Лекция мақсаты: Әкімшіл-өкімдік әдістері
Лекция мәтіні:
1. Әкімшіл-өкімдік әдістердің басқару әдістері жүйесіндегі орны, олардың басқа басқарушылық әсер ету тәсілдерімен түбегейлі өзара байланысы
Ұйымдық әкімшілік әдістер билікке, тәртіпке және ескертулерге негізделеді.
Басқарудың ұйымдық әкімшілік әдістері дегеніміз - өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады.
Ықпал ету әдістері айқындылықты, тәртіптілікті, реттілікті, шешімдерді орындауды, қызметкерлермен жұмыс жасауды жүзеге асырады.
2. Басқару әсері, оның мақсаттары және басқару жүйелерінің әртүрлі деңгейіндегі жүзеге асырылу формалары (түрлері)
Ұйымдық әкімшілік ықпал 3 бағытта жүреді:
а) Басқарылатын жүйе элементтері (технология, өндіріс, еңбекті ұйымдастыру, ресурстар, құрал-жабдық, қызметкерлер т.б.) арасында байланыстар мен ара-қатынастарды реттеу үшін
ә) Байланыстар мен қатынастарды бөлу
б) Басқаратын және басқарылатын жүйелер арасында өзара іс-қимыл жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |