Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Техникалық жүйе қозғалмалы, сыртқы ортаға тез бейімделетіндей болуы тиіс



бет41/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Техникалық жүйе қозғалмалы, сыртқы ортаға тез бейімделетіндей болуы тиіс. Ғылыми-техникалық прогресс дәл осы жүйеге едәуір ықпал ете алды. Қозғалмалылық-жабдықтардың қажалып тозып, сол себепті жаңасымен ауыстырылуы, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс барысында ескерілуі бойынша анықталады.
Кәсіпорында технологиялық жүйе айрықша орын алады. Технологиялық жүйе өндіріс процесін сатыларға және процестерге бөлуге негізделген. Технологиялық жүйенің элементтеріне еңбек құралдары, жекелеген операциялар мен процестер жатады.
«Технология» - бұл жалпы білім жиынтығын білдіретін біртұтас термин. Бұған өнер табысы да, тәсілдер де, аэродинамикадан бастап зоологияға дейінгі ғаламат білім қазынасы да енеді.
Технологиялық жүйе дегеніміз - өндіріс процесінде операциялардың бірізділігін айқындайтын ережелер, нормалар жиынтығы. Технологиялық жүйелердің мәні жасалатывн өнімдерді тиісті сапалық қасиеттерінің қамтамасыз етілуіне қарай анықталады. Технологиялық жүйе әсер етуге икемді, әрі төзімді. Ол өндіріске енгізілген техникалық прогреске тез икемделеді, жабдықтарды, еңбек құралдарын, адамдар ақпаратын тұтастай және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, неғұрлым прогрессивті амалдар мен тәсілдердің көмегімен өндіріс процестерін жүзеге асыруға жағдай жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет