Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар



бет46/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   292
Байланысты:
менеджмент

2.Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар
Ғылыми басқару (1856-1920)
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) eciмiмeн байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған,
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастайды. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын ic ретінде қарастырмай, оған терең ден койып, зерттей бастаған туңғыш адам болды.
1856 жылы филадельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өcтi, Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханға қарапайым жұмысшы болып орналасты.
Төрт жылдың ішінде ол модельші және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филйдельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс icтeп, түнге қарай инженер-механик мамандығы оқып үйренді. Тейлор «Миндвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған Мұны Тейлор ұдаиы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған әpi жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез-келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор ғылыми менеджменттің атасы «тандаулы жол іздестіруге» құлшына кipicтi
Ф.Тейлордын ғылыми менеджменті ұдайы бақылау эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Миндоейлде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молаитуға жұмсауы тиіс. Ф.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамаға келді: «дәСтүрЛі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылыктың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өніМділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет