәміле топтамасына  сілтемесінсіз анықталуы мүмкін болған жағдайда екі немесе одан да көп мәмілелерге бірдей қолданыла алады. Мысалы, компания тауарды сатып, осы уақытта болашақта тауарларды сатып алуға бөлек мәміле жасай алады, осылай бірінші мәміленің нәтижесін төмендетеді; осындай жағдайда екі мәміле бірге қаралады.

Тауарларды сату

Тауарларды сатудан түскен табыс мынадай аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс:

а) компания сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда;

б) компанияның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда;

с) табыс сомасы сенімді өлшенгенде;

д) компанияға мәмілемен байланысты экономкалық тиімділіктің пайда болуы ықтимал болып табылғанда; және

е) мәмілемен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындар сенімді өлшенуі мүмкін болғанда.

Компанияның сатып алушыға иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда беру кезін бағалауы мәміленің шарттарымен танысуын талап етеді. Көпшілік жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келеді. Бұл көпшілік бөлшектеп сатуда болады. Иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударудың басқа жағдайларында бір уақытта меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келмейді.

Егер компания иеленудің елеулі тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылмайды және ол бойынша табыс танылмайды. Компания бірқатар жағдайда иеленудің елеулі тәуекелін сақтай алады. Компанияның иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды сақтап қалу жағдайларына мысалдар:

а) стандартты кепілдеме міндеттерімен өтелмейтін қанағаттандырылмаған қызмет үшін жауапкершілікті сақтап қалғанда;

б) нақты сатудан алынған табыстар тауарларын сату нәтижесінде сатып алушымен алған табысыпен байланысты болғанда;

с) жіберілген тауарлардың қондырылуы міндетті болғанда, ал қондыру компаниямен орындалмаған шарттың айтарлықтай бөлігін алып отыр; және

д) сатып алушы сату шартында анықталған себептермен және компанияның пайда алуына сенімі болмаған жағдайда сату мәмілесін бұзуына құқығы бар.

Егер компания иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша табыс танылады. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне меншіктік заң құқығын қалдыруы мүмкін. Осындай жағдайда егер компания иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерін және сыйақыларын аударса, мәміле сату болып табылады және табыс танылады. Иеленудің елеусіз тәуекелін сақтайтын компанияның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек сауда дүкені бола алады. Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені өзіне алса, мұндай жағдайларда табыс сату кезінде танылады.

Компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы ұсыныс алмағанға дейін немесе бар белгісіздік жойылмағанға дейін ол ықтимал бола алмайды. Мұндай белгісіздік, мысалы, осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылған сату бойынша тиісті қарама-қарсы ұсыныстарды жіберуге шетел мемлекеттерінің органдары рұқсат беруіне қатысты болуы мүмкін. Рұқсат берілгеннен кейін белгісіздік жойылады және табыс тиісінше танылады. Алайда табысқа қосылып кеткен соманы инкассациялау туралы белгісіздік пайда болған кезде соңына дейін алынбаған сома, немесе алынуы ықтимал болған сома басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.

Сол мәмілеге немесе басқа жағдайға қатысты табыс және шығыстар бір мезгілде танылады; бұл процесс әдетте табыс және шығыстың сәйкестігі деп аталады. Егер табыстың танылуы үшін керекті басқа талаптар орындалса, шығыстар, соның ішінде кепілдік міндеттемелері және тауарларды тиеп жөнелтуден кейін пайда болған басқа шығындар сенімді бағалануы мүмкін. Алайда шығындардың сенімді бағалабаған жағдайда табыс таныла алмайды, мұндай жағдайда тауарды сатқаннан кейін алынған кез келген қарама-қарсы ұсыну міндеттеме ретінде танылады.

Қызметтерді көрсету

Қызмет көрсету болжанатын мәміленің нәтижесі сенімді бағалана алған жағдайда, осы мәмілемен байланысты табыс есеп беру күніне мәміленің аяқталу сатысына қатысты танылуы тиіс. Мынадай талаптар орындалса, мәміленің нәтижесі сенімді бағалануы мүмкін:

а) табыс сомасы сенімді өлшенсе;

б) компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болып табылса;

с) есепті күнгі жағдайы бойынша мәміленің аяқталу сатысын сенімді өлшеу мүмкіндігі болса; және

д) мәмілені жүзеге асыру үшін кетірілген шығынды және оны аяқтау үшін қажетті шығынды сенімді өлшеу мүмкіндігі болса .

Мәміленің аяқтау кезеңі бойынша табыс тану көбінесе «дайын болуына қарай» әдісі деп атайды. Осы әдіске сәйкес табыс қызмет көрсету кезінде танылады. Осы негіздегі табысты тану қызмет көрсету бойынша қызмет масштабы туралы және есеп кезеңі ішіндегі қызмет нәтижелері туралы маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. 11-«Құрылыс салуға жасалған шарттар» ХҚЕС-та табыстың тануын осы негізде қажет етеді. Аталған Стандарттың талаптары жалпы табысты және қызмет көрсетуді болжап отырған мәміле бойынша тиісті шығыстарды тану үшін қолдануға болады.

Сәйкес келетін ағымның компанияға мәмілемен байланысты экономикалық пайданың шығуы ықтимал болған кезде ғана табыс танылады. Алайда, табысқа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.

Компания мәмілеге қатысқан басқа жақтармен мынадай:

а) ұсынылуы және тараптардың алуы тиіс қызметке қатысты әрбір жақтың пікір айту құқығын;

б) болжанып отырған қарама-қарсы ұсынуды; және

с) өзара есеп айырысу тәртібін және талаптарын келістіргеннен кейін әдетте сенімді бағалауды жүзеге асыра алады.

Компанияда әдетт қаржылық жоспарлау мен есептіліктің тиімді ішкі жүйесі болуға тиіс. Мәміленің орындалуына қарай шарт бойынша табыс пен шығындарды бағалауды тексереді және қажеттілігіне қарай қайта қарайды. Мұндай қайта қараулардың қажеттілігі шарттың нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтынын білдірмейді.

Мәміленің аяқталу сатысы әр түрлі тәсілдермен анықталуы мүмкін. Компания орындалған жұмыстың сенімді өлшенуін қамтамасыз ететінін пайдаланады. Шарттың сипатына байланысты бұл әдістер мынадай:

а) орындалған жұмысты бақылауды;

б) қызметтердің жалпы көлеміне пайызбен есеп беру күніне ұсынылған қызметтер, не

с) есеп жасау күнгі келтірілген шарт бойынша шығынның мәміле бойынша жалпы шығынның бағалау шамасына  теңбе-тең арақатынасы. Есеп дайындау күнінде келтірілген шығындарға тек осы күні көрсетілген қызметті көрсететін шығындар жатады. Шарт бойынша бағалау жиынтық шығындарға тек көрсетілген немесе көрсетілуі тиісті қызметтерді көрсететін шығындар кіреді.

Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер және аванстар көрсетілген қызметтерді көрсетпейді.

Тәжірибелік мақсат үшін, белгілі бір кезең аралығында қызметтер саны белгісіз мөлшерде көрсетілсе, егер қандай да болмасын басқа бір әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсеткені туралы дәлелдеме болмаса, белгілі бір кезең ішінде табыс түзу сызықты әдіс негізінде танылады. Белгілі бір  әрекет басқаға қарағанда маңызды болып саналса, табысты тану осы әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.

Қызмет көрсетуді шамалайтын операция нәтижесі сенімді бағаланбаған кезде табыс тек өтелген шығыстардың тану шамасына ғана танылуы тиіс.

Мәмілені орындаудың бастапқы кездерінде оның нәтижесін сенімді бағалау көп ретте қиын болады. Соған қарамастан мәмілені жүзеге асыру барысында жұмсалған шығындар компаниямен өтелу ықтималдығы болуы мүмкін. Сондықтан шарт бойынша жұмсалған шығындардың күтілетін орнын толтыру қаншалықты деңгейде болса, табыс соншалықты танылады. Мәміле нәтижесін сенімді бағалау мүмкін болмағандықтан, пайда танылмайды.

Мәміле нәтижесі сенімді бағалана алмаса және жұмсалған шығындардың өтелуі ықтимал болған жағдайда, табыс танылмайды, ал жұмсалған шығындар шығыс ретінде танылады. Шарт нәтижесін сенімді бағалауға кедергі болған белгісіздік жойылған кезде табыс 26-параграфқа сәйкес емес, 20-параграфқа сәйкес танылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет