1.6. Жоспарлау процесінің сатылары 1- саты: Мақсаттардың анықталуы
2-саты: Мақсатқа жеткізетін жорамалдардың анықталуы
Жоспарлау кезінде келешекте ұшырасуы мүмкін оқиға-құбылыстар және кәсіпорын саясаты жайында кейбір жорамалдар нақтылануы тиіс. Бұл жорамалдар келешекпен байланысты болжамдар болып табылады.
3-саты: Баламалардың анықталуы
Жоспарлаудың үшінші сатысы баламалардың анықталуы. Мұнда әсіресе, тасада қалған алтернативтердің назарға алынуы маңызды болып табылады. Кейде бұлар да өте маңызды шешімдерді бере алады. Таңдамалардың анықталуында ең қолайлы шешімді беретін таңдау саны белгіленіп, осы мөлшер бойынша таңдау зерттеліп анықталуы тиіс.
4-саты: Баламалардың салыстырылуы
Кәсіпорын мақсатына бағытталған барлық баламалар танылып анықталғаннан кейін, бұларды мақсатқа сай бір-бірімен салыстыру керек.
5-саты: Баламалардың арасынан ең лайықтысының таңдалуы
Бұл сатыда жоспарлаушы, анықталған және салыстырылған баламалардың арасынан кәсіпорын үшін маңызды әрі қолайлы болып табылатын баламаны таңдайды. Таңдалынып алынған балама кейде бірнеше болуы да мүмкін .
6-саты: Төменгі жоспарлардың жасалуы
Белгілі бір шешім қабылданып ең қолайлы әрі лайықты баламаның әрекет ету тәсілі белгіленгеннен кейін атқарылатын жұмыс – негізгі жоспарға жәрдемші ретінде таңдалынып алынған баламаның қолданылуы үшін көптеген төменгі жоспарлардың жасалынуы болып табылады. Негізгі жоспарды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның барлық бөлімдерінің басқарушылары да төменгі жоспарларды жасайды.
7-саты: Жоспарларды жүзеге асыру және оның жалғасымын қамтамасыз ету
Жоспарлар әзірленгеннен кейін атқарылуы тиіс ең маңызды жұмыс, жоспардың жүзеге асуын және жалғасын қамтамасыз ету. Өйткені көбінесе әзірленген жоспарлар жүзеге аспай тұрып аяқтаусыз қалады немесе қолданысқа түскеннен кейін белгілі бір уақытан кейін жарамсыз болып қалады. Мұндай жағдайда жұмсалған барлық шығындар және атқарылған қызметтер босқа кететіні секілді кәсіпорынның өз мақсатына жету мүмкіншілігі де құрдымға кетеді.