Жер құқығының негіздері
Жер құқығы – жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының жер заңдары мына принциптерге негізделеді:
- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
- жерді (табиғи ресурс), Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
- жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- жерді нысанды пайдалану;
- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;
- жерді ақы төлеп пайдалану және т. б.
Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді.
Қазақстанда жер мемлекеттік және жеке меншікте болады. Осы кездегі пайдаланып жүрген нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына мынадай мөлшерде тегін беріледі:
- ауылдық жерде өзіндік немесе қосалқы үй шаруашылығын жүргізу үшін - суарылмайтын жердегі 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;
бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін -0,12 гектар.
Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Экология құқығының маңызы.
2.Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы.
3.Жерге меншік құқығы.
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004
3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001
4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001
5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004
7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997
Достарыңызбен бөлісу: |