Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қорларды тану (2 ХҚЕС). Қорларды тану критерийлері



бет20/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

1. Қорларды тану (2 ХҚЕС). Қорларды тану критерийлері.

Осы 2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.

Тауарлы-материалдық қорлар субъектiнiң айналымдық қорының негiзгi бөлiгi болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қорлардың айналымдылығын жоғарылату маңызды және нақты көрсеткiш болып отыр. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі ХҚЕС 2 «Қорлар» стандартымен реттеледі. Осы стандарт қорларды есепке алуда тарихи құн әдісіне негізделген тұжырымдаманы анықтайды. 2-ші «Қорлар» ХҚЕС сәйкес қорлар бұл:

а) қалыпты қызмет барысында сатуға;

ә) өндірістік процесте қолдануға арналған шикізат пен материалдар түріндегі активтер.

Қорларға келесілер жатады:



          1. шикізат пен материалдар;

          2. дайын өнім;

          3. тауарлар; (таурларға қайта сату үшін сатып алынған тауарлар, және қайта сату үшін алынған жер, жабдықтар және т.б. жатады);

          4. аяқталмаған өндіріс;

          5. өзге қорлар.

Материалды қорлардың есебiн жеңiлдету үшiн көптеген кәсiпорындарда материалдарды бiртектi белгiлерi бойынша жинақтаушы номенклатуралар қолданылады. Онда материалдардың жүйеленген тiзiмi көрсетiледi, көбiнесе материалдардың номенклатуралық номерi, атауы, сорты, көлемi, өлшем бiрлiгi және өзге белгiлерi көрсетiледi. Егер онда материал бағасы көрсетiлсе, ол бағалық номенклатура деп аталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет