Кімде кім бақылауды талапқа сай жүргізгісі келсе алдымен өзін-өзі бақылауы тиіс. Ғылым адамдары В. Зигерт пен Л. Ланг наразылық туғызатын 7-түрлі қатені былай деп көрсетеді:
Бақылау қақтығыспен шектелмеуі керек;
Бақылауда тиімділікке жету үшін стратегиялық сипаты, яғни ұйымдастырудың жалпы басымдылығы болуы тиіс.
Бақылаудың түпкі мақсаты — нәтижелік. Мәліметті жинау және оның нәтижесі туралы жариялау осы мақсатқа жетудің құралы. Бақылауды сол уақытта ғана тиімді деуге болады, егер ұйым ойлаған мақсатына жетіп, алдына жаңа мақсатты коя білсе.
Тиімділікке жету үшін бақылау, бақыланатын іске сәйкес болуы тиіс. Ол ақиқат өлшемін айқындауы, әрі ең маңыздысын бағалауы қажет.
Бақылауды тиімділігі оны дер кезінде жүргізуге байланысты. Алайда бақылаудың жиілігінде немесе жеделдігінде емес оның нәтижелігінде.