Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Лекция 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет20/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Лекция 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
5.1. Әкімшілік құқықтық қатынастар
5.2. Атқарушы биліктін органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі


Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған.
Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық-өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.
Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.
Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды.
Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, басқару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.
Нақтылы қоғамдық қатынас басқарушылық болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ықпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік басқарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бұл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.
Мемлекетгің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаруашылық және қаржылық қызмет атқарады және өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.
Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші қызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқықтық реттеуге жатады.
Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі қоғамдық қатынастарды басқарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:
а) мемлекеттің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен салалық министрліктердің, олардың аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, заң жүзінде тең құқылы Қазақстан Республикасының екі министрлігінің, тең құқылы жергілікті атқару органдарының және басқалардың арасындағы қатынастар;
в) мемлекеттік басқару органдарының және оларға бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазақстан темір жолымен оның бағынысындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;
г) мемлекеттік басқару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердін және басқалардың арасындағы қатынастар;
д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктердің арасындағы қатынастар;
е) мемлекеттік басқару органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы қатынастар; Мысалы, қала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.
Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін басқадай қоғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның қатысуынсыз басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы қатынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне қатысты биліктік өкілеттік берілмеген.
Заңды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық қатынастар да өздерінің мәні бойынша басқарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа қатынастар жатады.
Басқару органы да, мемлекеттік (мемлекеттік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйым да, сондай-ақ азамат та басқару қатынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет